Іс – шаралар
27032024

«Жанарсызда өмірім жалғасады»

21 наурыз Дүниежүзілік поэзия күніне

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Жанарсызда өмірім жалғасады» атты тағдырласымыз ақын, сазгер Айнұр Смандиярдың поэзиялық кеші болып өтті. Кеш барысында А. Смандиярдың оқырмандарымыз өлеңдерін оқып, ақынның сөзіне жазылған әндерін орындады. Дүниежүзілік поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. Поэзия – қасиетті ұғым. Поэзия – сезім патшалығы. Сол патшалықтың қақпасынан ақындар ғана еркін кіріп, оның гүлденіп, дамуына барын салады. Ақтөбе қаласынан да тағдырластарымыз жас ақын Мұқамедқазиев Аманжол «Асыл жарым» өлеңін жолдады. Орал қаласынан жас ақын тағдырласымыз Шымкент қаласының арнайы кітапхана оқырмандарын Поэзия күнімен құттықтап «Мұңданбаймын» атты өлең жолдарын жолдады.  Кеш қонағы жас ақын А. Смандиярдың өнеріне тәнті болған кітапхана оқырмандары ақ баталарын беріп, ҚСҚ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Пірімжанов Марат Аханұлы алғыс хатпен марапаттап, кеш қонағына сый-сияпатын берді. Кеш соңында Айнұр Смандияр жастайынан шығармашылығының дамуына қолдау көрсеткен Арнайы кітапхана ұжымына өз алғысын шексіз ризашылығын білдіріп, шығармашылық жолында әрдайым қолдау көрсеткен Абжаппарова Ләззәт Ақылбайқызына өз атынан алғыс хатын ұсынып, шын жүректен сый-сияпатын берді. Кешке қатысқан барлық жан керемет көңіл күйге бөленіп, көңілді тарасты.

 
04032024

Гүлді көктем басталады наурыздан!

«Тағдырластар» клубының наурыз айындағы кездесуі

Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Гүлді көктем басталады наурыздан» атты мерекелік кеш болып өтті. Мерекелік кеш 8 наурыз Халықаралық аналар, қыз-келіншектер күніне және 22 наурыз ұлыстың ұлы күні әз наурыз мерекесіне арналды. Кекште клуб мүшелерінен құралған талантты жігіттер нәзік жандарды мерекемен құттықтап, әсем ән мен ақ тілегін тарту етті. Кешті жүргізген клуб жетекшісі Ербек Бакиев барша қыз келіншектерді айтулы мерекемен құттықтап, мерекелік ойындар ұйымдастырып, түрлі сұрақтар жолдады.  Белсенділік танытқан жастар бағалы сыйлықтырмен марапатталып, түрлі номинацияларға ие болды. Кеш барысында Сабит Катишев және Қазақ зағиптар қоғамы ҚБ-нің Шымкент қалалық филиал төрағасы Марат Пірімжанов сөз сөйлеп жалынды жастарға ақ тілек арнады. Кимешектегі аналар ақ мол болсын деген ниетпен жиналған қауымға наурыз көже мен дәмді тоқаштар ұсынылды. Наурыз айында туылған оқырмандарға сый құрмет көрсетілді. Соның ішінде ұзақ жылдар бойы кітапхана оқырманы болған Уйсимбаева Перизат Қуанышбайқызын бүгін 5-ші наурызда туған күнімен мерейлі 50 жас мерекесімен құттықтап, арнайы алғысқа бөледі. Кешке қатысқан барлық жан керемет көңіл күйге бөленіп, сый-сиапатқа ие болып кеш соңында естелік суретке түсіп көңілді тарасты.

 
28022024

В Шымкентской городской специальной библиотеке состоялся вечер, посвященный 65-летию писателя, историка, представителя Союза писателей Казахстана Шымкент, автора книг Момбека Абдиакимулы. Директор библиотеки Нурманбетова Бакир Абдиулы открыл вечер поздравительной речью и выразил наилучшие пожелания Момбеку Абдиакимулы.

Ведущий вечера Ербек Бакиев провел интервью с М.Абдиакимулы и представил специально подготовленную книжную выставку книг автора. Кроме того, вниманию читателей был представлен специальный видеоматериал, посвященный деятельности и творчеству писателя.

Учащиеся 12 класса школы-интерната «Умит» Шымкента Султан Маннатов, Жасузак Перизат и Жансая Нурберген приняли участие во встрече , прочитали стихи.

 
14022024

«Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы..»

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы, тарихи оқиғалардың бірі. Ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 35 жыл толмақ. Осыған орай арнайы кітапханада Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.

Кештің мақсаты Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Кеш Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан «Шымкент қалалық Ауған соғысы мүгедектері қоры» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары «За отвагу» медалінің иегері, Досжанов Жеңіс Қоштаевич, «За боевые заслуги» медалінің иегері, Ауғанстанға алғашқы кірген жауынгерлердің бірі Лесбек Пазылұлы қатысты.

Кеш шымылдығын жастар мен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісін көрсетіп жүрген Жеңіс Қоштаевич ашып, Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Оқырмандар жауынгер әңгімесі мен дембель альбомынан алынған фотосуреттері көрсетілген бейнероликпен және деректі очерктермен танысты.

Ауған жолдарымен өткен жерлес жас сарбаздардың ерліктері туралы баяндайтын ««Ауған соғысы — тарих қойнауының бір парағы»» атты кітап көрмесі де кітапханаға келушілерге ерекше әсер етті.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарының орындауларында бейбітшілік, достық туралы  патриоттық әндер шырқалды.

Ауған соғысы - боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға Ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге  тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз!

 
290124

«Асқақ рухты ақын қыз – Фариза!»

Фариза Оңғарсынованың құрметіне арналған поэзиялық кеш
Арнайы кітапханада қазақтың белгілі ақыны, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған “Асқақ рухты ақын қыз – Фариза!” атты поэзиялық кеші өтті.
Іс-шара көру қабілеті нашар балаларға арналған “Үміт” мектеп-интернаты мен химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, “Қоғамға қызмет” әлеуметтік жобасының және “Асар”еріктілер клубының қатысушыларының ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.
Поэзия кешін өткізудің мақсаты: Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен және өмір жолымен таныстыру ғана емес, сонымен қатар олардың дарындарын дамытуға, ана тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігіне, аға буын мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге шабыттандыру болды.
Іс-шара барысында Фариза Оңғарсынованың оқушылардың орындауындағы өлеңдері мен әндері, сондай-ақ өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетілді.
”Асқақ рухты ақын қыз” поэзиялық кеші көрнекті ақынға құрмет көрсетіп қана қоймай, түрлі білім беру және әлеуметтік мекемелер, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі болды.
Арнайы кітапхана “Қоғамға қызмет” әлеуметтік жобасының және “Асар” еріктілер клубының қатысушыларымен бірлесіп адамдарға қазақ халқының мәдени және рухани құндылықтарын тарату бойынша өз қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 3 из 32