Іс – шаралар
2.07.2025

ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ МАРХАБАТ

 

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Теңіздей терең Мархабат» тақырыбында жазушы Мархабат Байғұттың туылғанына 80 жыл толуына орай іс-шара өтілді. «Ғибрат» мәдени демалыс клубының оқырмандарына жазушы өмірбаянынан бастап шығармаларына шолу жасалды.

Көрнекті қаламгер, жазушы-журналист, проза шебері Мархабат Байғұттың публистикалық шығармалары мен сұхбаттарынан, эсселерінен және бірқатар көркем туындыларынан жинақталған қысқаша үзінді қайырымдар, өнегелі де өзекті, маңызды да мағаналы мақамдары жинағы оқырмандарға насихатталды

 
31082025

ЖАРҚЫРАУ ФОРМАСЫ

Мотивациялық кеш

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Ашық микрофон» жобасы өтті. Ашық микрофон жобасы өмірге, өнерге құштар жандардың ел алдына шығып емін еркін өнер көрсетуіне ықпал жасайтын жоба болатын.

Бүгінгі кешіміздің қонағы ерік жігері мықты өмірдің не бір кедергілеріне төзе білген бойындағы батыл қасиеттерін оята білген ерекше жан, ерекше талант иесі Ешмахан Әсеммен керемет мотивациялық кеш өтті.

Кешке Әсемнің әжесі, анасы, және ұстаздары келіп қолдау көрсетті. Ешмахан Әсемнің өзі шығарған өлеңдерді оқып, жырдан шашу шашылды.

Әсем баршамызға үлгі болды. Кеш соңында «СӘТ» тобы ән шырқап, естелікке суретке түстік.

 

 
19.06.2025

«Шырайлы, шежірелі құтты мекен»

(19 маусым – Шымкент қаласы күні)

19 маусым Шымкент қаласы күніне орай “ Шырайлы, шежірелі құтты мекен» атты мерекелік шара болып өтті. Шымкент қаласының күні – Оңтүстік өңірдің мәдени, тарихи және экономикалық дамуын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – шырайлы Шымқала тұрғындары үшін рухани бірлік пен мақтаныштың символы. Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис, өзіндік болмысымен, көне тарихымен және заманауи келбетімен ерекшеленеді. Қала күні аясында ұлттық дәстүрлер мен заманауи өнерді ұштастырған кітапханамызда мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді. Бұл мереке оқырмандарымызға  қаланың өткені мен бүгінін бағамдауға, болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

 
13.06.2025

"Ұлы Жібек жолы : Тарихи байланыстар мен мәдени алмасулар»

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар бөлімі "Ұлы Жібек жолы: Тарихи байланыстар мен мәдени  алмасулар" тақырыбы  аясында балалармен танымдық кеш өткізді. Шараға қаламыздағы №43 Жалпы білім беретін орта мектебінің, жазғы  лагердегі оқушылары қатысты. Ұлы Жібек жолының пайда болуы, тарихы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі, пайдасы, маңызы туралы кеңінен баяндалып, талқыланып, мәлімет берілді. Видео көрсетілді. Балалар қызыға тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, белсене атсалысты. Кітапханамыздың  барлық залдарын аралап, танысып, естелікке суретке түсіп, кішкентай оқырмандар көңілді тарады.

 
11.06.2025

«Өмір өзен» оқырмандармен еркін форматта

Шымкент қалалық көзі көрмейтін  және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана «Аудио» залында «Ғибрат» мәдени демалыс клубының бас қосуы болды. Кездесу еркін форматта өтті. Сыр алмасу мақсатында оқырмандардың сұранысы бойынша «Өмір өзен» атты тақырып қойылып, барлық өткен күндерге сапар шегіп, жастықтың жалынын, есейген шақтың ел ағасы болған тұстағы өткен күндердің бейнесінен сыр шертті. Еркін тақырыпта өткен осынау бір ғажайып сәтте оқырмандар алдымен бүгінгі әңгімеге, бүгінгі бас қосуға, тақырыпқа тұздық болсын деп өмір-өзен деп айтылатын бір адамның өмірін тұтастыратын сәттерге сұрақ, жауап алмасып естен кетпейтін, ескірмеген қызықты кезеңдерін еске алысты.

Ғибрат мәдени демалыс клуб мүшелері, оқырмандар және келген қонақтар әуезді ән тыңдап ерекше әсерге бөленді. Оқырмандар ыстық ықыластары мен тілектерін білдіріп, рахмет айтып тарасты.

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 4 из 40