Іс – шаралар
|
«Махаббатпен тербетілер тәтті өмір»
(15 сәуір ғашықтар күні)
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 15 сәуір ғашықтар күніне арналған «Махаббатпен тербетілер тәтті өмір» атты «Тағдырластар» клубының сәуірдегі думанды кеші өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді. Кешке жиналған оқырмандар «Қос аққу» және «Егіз жүрек» деген атпен екі топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салды. Ғашықтар тақырыбына арналған кеште махаббат тақырыбында жазылған кітаптардан арнайы көрме дайындалып, көрерменге ұсынылды. Аталмыш тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойылып, жүйрік оқырманнан ұтқыр жауаптар алынып, кейіпкерлерге кеңінен тоқталды. Мұхтар Шаханов, Әзілхан Нұршайықов, Абай шығармаларынан және Шәкәрім Құдайбердіұлының, Еңлік Кебек, Қалқаман Мамыр туындыларына тереңірек ой өрбітіп, оқырман қауымды кітаппен байланыстыратын викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Айтулы кеште жастар ән шырқап, жыр оқып қана қоймай түрлі ойындарға да белсенді атсалысып, жеңімпаздар сый-сиапатқа ие болды. Сезімі үндескен қос оқырман І топ көз мүгедектері ынтымағымен көңілі жарасып, отбасын құрып, тағдыры табысқан жанұя Айбек пен Айнұр өз замандастарына баянды бақыт тілеп, қиындыққа мойымай зор қайратпен отбасын құруға шақырды. Кеш барысында сәуір айында туған бір топ клуб мүшелерін туған күндерімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кеш соңында жастар суретке түсіп, ерекше көңіл күймен топтасып, кинопаркке жаңа фильмді тамашалауға жол тартты.
             
|
Іс – шаралар
|
«КӨНЕГЕ ЗЕР САЛСАҚ - ӨНЕГЕ КӨП» Мәдени-танымдық инклюзивті іс-шарасы Арнайы кітапханада «Ғибрат» мәдени-демалыс клубының кезекті іс-шарасында қазақтың ұмытылып бара жатқан ырым-тиымдары мен салт-дәстүрін және соның ішінде: тақия, кимешек, сәукеле, қамшымен қазақтың қара домбырасын дәріптедік. Іс-шара қазақтың ұлттық киімдерімен тактильді танысудан басталып, одан соң ұлттық музыкалық аспаптармен сипап-сезу арқылы танысу және аспаптың шығу тарихын баяндап, сұрақ-жауап байқауын өткіздік. Ықыласпен қатысқан оқырмандардың орындауындағы халық әндері мен билері - қазақ мәдениетінің сұлулығы мен тереңдігін барынша сезінуге мүмкіндік берді. Ал дәстүрлі кездесудің шырайын ашқан клуб мүшелерінің авторлық өлеңдері көпшілікті ерекше тәнті етті. Сонымен қатар қазақ аңыздары мен әңгімелері әлеміне еніп, олардың әрқайсысын тыңдап, талдадық. Жалпы, бұл іс-шаралар әлеуметтік интеграцияға, шығармашылықты дамытуға және қоғамдастық рухын нығайтуға ықпал етеді. «Ғибрат» клубы болашақта инклюзивті іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, ол: Театрландырылған қойылымдар: сюжет пен эмоцияны жеткізу үшін дыбыстар мен сипаттамаларды қолдана отырып, зағиптар мен нашар көретіндерге бейімделген қойылымдар. (Қала театрларымен бірлесіп) «Ғибрат» клубы - тек көңіл көтеріп қана қоймай, білім мен тәжірибе алмасу үшін инклюзивті кеңістік құруға тырысады.
 
  
|
|
|