04.11.2025
Іс – шаралар

«КОМПЬЮТЕРДІ МЕҢГЕРІП, КӨКЖИЕГІҢДІ КЕҢЕЙТЕ ТҮС!»

Шымкент қалалық арнайы кітапханада

«Көңілдерде шаттық күйі шалқысын»  атты сауықтыру айлығы аясында

зағип жандар арасында компьютерлік сауаттылықты дамыту  мақсатында қызықты жарыс өтті.

Компьютердің қыр-сырын меңгерген қатысушылар өзара білімдерін ортаға салып, тапсырмаларды жылдам әрі нақты орындап шықты.

Жарысты тифлопедагог Ахатаев Ғабит Жақсыбайұлы  ұйымдастырып,

қатысушылардың компьютер қолданудағы шеберлігін түрлі практикалық тапсырмалар арқылы сынады.

Белсенділік танытқан қатысушылар:

Көпжасар Ұлбике

Жасұзақ Перизат

Ташметова Анора

Олар өз білімдері мен ептіліктерін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Жеңімпаздар сауықтыру айлығының қорытынды кешінде арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады!

 
17.10.2025
Іс – шаралар

КІТАП КЕРУЕНІ

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың балалар бөлімі «Үміт» мектеп-интернатына барып, ерекше «Кітап керуенін» ұйымдастырды.

Арнайы автокөлік арқылы балаларға тактильді, дыбысталған және Брайль қарпіндегі кітаптар таныстырылды.

Кітапханашылар оқудың маңызын айтып, кітаптың – рухани байлық пен білім көзі екенін жеткізді.

Балалар ерекше әсер алып, суретке түсіп, қуанышқа бөленді!

 
15.10.2025
Іс – шаралар

БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ!

Бүгін Шымкент қалалық Арнайы кітапхананың Брайль залында «Көңілдерде шаттық күйі шалқысын» атты сауықтыру айлығы аясында  интеллектуалды «Білімділер бәйгесі» сайысы өтті!

Кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері бірлесе қатысып, 8 түрлі кезеңде білім мен тапқырлықтарын сынады.

Тарих, әдебиет, мәдениет, спорт — бәрі де қамтылды!

«Мықтылар», «Астана», «Жеңіс», «Сәт» топтары өзара бақ сынап, «Мықтылар» тобы ерекше өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды!

Жеңімпаздар 12 қараша күні өтетін қорытынды кеште марапатталмақ.

Көрермендер де өз фавориттерін қолдап, сайыс қыза түсті

Білім мен көңіл қатар ұштасқан бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады!

 
12.09.2025
Іс – шаралар

ЕРЕКШЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАХМАТ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ

 

11 қыркүйек күні Арнайы кітапханада Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар арасында тоғызқұмалақ пен шахматтан Шымкент қаласының № 19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің 14 пен 35 жас аралығындағы ашық біріншілігі болып өтті. Жарысты № 19 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебімен Жастар орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Шахматтан І-орын Нұрақ Бақытжан, ІІ-орын Әріп Сүндет, ІІІ-орын Кудратов Ғұламжан.

Тоғызқұмалақтан І-орын Ергешбай Қайсар, ІІ-орын Айтбаева Айсұлу, ІІІ-орын Қаражаш Еркебұлан иеленді. Турнирге қатысушылар жарысты өткізуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бұл турнир мүгедектігі бар жастардың спорттық жетістіктерін көрсетуге, қоғамда оң пікір қалыптастыруға және инклюзивтілікке бағытталған маңызды қадам болды.

 
11.09.2025
Іс – шаралар

11.09.2025

”ТАБИҒАТТЫҢ СЫРЛАРЫ”: Экологиялық Квест. Табиғатпен танысу үшін ұйымдастырылған қызықты квест

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының балалар залында “Табиғат сырлары”: Экологиялық Квест. Табиғатпен танысу үшін ұйымдастырылған қызықты квест болып өтті. Аталған шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, қаламыздағы “Нұр” мектебінің 4а сынып оқушылары келіп қатысты. Балаларға табиғаттың түрлі ғажайып құбылыстары туралы сыр шертілді, табиғаттың адам баласына берер сыйы мол екені насихатталды.

Туған жер табиғатын аялау, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру, қазынамыз, байлығымыз саналған табиғатты сүюге, оны қорғап, қастерлеп сақтай білу, табиғат байлығын қорғау және оны тиімді пайдалану керек екені түсіндірілді. Сонымен қатар балалар видеоролик көріп, табиғаттың суретін салып, өз пікірлерін айтып, қызықты ойын ойнады. Кеш соңында балаларға тәттілер үлестіріліп, кішкентай оқырмандарымыз көңілді тарады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 6 из 43