|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
СИҚЫРЛЫ КОМПАС: ШАТТЫҚ КӨКЖИЕГІНЕ САЯХАТ!
Балаларды қорғау күніне орыс драма театрының актерларының қатысуымен көру қабілеті нашар балаларға арналған ұмытылмас іс-шара өтті! Іс-шара инклюзия мен тең құқықтыққа маңызды қадам болды.
Барлық спектакльдер көру қабілеті нашар балаларға әр сәтті сезініп, түсінуі үшін арнайы бейімделіп, дыбыстық эффектілер және тактильді сезімдер арқылы олар әңгімелер әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге әр оқиғаны бастан өткерді.
Театр актерлары жарқын кейіпкерлерді дыбыстау, мимика және қозғалыс арқылы терең эмоцияларды жеткізіп, өздерінің өнері мен шеберліктерімен таңқалдырды.
Балалар мерекеден ләззат алып қана қоймай, актерлармен байланыс орнатуға, сұрақтар қоюға және театр туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.
Актерларға, осы ұмытылмас оқиғаға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!
|
|
Жаңалықтар -
Іс – шаралар
|
«О, Махаббат өмірімнің көктемі»
Шымкент қалалық арнайы кітапхананың аудио залында 14 сәуір сағат 11-00 де «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы ерекше атаумен ерекшелікке толы кеш болып өтті. «О, Махаббат өмірімнің көктемі» деп аталған кеш 15 сәуір ғашықтар күніне арналды. Ербек Бакиев кешті жүргізіп ортаны қызыққа бөледі. Павлодар облысынан Асаинова Диляра, Түркістан облыснан Лаура Жұмабай, Зебо Дадаева, Шымкенттен Алладин Талиев пен арнайы кітапхана қызметкері Гүлсара Каттабекова әсем әннен шашу шашса Ләззат Мүслім жырмен кешке шырай берді. Кеште кітапхана директоры Бәкір Нұрманбетов пен Қазақ зағиптар қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиал төрағасы Пірімжанов Марат Аханұлы жастарды құттықтап ақ тілектерін арнады. Кеш барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар үлестірілді. Тағдыры тоғысқан жандар да ортаға шығып жиналған көрерменнің ықыласына бөленді. Кеш соңында жастар керемет безендірілген залда түрлі жүрекшарлар мен естелік суретке түсіп, көңілді тарасты.
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
|
Страница 6 из 32 |