Іс – шаралар мұрағаты
ақын Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабы PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

«Жыр ғұмыр»

(«Бір ел бір кітап» республикалық акциясы таңдауы ақын Ф.Оңғарсынованың «Дауа» кітабы)

«Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі» - деген өлең жолдарымен «Облыстық көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының тифлосекторында «Бір ел – бір кітап» акциясына байланысты бір кітапты жаппай бірге оқу үшін ұйымдастырылған, халық жазушысы, қазақ ақыны Ф.Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр топтамасына арналған поэзия кеші өтті.

Кешті жүргізуші - кітапхана қызметкері З.Маханова кітап сүйер қауымды ақынның шығармашылығымен таныстыру мақсатында алғашқы сөзді Мақтарал ауданынан келген жас ақын Е.Бакиевке берді.

Адам баласының ой кемесін ізгілікке, руханилыққа жетелейтін, надандық шырмауынан шығуға көмектесетін баға жетпес дүние – кітап дей келе, жүргізуші Ұлттық Әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2007 жылдан бастау алған жоба биылғы жылы өз жалғасын тапқанын айтып өтті. 2013 жылдың үздік туындысының авторы Ф.Оңғарсынова қазақ әдебиеті әлемінің айшықты жанры - поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақын екенін, оның шығармалары қазақ әдебиетінде өзіндік орны мен үні бар тұғырлы дүние екені айтылып, кезек келесі өлеңге берілді: Қазығұрт ауданынан келген оқырман П.Үйсінбаева ақынның «Мені жұрт қатал дейді» өлеңін жатқа оқып, соңынан ақынның сөзіне жазылған «Мақсат – бақыт бастауы» әнін жас оқырман Г.Жуашбаева орындап берді.

Өмірдің өткелдерінен

Қиындық көп көргеніммен,

Өртеніп от басқаныммен,

Өзіңмен қоштаспадым мен.

Күлкімді, жайлы күнімді,

Азапты, қайғы-мұңымды,

Өзіммен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Мынау менің қиындау,

Тағдырым болып көріскенің үшін,

Өлең, мен сені аялап өтем! – деп, ақын өлеңді аялап, поэзия әлеміндегі ізденіс-толғаныстарын, ақындық өнер жайындағы қанатты ойларын қалың жұртшылыққа паш етіп, сүйсіндіріп келеді – деп ақынның «Өлең» атты жырын Сарыағаш ауданынан келген мүгедектер қоғамының директоры Ү.Төлегенова жатқа оқып, «Жан сырым» атты өлеңіне жазылған әнді оқырман А.Тәйтелеева орындап берді.

"Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Фариза жырларымен сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігінше жеткізгісі келеді. Оның бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкері – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерінің арқауы" - дей келе:

Өз-өзімнен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып

Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса

Ақтарылар алдыңда саған барып

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, – деп, әйелдің қайғы-мұңынан сыр шертетін өлеңдерінен Сарыағаш ауданынан келген прозаик оқырман М.Ермаханова «Реніш», Р.Мейірбекова

«Өкініш пен қасірет» жырларын жатқа оқып берді.

Жасаңдар, құшып сенім-күн,

Құлпырған гүлдей құздағы,

Жұлдызы жанған жерімнің

Жұлдыздай жарқын қыздары! – деп, ақынның «Қыз сөзі» өлеңін оқуға сөз Сайрам ауданынан келген жас оқырман М.Умаралиеваға берілді.

Поэзия кеші

Г.Каттабекова, Н.Ештаева, Г.Тимирова, Р.Тимировалардың

орындауында ақынның «Махаббат, жігерсіз жігіттерге», «Дүние бос қалды ғой сен кеткелі», «Поэзия», «Сағыныш», «Туған жер», «М.Мақатаев туралы жыр», «Киіз үй», «Жаулықтар», «Бала» және т.б. өлеңдерімен жалғасты.

Кеш соңында жастарды кітап оқуға насихаттайтын кітапхананың тұрақты оқырманы, ақ жаулықты М.Сайғана апа сөз алып: «жастарға -кітап оқуларыңды жалғастыра беріңдер, талаптарыңа нұр жаусын, алла алдарыңнан жарылқасын» - деп батасын берді.

Н.Жұмағұлов атты оқырман тағдырластарының талантын атап айтып, кештің кереметтей өткеніне дән риза болып, «осы сценариймен үлкен сахналарға неге шықпасқа» деп өз пікірін білдірді.

Поэзия кеші тифлосектор бөлімінің меңгерушісі Сәбит Полатұлының көркем сөздерімен аяқталды.

(ОҚО арнайы кітапханасының тифлосектор қызметкері З.Маханова)

 

 

 


 
Тютчеву Ф.И. - 210лет PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

В этом году весь поэтический мир отмечает 210-летие со  дня рождения Федора Ивановича Тютчева. Учитывая, что наши читатели очень любят стихи, мы не обошли стороной эту дату. Тем более , что в последнее время интерес к биографии и личной жизни поэта проявляется с новой силой.

В поэзии Тютчева особенно четко выделяются три цикла: природа, отклики на политические события в мире и в стране и цикл любовной лирики. Мы остановились подробнее на теме природы, оформив выставку «Под дыханием природы…», где среди книг автора были представлены картины из цикла «Времена года» .Это –В. Поленов. Золотая осень; И.Левитан .Золотая осень; И.Грабарь.Февральская лазурь и т.д.

Поэзия Тютчева знакома нам с  детства, поэтому читатели сами вспоминали стихи еще со времен школьных лет. Так, несколько стихотворений было прочитано  читателями – Осжигитовой Б., Медведевой Н., Скрябиной Р., Попенко П.

Многие стихотворения Ф.Тютчева были переложены на музыку и ,таким образом, появилось много красивейших романсов и песен. Так, романс «Я встретил Вас…» был прослушан в нескольких вариантах исполнения. Вообще тема любви у Тютчева – это самый сложный цикл, и стихи , прежде чем прочитать их на публику, нужно пропустить  через себя, через свой внутренний мир. Как отмечал сам поэт: «Любовь – это блаженно-роковое чувство, требующее от человека огромного напряжения душевных сил; любовь – это символ человеческого существования вообще…»

О ты последняя любовь!

Ты и блаженство, и безнадежность…

И.С.Тургенев говорил о Тютчеве так: «Тютчев создал речи, которым не суждено умереть…» Это означало, что к поэту пришла подлинная слава, в чем мы убеждаемся до сих пор.

 

 

 

 

 
Әдістемелік менеджмент PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

Кәсіби шеберлік деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында, аудандық арнайы кітапхана филиалдары мен пункттеріне 23 рет, халықаралық және республикалық конференцияларына 3 рет іс-сапарлар болды. 2 облыстық семинар өтті. Ауданаралық «Отбасы тынысы» көз мүгедектері жанұялары арасында іріктеу кезеңі сонымен қатар «сауықтыру айлығына» арналған іс-шараларға қатысу, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Республикалық конференцияға бөлім меңгерушісі Ұ.Тұранбаева 18-19 қыркүйек күндері Тараз қаласында өткен «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» атты Республикалық конференцияға қатысып қайтты. Талқыланған мәселелер: заманауи кітапханалардың тұрақты дамуындағы инновациялардың маңыздылығын негіздеу; қоғамның бүгінгі құрылымындағы кітапхананың орнын анықтау; кітапхана саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табу; республикадағы кітапхана ісін белсенді ету; тәжірибе алмасу; кітапхана жұмысына жаңа идеялар, тың ойлар, жобалар ұсыну.

Халықаралық конференцияға, кітапхана директоры Ғ.Ескендірова 20–28 қыркүйек күндері барып қайтқан Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Социальные проекты новой эпохы: инновации через интеграцию» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қаралған тақырыптар: Социокультурное проектирование: теоритеческие основания для взаимодействия в сфере реабилитации инвалидов; Социокультурное проектирование в контексте Конвенции о правах инвалидов; Социальное партнерство как фактор повышения качества социокультурной реабилитации детей-инвалидов; Универсальный дизайн глазами инвалида; Социальная реабилитация людей с проблемами зрения: американские реалии, проблемы и возможности; Библиотека on-line: новые читатели, новые возможности; Дифференцированное обслуживание пользователей с особенными потребностями; Тактильно-визуальная разметка для людей с ограничениями по зрению из инновационного материала «холодный пластик». Европейский стандарт и российский опыт и.т.

Сонымен қатар, сектор жетекшісі С.Кизбаева 7-8 қараша күндері Ресейдің Тула қаласында өткен «Библиотека и музей: грани сотрудничества в развитии социального туризма в регионе» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға, кәсіби-тәжірибе алмасуға барып қайтты.

Қаралған маңызды тақырыптар:

Обсуждались следующие вопросы:

· теоритические основы социокультурной реабилитации инвалидов;

· проблемы доступности музеев и выставочных документов для лиц с ограниченными возможностями здоровья;

· адаптация внутренних пространств и экспозиций для посещения их лицами с нарушением зрения (взрослых и детей);

· место и роль специальных библиотек для слепых в организации музейных экспозиций доступных для восприятия их инвалидвми по зрению.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Әбілқайыр хан PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

 

«Қазақстанның ірі қайраткерлері» циклынан:

-Әбілқайыр ханның туғанына 320 жыл

«Әбілқайыр хан – кіші жүз ханы» атты осы тақырыпта ОҚО көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында оқырмандарға арналған ауқымды іс-шара өтті.

Әбілқайыр хан қазақ халқының тарихында үлесі бар тұлға екендігін, 1710-1748 жылдары кіші жүздің ханы болғанын, оның ғұмыр кешкен кезеңіндегі қазақ халқының бірлігі әлсіреп, үш жүздің және рулардың да хан сұлтандары өз беттерінше болмақ пейілге бойұрған тұсына жүргізуші О.Н. Русинова кеңінен тоқталып кетті.

Сондай-ақ, Еділ қалмақтары мен жоңғарлар басып кіріп, елді Ақтабаншұбырындыға ұшыратқанын, Ресей мен Қытайдың пейілдерінің оң болмағанын, дәл осы жағдайда орталықтандырылған біртұтас билік, берік бірлік, қатаң тәртіп қажет болғанын ең бастысы қабілетті, табанды ел басшысы керек болып, бақталастық пен тақталастық, алауыздық ол билікті мықтыға емес әлсізге жығып бергенін, 1715 жылы әз Тәуке дүние салғаннан кейін, Әбілқайыр да үлкен хандыққа – қазақ хандығына үміткер болғанымен, мұрагер ретінде Тәуке ханның ұлы Болат хандыққа сайланғанынан мәліметтер берілді.

Әбілқайыр ханның соғыста әдіс-айла, тапқырлық таныта білгендігінің арқасында кіші жүз хандығына да, қазақ жасағының қолбасшылығына да жеткені, әсіресе, 1726-1730 жылдар аралығында жоңғарларға қарсы соғысында айрықша көзге түскендігін атап айтты. Әбілқайыр ханның өмірі тастыста өткенін және бұл жайында әр түрлі қайшылықты пікірлер айтылуда екенін, замандастарының кейін де «орысқа қарады» деп кіналаушылық танытқаны жайында баяндалған тұста оқырман Құзғанов Қ. мырза өзінің Әбілқайыр хан жайында дыбысталған кітаптан алған мағлұматтарынан біраз мысалдар келтіріп, ол жайында әдебиеттердегі деректердің әр түрлі екендігін айтты.

Алайда, мойындауымыз керек, қалай десек те қазақтың ІVІІ-ХХ ғасырлардағы тұлғалардан үлттығын сақтап, тілін, ділін, салт-санасын мүлде жойып алмай, негізінің аман шығып, іргелі мемлекет болып отыруында ол таңдаудың «алыс та болса жақын жол» болғанын көреміз.

1748 жылы Әбілқайыр хан өштесіп, кектескен Барақ сұлтанның жасаған жасақты шабуылында мерт болғанын, бейіті қазіргі Қостанай облысында Хан моласы деп аталып кеткен жерде екенін айтып жүргізуші іс-шараны аяқтады. Оқырмандар тарихтан пайдалы мағлұматтар алып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

 

 

 

 


 
«Мен жастарға сенемін!» PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар мұрағаты

(ҚазақтыңғажайыпақыныМ.Жұмабаевтыңтуғанына 120 жыл)

Маусым айының 12 жұлдызында көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Мен жастарға сенемін» айдарымен Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық  мерейтойына арналған әдеби көркемсөз іс-шарасы өтті. Оқырман аудиториясын қазақ-орыс тілді ұлттары құрағандықтан, іс-шара екі тілде жүргізілді. Орыс тілінде -   қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Тұяқбаева Н., қазақ тілінде тифлосектор қызметкері Маханова З. жүргізді.

Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ поэзиясының жұлдыздарының бірегейі Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен тифлосектор қызметкері Әбжаппарова Л. таныстыра келе, ақынның білім алған ошақтарына, атқарған: Алаш партиясындағы, «Бостандық туы», «Ақ жол» газеттеріндегі,  «Балапан» журналындағы т. б. қызметтеріне тоқталды.  Орыс тілінде өмірбаянымен таныстырылғаннан кейін ақынның «Туған жерім -  Сасықкөл», «Родная земля» өлеңдері оқылды.

Мағжан Жұмабаевтың ұлттық поэзиядағы алатын орнының ерекшелігін, оның тума талант иегері, ұлтының тыныс-тіршілігімен тамырласа өмір кешкенін, ғасырлық ата тарихымызды өзінің ой-парасатымен және жүрегімен қорғаған ақын екендігін жүргізушілер атап айтты.

Ақынның өмір сүрген уақыты қаншалықты саяси, қоғамдық тақырыпты алға тартқанымен -    алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Себебі, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан Абай дәстүрінде жыр жазып, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі дей келе осы өлеңін және Абай үлгісіндегі өлеңдерінен «Жазғы тұрым», «Жазғы таң» өлеңдері екі тілде оқылды.

Мағжан Жұмабаев айтқандай, аға буын жас толқыннан жаңалық, тосын дүниелер күтетіндігін айтып, қазақ арасындағы келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты көп сынады. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырды. Ол:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр, - дей  келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өкінеді. Болыстар мен төрелердің өз басының қамымен жүргендігі, халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ екендігін, оқудағы шәкірттердің дұрыс білім алмайтынына, қыз балаларының малға сатылып кетіп жатқанына өзегі өртенеді. Осы тұста оқырмандардың тікелей қатысуымен А. Тәйтелееваның орындауында  Жұмабаевтың  «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі оқылды, сондай-ақ, «Мен жастарға сенемін», өлеңі екі тілде оқылды.

Ақынның ақындық әлемі мен қаламгерлік қуат-қарымы жайында:

«Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі сәулесі – мәңгі сөнбес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» деген ұлағатты сөздер жазды Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.

Иә, қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтерген, сұлу да сырлы жырымен ұлтымыздың ұлы ақынына айналған поэзия пайғамбарын қалай ұлықтасақ та жарасады. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артында өшпес мұрасын қалдырған ғажайып ақынның әруақты жырларына тағзым еткеніміз абзал деп жүргізушілер іс-шараны аяқтады.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 Келесі > Соңы >>

Страница 15 из 15