«Мен жастарға сенемін!»

(ҚазақтыңғажайыпақыныМ.Жұмабаевтыңтуғанына 120 жыл)

Маусым айының 12 жұлдызында көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Мен жастарға сенемін» айдарымен Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық  мерейтойына арналған әдеби көркемсөз іс-шарасы өтті. Оқырман аудиториясын қазақ-орыс тілді ұлттары құрағандықтан, іс-шара екі тілде жүргізілді. Орыс тілінде -   қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Тұяқбаева Н., қазақ тілінде тифлосектор қызметкері Маханова З. жүргізді.

Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ поэзиясының жұлдыздарының бірегейі Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен тифлосектор қызметкері Әбжаппарова Л. таныстыра келе, ақынның білім алған ошақтарына, атқарған: Алаш партиясындағы, «Бостандық туы», «Ақ жол» газеттеріндегі,  «Балапан» журналындағы т. б. қызметтеріне тоқталды.  Орыс тілінде өмірбаянымен таныстырылғаннан кейін ақынның «Туған жерім -  Сасықкөл», «Родная земля» өлеңдері оқылды.

Мағжан Жұмабаевтың ұлттық поэзиядағы алатын орнының ерекшелігін, оның тума талант иегері, ұлтының тыныс-тіршілігімен тамырласа өмір кешкенін, ғасырлық ата тарихымызды өзінің ой-парасатымен және жүрегімен қорғаған ақын екендігін жүргізушілер атап айтты.

Ақынның өмір сүрген уақыты қаншалықты саяси, қоғамдық тақырыпты алға тартқанымен -    алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Себебі, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан Абай дәстүрінде жыр жазып, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі дей келе осы өлеңін және Абай үлгісіндегі өлеңдерінен «Жазғы тұрым», «Жазғы таң» өлеңдері екі тілде оқылды.

Мағжан Жұмабаев айтқандай, аға буын жас толқыннан жаңалық, тосын дүниелер күтетіндігін айтып, қазақ арасындағы келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты көп сынады. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырды. Ол:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр, - дей  келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өкінеді. Болыстар мен төрелердің өз басының қамымен жүргендігі, халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ екендігін, оқудағы шәкірттердің дұрыс білім алмайтынына, қыз балаларының малға сатылып кетіп жатқанына өзегі өртенеді. Осы тұста оқырмандардың тікелей қатысуымен А. Тәйтелееваның орындауында  Жұмабаевтың  «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі оқылды, сондай-ақ, «Мен жастарға сенемін», өлеңі екі тілде оқылды.

Ақынның ақындық әлемі мен қаламгерлік қуат-қарымы жайында:

«Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі сәулесі – мәңгі сөнбес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» деген ұлағатты сөздер жазды Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.

Иә, қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтерген, сұлу да сырлы жырымен ұлтымыздың ұлы ақынына айналған поэзия пайғамбарын қалай ұлықтасақ та жарасады. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артында өшпес мұрасын қалдырған ғажайып ақынның әруақты жырларына тағзым еткеніміз абзал деп жүргізушілер іс-шараны аяқтады.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет