Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
Әбілқайыр хан |
«Қазақстанның ірі қайраткерлері» циклынан: -Әбілқайыр ханның туғанына 320 жыл «Әбілқайыр хан – кіші жүз ханы» атты осы тақырыпта ОҚО көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында оқырмандарға арналған ауқымды іс-шара өтті. Әбілқайыр хан қазақ халқының тарихында үлесі бар тұлға екендігін, 1710-1748 жылдары кіші жүздің ханы болғанын, оның ғұмыр кешкен кезеңіндегі қазақ халқының бірлігі әлсіреп, үш жүздің және рулардың да хан сұлтандары өз беттерінше болмақ пейілге бойұрған тұсына жүргізуші О.Н. Русинова кеңінен тоқталып кетті. Сондай-ақ, Еділ қалмақтары мен жоңғарлар басып кіріп, елді Ақтабаншұбырындыға ұшыратқанын, Ресей мен Қытайдың пейілдерінің оң болмағанын, дәл осы жағдайда орталықтандырылған біртұтас билік, берік бірлік, қатаң тәртіп қажет болғанын ең бастысы қабілетті, табанды ел басшысы керек болып, бақталастық пен тақталастық, алауыздық ол билікті мықтыға емес әлсізге жығып бергенін, 1715 жылы әз Тәуке дүние салғаннан кейін, Әбілқайыр да үлкен хандыққа – қазақ хандығына үміткер болғанымен, мұрагер ретінде Тәуке ханның ұлы Болат хандыққа сайланғанынан мәліметтер берілді. Әбілқайыр ханның соғыста әдіс-айла, тапқырлық таныта білгендігінің арқасында кіші жүз хандығына да, қазақ жасағының қолбасшылығына да жеткені, әсіресе, 1726-1730 жылдар аралығында жоңғарларға қарсы соғысында айрықша көзге түскендігін атап айтты. Әбілқайыр ханның өмірі тастыста өткенін және бұл жайында әр түрлі қайшылықты пікірлер айтылуда екенін, замандастарының кейін де «орысқа қарады» деп кіналаушылық танытқаны жайында баяндалған тұста оқырман Құзғанов Қ. мырза өзінің Әбілқайыр хан жайында дыбысталған кітаптан алған мағлұматтарынан біраз мысалдар келтіріп, ол жайында әдебиеттердегі деректердің әр түрлі екендігін айтты. Алайда, мойындауымыз керек, қалай десек те қазақтың ІVІІ-ХХ ғасырлардағы тұлғалардан үлттығын сақтап, тілін, ділін, салт-санасын мүлде жойып алмай, негізінің аман шығып, іргелі мемлекет болып отыруында ол таңдаудың «алыс та болса жақын жол» болғанын көреміз. 1748 жылы Әбілқайыр хан өштесіп, кектескен Барақ сұлтанның жасаған жасақты шабуылында мерт болғанын, бейіті қазіргі Қостанай облысында Хан моласы деп аталып кеткен жерде екенін айтып жүргізуші іс-шараны аяқтады. Оқырмандар тарихтан пайдалы мағлұматтар алып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.
|