Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
01062024 |
«Балғын балалар – біздің болашағымыз» (1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні) Балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық Қуыршақ және жасөспірімдер театрының актерларының қатысуымен көру қабілеті нашар балаларға арналған ұмытылмас іс-шара өтті! Іс-шара инклюзия мен тең құқықтыққа маңызды қадам болды. Барлық спектакльдер көру қабілеті нашар балаларға әр сәтті сезініп, түсінуі үшін арнайы бейімделіп, дыбыстық эффектілер және тактильді сезімдер арқылы олар әңгімелер әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге әр оқиғаны бастан өткерді. Театр актерлары жарқын кейіпкерлерді дыбыстау, мимика және қозғалыс арқылы терең эмоцияларды жеткізіп, өздерінің өнері мен шеберліктерімен таңқалдырды. Балалар мерекеден ләззат алып қана қоймай, актерлармен байланыс орнатуға, сұрақтар қоюға және театр туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Кеш соңында бүлдіршіндерге тәтті балмұздақ таратылып балалар мәз мейрам болды. Актерларға, ертегі кейіпкерлеріне, қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!
|