Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
01.06.2025 |
1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ Балалар – біздің болашағымыз, біздің армандарымыз бен үмітіміздің жарқын көрінісі. Бүгін, 1 маусым күні, Шымкент қаласының Орталық саябағында ерекше мереке – Балаларды қорғау күніне арналған концерт өтті. Бұл шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылықтарын паш етті. Әрбір бала өзін ерекше сезініп, өнерге деген сүйіспеншілігі арта түсті. Балаларымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен мейірім кетпесін! 1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРЛЫ ҚОРҒАУ КҮНІ Қымбатты балалар мен ата-аналар! Арнайы кітапхана ұжымы сіздерді шын жүректен Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды! Бұл күн — балақайлардың күлкісі мен бақытын қорғау, оларға жарқын болашақ сыйлау жолында атқарылар істердің маңыздылығын еске салатын ерекше мереке. Кітап — баланың ой-өрісін кеңейтіп, қиялын ұштайтын ең сенімді дос. Біз балалардың білімге құштар болып өсуіне жағдай жасауға әрдайым дайынбыз! Балалық шақ — өмірдің ең жарық, ең нәзік кезеңі. Әр бала махаббатқа, қамқорлыққа және шығармашылыққа толы ортада өсуге лайық! Балаларымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен мейірім кетпесін! Бақытты балалық шақ — жарқын болашақтың кепілі!
|