Іс – шаралар
Мұражайға саяхат

«Мұражайға саяхат»

(Тарихи құндылықтар мен киелі кесенелерді дәріптеу)

2022 жылдың 6 қазанда Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Әр жүректе үміт шамы сөнбесін» атты сауықтыру айлығы аясында арнайы кітапхана оқырмандары Шымкент қаласында орналасқан Салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығына саяхат жасады. Сапар барысында мұражайда орналасқан құнды жәдігер экспонаттармен танысып мол мағлұматпен сусындады. Бабадан қалған асыл мұраларды тау арқылы өткен ғасырдың баға жетпес қазыналарынан орасан ой түйді. Сапарды Бәйдібек би ескерткішіне жалғап баба ескерткішінің алдында тұлғаның тарихымен танысып, өмірдерегіне көз жүгіртіп, ескерткіш алдында орналасқан өңірімізде орналасқан киелі кесенелердің кіші қалыпты мүсіндерін қолдарымен ұстап көріп, көптеген кесенелердің тарихымен танысып, естелік суретке түсіп сапарды аяқтады. Аталған сапар барысында білікті мамандар гид болып кеңінен мәлімет таратты.

 
14092022

«Ашық микрофон» жобасы

Аталған жобаның кезекті қонағы ерекше жан ерекше талант иесі Өміртай Әкімжан болды. Кешті кітапхана қызметкері Г. Каттабекова жүргізді. Ашық микрофонда Өміртай Әкімжанның өмірбаянымен танысып, көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, кеш қонағынан жауаптар алынды. Әсем әндер орындалып, өзі ұнататын ақындардың өлеңін оқып оқырмандар назарына паш етті. Сонымен қатар Әкімжанға түрлі әуендер жасырып, әдеби сұрақтар қойып, білімін сынадық. Көрермендермен бірге әндер шырқалып, кешке жиналған көпшілік көңілді тарқасты.

 
09092022

«Сіз білесіз бе?»»

(«Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы)

2022 жылдың 9 қыркүйек Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Сіз білесіз бе?» тақырыбында қызывқты кездесу болып өтті. Айтулы шараны клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізіп, қызықты түрлі ойындар ұйымдастырып, жыл көлеміндегі ақын жазушылардың мерейтой иелеірінің жылдары мен шығармалары жасырылған сұрақтар дайындап жауап берген жеңімпаздарға түрлі сый-сиапаттар табыстады. Кеш барысында қыркүйек айында туылған тағдырлас жандарды туған күндерімен құттықтап Қазақ зағиптар қоғамының демеушілігімен жасалған сыйлықтар ұсынылды. Аягөз Талғатқызы, Ернар Бердалиев, Юлдуз Бакиеваның орындауында әуезді әндер орындалды. Жастар көңілді отырып кеш соңында естелік суретке түсіп тарасты.

 
02092022

Ашық микрофон

« Ашық микрофон» жобасының кезекті басқосуы болып өтті. Кеш қонағы І-топ көз мүгедегі Қайыпберді Абзал Сейітқұлұлы Армрестлингтен мүмкіндігі  шектеулі жандар арасында өткен қол күрес (капиодан) 2021-2022ж ҚР 2 дүркін чемпионы, 2021 жылы Алматыда өткен Азия чемпионатының І – орын иегері, 2022 жылы Самаркандта өткен Азия чемпионатының ІІ – орын иегері Абзалмен керемет дөңгелек үстел өтті. Оқырмандарға спортшымен кездесу қатты ұнады. Абзал Сейітқұлұлы 2022 жылы 14 қазанда өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.Спортшыға көрермендер сәттілік тілеп «Қазыналы қария» клубының белсенді мүшесі Наханов Ниязбек ағамыз ақ батасын берді.

 
10082022

«Ұлт ақыны ұлы - АБАЙ»

(10 тамыз – Абай күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада "Ұлы даланың ұлы ақыны Абай" атты тақырыпта Абай Құнанбаевтың туылған күніне арналған шығармашылық кеш өтті. Кешті кітапхана қызметкері Г. Каттабекова жүргізді. Ақынның шығармашылық кешінде жүректен жазылған жырларымен әндері, қара сөздері оқырмандар арасында орындалып көпшілікке кеңінен насихатталды. Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен қара сөздері жазылған кітаптардан «Ұлт ақыны ұлы - Абай» - дың кітап көрмесі жасақталып оқырман назарына ұсынылды. Іс шарада оқырмандар өлең оқып, ән айтудан бөлек өз пікірлерімен бөлісті. Ақынның өмірбаянымен тереңірек танысты. Кеш соңында естелікке суретке түсіп көпшілік ұлы ақын Абайдың күніне орай көңілді тарқасты.

 
01072022

«Домбыраның сырлы шектері»

(1 шілде - Ұлттық домбыра күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнай кітапханасында  1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыраның сырлы шектері» атты мерекелік іс-шара болып өтті.  Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы – домбыра. Осы мереке барысында бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтары: «Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің» білікті мамандары, қасиетті домбырамен ұлттық өнерді насихаттап жүрген, өнер майталмандары Сүгір атындағы шертпе күй сынып ұстазы Айтбаев Сабит ағамыз шәкіртімен келіп отыр, Дәстүрлі әнші, термеші, көптеген ән байқауларының жеңімпазы, Ғабит Шырынбеков ағамыз және Майра Битемірованың шәкірті, Абдикеримов Бекжан қонақта болып, ән, күй, терме  орындап, кешімізді жандандыра түсті. Сонымен қатар домбыраның шығу тарихы туралы аңыз видео ролик баяндалды. Іс-шараға кітапхана оқырманы А. Тайтелеева  «Домбыра» әнімен, ал  кітапхана қызметкері Мадина Ермаханова     «Қазағым» атты ән шырқады. Тағыда әдемі әнімен домбыраның құлағында ойнаған, кітапхананың бүлдіршін оқырмандары Нұрсұлтан мен Бақытжан болды. Шара соңында кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы келген қонақтармен оқырмандарға алғысын білдіріп, алғыс хат пен марапаттады.

 
010622

«Бар мейірім – балаларға»

(1 маусым – Дүниежүзілік балаларда қоғау күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні «Бар мейірім – балаларға» атты мерекелік іс-шара орталық саябақта қызықты болып өтті. Бұл іс-шара қала тұрғындары мен бүлдіршін балаларымызға, арнайы кітапхана қызметкерлері түрлі ертегілер кейіпкерлері мен шығыс ертегілері кейіпінде киініп, балаларға қуаныш сыйлады. Іс-шара барысында «Бауырсақ» ертегісі қойылып, балалардың ойы әрмен қарай қиял-ғажайып ертегіге ұласты. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің орындауында бірнеше әндер орындалып, қала тұрғындарының да ән айтуға құштарлығы асып, бірнеше әсем әндер орындалды. Бұл мереке балалардың мейрамы болғандықтан ортаға Мыстан кемпір келіп балаларға «Чупа-чупс» ойыны ұйымдастырылды. Балалардың барлығы да ойынға қатысып, чупа-чупс жеңіп алды. Бүгінгі мереке барлық балалардың көңілінен шығып, дән риза болып біздің түрлі ертегі кейіпкерлерімен естелікке суретке түсіп мәз мейрам болып тарқасты.

 

 
150522

«Отбасы – тәрбие бастауы»

(15 мамыр - Халықаралық отбасы күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай   «Отбасы –  тәрбие бастауы» атты іс-шара болып өтті.  Отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратар жылуы жан балқытар болғандықтан қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады демекші бүгінгі іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен отбасы жайлы ертегі қойылды. Сонымен қатар «Үміт» мектеп интернатының талантты оқушылары Сұлтан, Сымбаттың орындауында «Алтын бесік» әні орындалды. «Отбасы – тәрбие бастауы» деп бүгін Арнайы кітапхана қызметкері Абдиевтер отбасы мен  кітапхана оқырманы  Тұрламбековтер отбасы арасында «Үлгілі отбасы» сайысы қызықты, әрі тартысты өтті. Сайыста отбасы мүшелері ән айтып, би билеп, сұрақтарға жауап беріп, екі отбасыда «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар іс-шарада кітапханамыздың өнерлі оқырманы Гүлнұр Қуатқызы І.Жансүгіровтың «Жайлау» өлеңін көпшілікке тарту етті. Іс-шара барысында біздің жас оқырманымыз Бегалы Ақбота «Асыл ана» әнін орындап отбасының  берекесі, жүрегі – ана екенін оқырман қауымға тағыда дәлелдеді. Шара соңында кітапхана директор орынбасары Бөрібекова Әдемі апайымыз қатысушыларға ақ тілегін, алғысын айтып, мадақтама грамотасын ұсынды.

 
27042022

«Береке басы - бірлікте»

(1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 27 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Береке басы - бірлікте » атты іс-шара өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық «Корей этномәдени» бірлестігі мүшесі Ким Елена Александровна және «Өзбек этномәдени» бірлестігі жастар қанатының мүшесі қонаққа келді. Елена Александровна мен Хурматой Абдухамидова өз ұлттарының салт–дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық құндылықтарын тереңірек таныстырып берді. «Славян этномәдени» бірлестігінен келген «Светоч» хор ұжымы да өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп шықты. Кітапхана қызметкері М. Ермаханова қырғыз тілінде «Жылқышы» әнін шырқап, зағип жандардың ойын сергітіп, өнерімен көрермен көңілін көкке көтерді. Кітапханамыздың белсенді оқырманы ұлы жүздің келіні интернационалды отбасын құрып отырған тәжік ұлтының қызы Дадаева Зебо өз тәжік ұлтының салт-дәстүрін айтып, ортада тәжік биін мың бұрала билеп берді.

Кеште «Береке басы - бірлікте» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып. көрмеге БНШ және «сөйлейтін» кітаптары, басылым беттерінде жарияланған материалдары қойылды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А. Бөрібекова келген қонақтарға үлкен алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді. Оқырмандар арасынан аға буын өкілдері «Екі елдің ауызбіршілігі сақталып, татулық шынайы тұрақтылықтың кепіліне айнала берсін!» - деген тәтті тілекпен тарасты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 7 из 19