Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді» (Ақын, халық жазушысы Қ.Мырзалиевтың туғанына 80 жыл) |
Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді» (Ақын, халық жазушысы Қ.Мырзалиевтың туғанына 80 жыл)
Өтетін уақыты: 8 қаңтар, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: алдыңғы буын ағаларымыздың өлеңдерін жастарымызға насихат ету.
Жастарымыздың рухани сусап қалмау мақсатында қазақ халқының біртуар ақын жазушыларының мерейтойларын жылдық жоспарымызға кіргізіп отырамыз. «Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді» атты Қадыр Мырзалиев ағамыздың 80–жылдық мерейтойына орай кітапханамызда үлкен іс-шара өткіздік. Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны жайлы мағлұматтар айтылды, ақынның өлеңдерінен тұратын және Оңтүстікке сапарларынан жинақталған бейне роликтер көрсетілді. Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің жырларын қазақ тіліне аударған. Оқырмандарымыздың ішінде ақын ағамыздың өлеңдерін өздеріне арқау етіп жүрген дарынды жастарымыз біршама өлеңдерін оқып өтті. Залымыздың бір шетінде Қадыр Мырзалиев ағамыздың қаламынан шыққан кітаптары, өлеңдер жинақтары қойылған үлкен көрме орналастырылды. Жастар ақынның өлеңдері жайлы өздерінің ой пікірлерімен бөлісті. Кеш соңында оқырмандар Қадыр ағамыздың өлеңдерімен қанаттанып қош айтысты.
|