Тәуелсіздік ел тірегі – елбасы елдің жүрегі

«Тәуелсіздік ел тірегі – елбасы елдің жүрегі»

(16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні)

Жылда елімізде Тәуелсіздік күніне үлкен мән беріледі. Сондықтан бізде өз тарапымыздан осы атаулы күнге әрдайым іс-шараларымызды арнап, оқырмандарды шақырамыз. Әдеттегідей, оқу залына «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларымен аға буынды оқырмандар және жастар жиналды. Іс-шара тақырыбын «Тәуелсіздік ел тірегі – Елбасы елдің жүрегі» деп қойдық. Кездесу Т. Сатыбалдының «Желтоқсан» атты өлеңімен басталды. Баяндаушылар Л. Абжаппарова мен О.Русинова орыс және қазақ тілінде Қазақстанның Тәуелсіздік тарихына шолу жасап, жұртшылыққа қазақ азаттығының жолдарын айтып өтті. Одан әрі сөзін І-топтағы оқырман Тайтелеева Ақжүніс Л. Амановтың «Қара бауыр, қасқалдақ» әнімен жалғастырды. Өз тілегін кітапхана директорының орынбасары Б.Нұрманбетов мырзаға жиналған ағайынды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Нұр Отан» әнін тарту етті. Содан-соң «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларына сөз берілді. Олар оқырмандарға «Сұңқар» күйшілер тобының өнерін көрсетті. А. Смадияр, Б. Нұрақ «Алға Қазақстан» және «Қазақ елі» секілді әндерін тамаша орындап берді. Сондай-ақ аға буынды оқырманның бірі М. Сайғана оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, елімізде мәңгі бейбітшілік болсын деген аналық ақ тілегін білдірді. Өз тілектерін Р.Скрябина, Н. Жұмағұлов, С. Катишев Отанымыздың туымен Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын деген сөздерді айтып жатты. Іс-шара соңында келушілердің бәрі орнынан тұрып, ҚР әнұранын айтып аяқтады.

(ОҚО арнайы кітапханасының тифлосектор қызметкері Л.Абжаппарова)


 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет