Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Аққудың қанатында жазылған жыр» (Ақиық ақын М. Мақатаевтың туылған күніне орай) |
«Аққудың қанатында жазылған жыр» (Ақиық ақын М. Мақатаевтың туылған күніне орай)
Ақпан айының 11-ші жұлдызында «Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың» тифлобөлімінде «Тағдырластар» клубы мүшелерінің қатысуымен М.Мақатаевтың туылған күніне орай «Аққудың қанатында жазылған жыр» атты әдеби-сазды кеші өтті. Кешті тифлобөлімнің меңгерушісі Катишев Сәбит Полатұлы өзі ашып берді. Кеште қазақ әдебиетінде ойып алар орны бар, әдебиет атты әлемде қайталанбас із қалдырған ақын ағамыздың өмірбаяны айтылып, көптеген өлеңдері оқылды. Кешті жүргізген «Тағдырластар» клубының мүшелері Ермаханова Мадина мен Бакиев Ербек «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай Мына жұртым неге жатыр тойламай, Бір той жасап берер едім өзім-ақ. Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, Мына дүние неге жатыр үндемей. Алаулатып тойдың шамын үрлемей, Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып. Мынау шапан, мынау атын міндемей» - деген Мұқағалидың өлеңімен бастап кетті. Сондай-ақ кеште ақынның сөзіне жазылған Тайтелиева Ақжүністің орындауында атты әні, Жуашбаева Гулхаяның орындауында “Күрең күзˮ әндері шырқалды. Кітапханының оқырмандары Умаралиева Мамураның оқуында “Жүрегімˮ атты өлеңі және де Тайыров Рүстем “Сағынышˮ атты өлеңін оқып, «Қайран жеңгем» әнін орындады. Жүргізушілер «Поэзия» жырын оқып Барлыбаев Жомарт «Фариза» әнін орындады. Ермаханова Мадина “Болады деп, армандаˮ атты жырын оқып Әйтек Зауре Дариға “Домбырамды берші мағанˮ әнін орындаса Сейдазимова Дүрияш “Отыздан асып барамынˮ әнін орындады. Ара – арасында ақын жайлы пікірлер оқылды және ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері қойылды. Соңында Ермаханова Мадина “Саржайлауˮ әнін орындады. Кітапхана қызметкерлері және кеш қонақтары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Сенім» ерікті студенттер клубының мүшелеріне сөз берілді. Міне біз бүгін ақын Мұқағалидың шығармалары кез келген аудиторияда өз оқырмандарын таба білетініне тағы да куә болдық. (ОҚО М. Әуезов атындағы «Мәдениет және Өнер» факультетінің ІV курс студенті Жуашбаева Гүлхая)
|