«Сұлулықты көзбен көрме, жүрекпен көр» «Көктем аруы» байқауы

«Сұлулықты көзбен көрме, жүрекпен көр»

«Көктем аруы» байқауы

Көктем мезгілі жер бетіндегі барлық тіршіліктің оянып, жаңарып адамдардың да көңіл-күйі жасарып, басқа өмір басталатын кезі. Біздің оқырмандарымыз көз жанарынан айырылған жандар болса да көктемнің лебімен әсерін ерекше сезінетін жандар. Сондықтан Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында біз кітапхана тифло залында зағип арулар арасында «Көктем аруы» байқауын өткізуді жөн көрдік. Қатысушылар зағип болғандықтан байқаудың ережелері ерекше болды. Байқауымыз 6 турдан тұрды. Оның шарттарымен таныстырып өтейік.

1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.

2 - шарт. «Шебер қолдар» қолөнер сайысы. (Үй тапсырмасы).

3 – шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу

4 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тексеру!

5 шарт: «Менің дастарханым» (Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді). Жеміс ассортиі. Картоп, сәбіз (қабығынан таза әрі тез ашу)

6 - шарт.«Сұлулық әлемді құтқарады», әр қыздар сән үлгілерін көрсетеді.

«Көктем аруы» байқауының әділқазы алқасы:

1. ОҚО Шымкент қалалық оқу-өндірістік кәсіпорынның директоры Пірімжанов Марат Аханұлы.

2. Бөлім меңгерушісі Тұранбаева Ұлбике Мұтанқызы.

3. Қызмет көрсету бөлім меңгерушісі Тұяқбаева Назиля Тұрабайқызы.

4. Жеке кәсіпкер бүгінгі іс-шараға демеушілік көрсетіп отырған ағамыз Сыздықов Жұманәлі Мұсаәліұлы.

Байқау қызықты да тартымды болу үшін біз өз тарапымыздан жүргізушілерді оқырмандар арасынан тағайындауды жөн көрдік. Сонымен алғашқы ниет білдірген ІІ-топтағы көз мүгедектері Каттабекова Гүлсара мен Мухамадаминова Набира бекітілді. Бұл жолы әдеттегідей тифло залына келуші оқырмандар көп болды. Алдын-ала хабарланған соң көздері көрмейтін арулар қалай қатысады екен деді ма, жоқ әлде қатысушыларға жанкүйер болам деушілерме, әйтеуір жастар мен қарт кісілерді отырғызатын орын таппай біз қосымша отыратын жерлерді дайындауға тура келді. Іс-шара басталысымен-ақ жүргізушілер аруларды ортаға шақырып оларды өз-өзін таныстыру тапсырмасын берді. Арулар өздерін таныстыру барысында шыққан тегін, келген ауданын, әке-шешесін, өздерінің хоббиін тағы басқа жан-жақты мәліметтер беріп отырды. Іс-шара жоспары бойынша көрермендерді жалықтырып алмау үшін осы байқауға келген қонақтар сөзге тартылып, олар өздерінің әкелген сый-құрметтерімен әндерін ұсынып жатты. Атап өтсек, Жетісай қаласына келген ІІ-топтағы зағип ақын Бакиев Ербек өз жүрегінен шыққан «Қыздарға» атты өлең жолдарын оқыса, Қазығұрт ауданынан келген ІІ-топтағы зағип әнші Тайров Рүстем «Іздеме» әндерімен арулар мен көпшілікті сусындатты. Байқаудың екінші және үшінші айналымында біз арулардың әділқазы алдына әкелген тамаша қолөнер бұйымдарына куә болдық. Олар Кентау қаласынан келген І-топтағы зағип қатысушы Қожамұратова Құралайдың әдемі кестелі орамалы болса, Түлкібас ауданынан келген І-топ көз мүгедегі Амангелді Әсемнің су моншағынан тізілген бонзай гүліне немесе Сайрам ауданынан келген І-топ көз мүгедегі Умаралиева Мамураның сәнді тоқыма қалпағын көріп бір серпіліп қалдық. Одан әрі қолөнер көрсетілімі арулардың өнер көрсету сайысына ұласты. Ортаға шыққан арулар біріне-бірі бергісіз өздері дайындап әкелген әндерімен жыр жауһарларын ұсынып жатты. Мәселен, Умаралиева Мамура өзінің өзбек ұлты екендігіне қарамастан қазақ тілінде С. Байкенжиеваның «Мені сағынғанда» атты өлеңін мәнерлеп оқып, көрермендердің тұла бойын бір шымырлатты. І-топтағы көз мүгедегі Тайтелеева Ақжүніс өз сүйемелдеуімен қос ішекті домбырада И. Сапарбайдың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты әнін нақышына келтіріп орындап берді. Байқаудың басты мақсаты арулардың жан-жақтылығын дәлелдеу болатын. Сондықтан іс-шараның ендігі талабы сұлулардың біліктілігін сынау болды. Білім додасына түскен арулар әрқайсысы 6 сұрақпен 5 мақал-мәтелдің жалғасын айтып беру керек болатын. Қойылған сұрақтар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдет-ғұрыптары мен өмір тынысын қамытса, мақал-мәтелдер қазақ қоғамындағы қарым-қатынастарды жақсылық пен жамандықты кедейлік пен байлықты және тағы басқа мәселелерді қозғап отырды. Бұл жерде де сұлулар тер төгіп біреуі алға шығып жатса, ал біреулері қобалжу мен толқу үстінде кейбір жауаптардан қалып жатты. Әйел отбасының берекесі екені айдан анық. Сондықтан бұл байқаудан дастархан әзірлеумен тағам дайындауға да көңіл бөлінді. Бұл айналымда арулар белгіленген уақыттың ішінде картоппен сәбізді ашып, дастарханға қойылатын жемістерді әдемілеп қою керектін. Әрине, бес саусақ бірдей емес оның үстіне қатысушылардың көздерінің мүлдем көрмейтіндігін ескерсек, біреулері тапсырманы аса жылдамдықпен орындаса, ал басқа біреулері уақытын дұрыс пайдалана алмай жатты. Бұл айналымнан байқағанымыз арулардың келін институтына толық дайын екендігін анықтадық. Алла әйелді сұлулық үшін жаратқан деп жатады, келесі айналым осы сөзді толық растайтындай. Қатысушы арулар өздерінің жұртшылыққа көрсеткен сән үлгілерімен және әсемдігімен көзге түсті. Мысалы Сайрам ауданынан келген Умаралиева Мамура жұртшылықты әдемі сәнді стильмен ерекшеленген көйлегімен таң қалдырса, Ермаханова Мадина қазақ қызына тән классикалық стильде нәзіктілігімен инабаттылығын суреттейтін көйлегімен көрінді. Бұл айналым «Сұлулық әлемді құтқарады» деп аталыпты. Меніңше, осы айналымдағы көрсетілген әдемілік пен сәнділік осы арулардың қараңғы өміріне сұлулықтың сәулесін жарық еткендей. Осы айналымнан соң оқырмандар арасында кімге қандай орын бұйырар деген қызу пікірталас туды. Әрине, сөздің соңғы нүктесін әділқазылар төрелігін шешті. Барлық орындарға ақшалай сыйлықтар тағайындалды. І-орынға 10 000 теңге, ІІ - орынға 5000 теңге, ІІІ-орынға 3000 теңге. Сонымен ІІІ-орынды Түлкібас ауданынан келген Амангелді Әсемге бұйырса, ІІ-орынды Сайрам ауданынан келген Умаралиева Мамура алды. Ал І-орын жүлдесі Сарыағаш ауданынан келген Ермаханова Мадинаға бұйырды. Басқа қатысушы аруларда құралақан қалған жоқ. Оларға да ынталандыру конверттерімен алғыс хаттар берілді. Мекемеміз бюджеттік ұйым болғандықтан мұндай іс-шараларға бөлінетін қаржы қарастырылмаған. Сондықтан осы байқауға бас демеуші болған жеке кәсіпкер І-топтағы көз мүгедегі Сыздықов Жұманәлі Мұсаәліұлы және Облыстық кәсіподақ комитеті. Сондықтан осы кісілерге барлық оқырмандардың атынан және ұжымымыздың артынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Әдеттегідей іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері шақырылып «Көктем ару» көрмесі ұйымдастырылды. Сұлулыққа таң қалудан жалықпайық достар!

(ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі С.Катишев)

 

 

 

 


 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет