Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Алтын бесік арқалаған арқалы ақын» (Ақын Ә.Аймақтың туғанына 60 жыл) |
«Алтын бесік арқалаған арқалы ақын» (Ақын Ә.Аймақтың туғанына 60 жыл)
Біздің негізгі жұмысымыз зағип оқырмандарға әдебиетті дәріптеу болғандықтан, әдеби тақырыптармен жергілікті жазушыларға көп көңіл бөліп оларға байланысты атаулы күндерді жұмыс жоспарына міндетті түрде енгіземіз. Осындай тақырыптың бірін ОҚО жазушылар одағының төрағасы ақын Әбілдә Аймақтың 60 жылдық мерей тойына орай әдеби-сазды «Арқалы ақын» кеш өткіздік. Әрине, бұл кешке жазушының өзі сондай-ақ жергілікті газет тілшілерімен әдебиет десе ішкен асын жерге қоятын оқырмандар келді. Біз осындай іс-шараларды оқырмандардың өздерінің жүргізуін үрдіске айналдырып жатырмыз. Бұл тәсіл өзінің көптеген жақсы жақтарын береді екен. Бұл жолы да осы кештің жүргізушілері етіп жас ақын Е.Бакиев және прозаға енді қалам тартып келе жатқан жазушы М. Ермаханова. Мұндай шығармашылық кештерге біздің оқырмандарымыз аса құмар. Оның дәлелі әрбір зағип оқырмандарымыздың серігі дыбысталған кітап. Жазушы орнына отырғаннан бастап оқу залы бірденнен тыныштала қалды. Жүргізуші жиналған жұртқа ақынның 60 жылдық мерейтойы екенін айтып, әдемі тілектермен өрнектеп құттықтады. Ал жүргізуші М.Ермаханова ақынның балалық шағын оның әдебиетке қалай келгендігін және шабыттың қай кездерде келетінін айтып беруін өтінді. Әбекең залды өзінің қарапайымдылығымен тарта отырып «Менің балалық шағым кәдімгі ауылдағы көп қазақ балаларының өміріне ұқсас» деп бастады қонақ. «Мені анам ошақтың басында отырып босана салған екен, әкем кәдімгі қарапайым жұмысшы». Ауылда сегіз кластық мектепті бітіріп, еңбек жолымды он алты жасымнан бастадым. Мен тракторшы да, мақташы да, тас қалаушы да болып жұмыс істедім. Бірақ өлеңге деген құмарлық пен құштарлық ешқашан кеткен емес. Әкем қатал кісі болатын. Ол маған үнемі ойнап жүрген жерімнен үйге әкеліп кітап оқытып қоятын. Сол кітапқа деген махаббат күні бүгінге дейін өшкен емес». Оқырмандар кезекпен әртүрлі сұрақтар қойып жатты. Біреулері тегіңізді айтып беріңіз десе, біреулері алдағы шығармашылық жоспарын сұрап жатты. Сондай-ақ жеке сұрақтармен қатар ақынның жүргізіп отырған қоғамдық жұмыстары жайлы сөз қозғалды. Мәселен С. Катишев: «Сізді біздің қоғамымызда не алаңдатады және қазақ әдебиеті туралы ойыңызды көпшілікпен бөліссеңіз?» оған Ә. Аймақ: «Біздің еліміз Тәуелсіздік алғанымен меніңше біз әлдеде болса рухани Тәуелсіздік ала алмай жүрміз. Шекпенді шенеуніктер көбінесе орыс тілінде жауап береді. Тіліміз әлдеде шұбар деп қынжылды ақын. Ал қазақ әдебиетіне келетін болсақ, біздің әдебиетіміздің болашағы зор. Себебі, жас ақындармен жас прозаиктар жетерлік. Өкінішке орай, бізді яғни жазушыларды мемлекет қаржыландырмайды, сондықтан да жазушылардың өз қаржысына шығарылған кітаптары облыстың көлемінен аса алмауда». Одан әрі жүргізушілер сұрақ-жауаптың арасындаақынның жырларын оқып және Ә. Аймақ туралы Ф. Оңғарсынова, Т. Молдағалиев сынды белгілі қаламгерлердің пікірлерін беріп отырды. Аталмыш ақын жүзден астам әндерге сөз жазған. Сондықтан келген қонақтың құрметіне Р. Тайров Ә. Аймақтың сөзіне жазылған «Қайтер едім» әнін орындап берді. Қонақ құрметіне күйлер орындалып, ақсақалдармен үлкен апаларымыздың тілектері айтылып жатты. Кездесу соңында ақын зағиптарды бұрыннан білетінін оларға талай жеңгесінің орнына кітап оқып бергендігін әлде де байланысымыздың тығыз болатындығын айтып өтті. Кітапхана әдіскері Ұ. Тұранбаева өз сөзінде жазушыға кітапхана ұжымының атынан рахметін айтып, оған дайындалған сый-сияпаттармен кітапхана күшімен шығарылған «Жүрегімде өнген сөздің дәні бұл...» атты кітаптың аудио және жазық басылымдарын тарту етті. Әдеби кеш қызықты да тартымды өтті. (ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )
|