«Дүниенің бедерін жүрегіммен сеземін» (Жылдың белсенді оқырмандарын атаулы сыйлықтармен марапаттау) «Жан сезім» (Зағип ақын және композитор Р. Тайровтың шығармашылық кеші)

«Дүниенің бедерін жүрегіммен сеземін»

(Жылдың белсенді оқырмандарын атаулы

сыйлықтармен марапаттау)

«Жан сезім»

(Зағип ақын және композитор Р. Тайровтың

шығармашылық кеші)

Кітапханамызда жылда өтетін сауықтыру айлығы бұл жолы ерекше аяқтағымыз келді. Өйткені облысымызда зағип оқырмандар арасында өз өмірін өнерге арнаған азаматтар баршылық. Біраздан бері жұртқа өзінің тартымды әндерімен Тайров Рүстем Кенжеұлы танымал болып жүр. Бұл жігіт қоңыр баритонымен көпшілікті демде баурап алған сыңайлы. Сондықтан да бүгінгі қорытынды кешімізді осы азаматпен кездесуге ұйғардық. Әдеттегідей тифло залында үлкенді-кішілі оқырмандар көп жиналды. Жүргізуші жұртшылықты бүгінгі өтетін кездесудің ретімен таныстырып өткен соң алғашқы сөз кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлына берілді. Өз тарапынан басшы жиналған қауымға алғыс білдіріп алдағы уақытта тек қана жақсылықта кездесуді тіледі. Кітапханашы Л. Абжаппарова бүгінгі кештің қонағы Р. Тайровтың қысқаша өмірбаянына тоқталып, әншінің өнер жолын баяндап берді. Р.Тайров алғашқы әнін «Шымкентім - шырайлым» әнімен бастады.  Одан әрі жыл бойы кітапхананың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және жұртшылықтың көзіне ерекше түскен бірқатар оқырмандарды марапаттау рәсімі басталды. Отыздан астам оқырмандарға атаулы сыйлықтар берілді.

Олар «Саусағымның ұшымен терген қазынам», «Дыбысталған кітабым, жанымдағы сырласым», «Белсенді оқырман». Сондай-ақ келген қонақтың әндерінің арасында сауықтыру айлығында болып өткен байқаулардың да нәтижелері айтылып, қатысқан оқырмандардың орындары көрсетілді.

Олар «Жылдам оқу және жылдам жазу» байқауынан озып шыққан І-орын Қазығұрт ауданының оқырманы Жолдасбеков Бердібек (3000т), ІІ-орын иегері Шымкенттік Тайтелеева Ақжүніс (2000т), ІІІ-орын Темирова Гүлмира (1000т).

«Компьютер білесің бе?» байқауның жүлдегерлері: І-орын Құлахмедов Абдуалим (3000т), ІІ-орын Айнакулов Жарылқасын (2000т), ІІІ-орын Адилбеков Ербол (1000т).

«Қолөнер - 2014» байқауының жүлдегерлері: І-орын Мухамадаминова Набира (5000т), ІІ-орын Попенко Петр Ильич (3000т), ІІІ-орын Болдина Яна Георгиевна (2000т) алды.

Осындай жанға жағымды қуанышты сәттер Рүстемнің тамаша әндерімен боялып, жұртшылықтың көңілін бір көтеріп тастағандай. Айтылған әндердің қарапайымдылығы, қазақылығымен жүрекке жағымдылығы тыңдармандарды әп-сәтте баурап алып отырды. Айтылған әндердің тақырыбына келсек олар: «Қадір түні», «Ақ құсым»,

«Аналарға арнау», «Іздеме», «Сүйдім өзіңді», «Тырналар», «Жан сезім», «Туған жер», «Қазақстан - Нұрсұлтан», «Қоштасудың қиыны-ай».Халқымыз ән көңілдің ажары деп бекерден-бекер айтпайды ғой. Әрқашан да осындай әндер барлығымыздың жүрегімізге сенім мен сезім ұялатсын достар!

 

Сілтемені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=rC6yQ_FG5KY

(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)


 

 

 

 


 


 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет