Елі сүйген - Елбасы

Елі сүйген - Елбасы

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған танымдық іс – шара болып өтті. Іс – шара көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп интернатының 4 сынып оқушыларына арналып өтті. Мақсаты, оқушыларды Н. Ә. Назарбаевтың  өмір – жолымен, туып өскен жерімен, қызмет еткен орындары, халқына арналған жолдаулары, кітаптары, «Өзекжарды ойларымен» таныстыру. Іс – шара  оқушылардың «Әнұран» орындауынан басталды.  Елбасының өмірбаяны кеңінен әңгімеленіп, дүниеге келу тарихы тартымды етіліп баяндалды. «Ойға шабуыл» -  атты викториналық ойын жүргізіліп, оның барысында оқушылар  екі командаға бөлініп, сұрақ жауаптарын кезегімен тауып отырды. Іс – шараның кейінгі бөлімінде «жұмысшы Нұрсұлтан», «Саяси өмір бастауы..» тақырыптары талқыланды. Әрбір мәлімет балаларға түсінікті етіліп жеткізіліп отырды. Қазақстанның «Тәуелсіздік алуы» жөніндегі негізгі мәлімет өте қызу талқыланды. Оқушылардың мектеп бағдарламасында өтіп жатқан барша тақырыптары мен  беріліп жатқан мәліметтің сабақтастығы анық байқалды..

Н.Ә Назарбаевтің жазған кітаптары, «Өзекжарды ойлары», Елбасы туралы түсірілген фильмдер мен деректі фильмдер, жазған әндері жайында әдеби мазмұндағы қызықты мәліметтер өз кезегімен беріліп жатты.

Елбасының «жасампаздыққа толы өмір жолындағы» жеткен жетістіктері, шыққан шыңдары, алған асулары мен көтерілген лауазымдары таныстырылды. Өрелі отбасы, дарынды балалары жайында және де Елбасыға арнап жазылған «арнау» өлеңдерден үзінділер оқылды..

Кештің үшінші бөлімінде  «Хабар» агенттігі түсірген «Бейтаныс Назарбаев» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмде Елбасының өзі өмірбаянын қызықты етіп баяндап береді. Фильмнің ортасында отбасылық суреттер, соғыс жылдары, ашаршылық жылдары, балалық шақ суреттері т.б. бейне материалдар көркем қолданылған. Қорытынды бөлімде елдің, Елбасының асқақ армандары орындалып, қазақ деген халық дүниежүзіне танылып, терезесі тең болғаны жайында әңгіме қозғалып, кеш мәнді – мағыналы өтті.

Әдеби – танымдық іс – шараға тыңғылықты дайындалып, кештің қызықты өтуіне сүбелі үлестерін қосқан білікті мамандар, Әбжаппарова Э, Эбжаппарова Л, Козлова Е. және бөлім меңгерушісі Н. Тұяқбаевалар болды. Келелі іс – шаралар арнайы кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінде желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет