Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасында «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы кітапханасында

«Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

Өткен жері:                                                                              Өткен күні:  27.11.2014.                                            Оқу залы                                                                                  Қатысқан қызметкерлер саны -42

 

Кітапхана директоры Б.Нұрманбетов, биылғы Жолдаудың болашаққа бастайтын ұлы жол екенін айта келе, оның жүзеге асуына жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, жол, баспана мәселесінің шешімі табылатынын ерекше атап өтті. Жолдауда айтылған тұрақтылық пен келісім мәселесіне тоқталды. Елбасының жол салуға аса көңіл бөлуі қуантарлық жағдай екенін айтты. Кітапханадағы зағип қызметкерлерге түсінікті болу үшін, библиограф И.Беспалько мен кітапханашы Д.Жүргенбаева, жолдаудың негіздеріне тоқталып өтті. Ұжым тыңлап болғаннан кейін өз пікірлерімен бөлісті. Бөлім меңгерушісі С.Катишев: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауы – тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын қамтитын, Қазақ елінің болашағына нақты бағыт беріп, жол көрсететін тарихи құжат деп есептеймін. Жолдау – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйыстырады. Бұл мақсатқа ел мен елді байланыс­тыратын, өңірлер арасындағы күре тамыр саналатын жолдар торабын ретке келтіру арқылы қол жеткізуді ұсынды. Сонда ғана өңіраралық бизнес әріптестікке кеңінен жол ашылады. Мұның барлығы бизнестің көптеген өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі деді. Директор орынбасары Л.Темірбаева: Коммуналдық шаруашылық саласы да жанданатын болды. Биылғы жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 34 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 211,0 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылыпты. Жолдау – мемлекеттік мекеме­лер үшін міндетті түрде орын­далуға тиіс саяси құжат. Шымкент қаласының  әкімдігі осы орайда жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Шымкенттіктер ынтымақ пен бірліктің арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін. Бөлім меңгерушісі Н.Тұяқбаева: Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар, темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен, өзара тығыз байланысуы керек» деп атап өтті. Бұл орайда біз облыс аумағынан өтетін  «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің жарқын болашағын айта аламыз. Ғасыр жобасы аталған бұл транзиттік магистральдің 448 шақырымнан астамы біздің өңір аумағынан өтеді. Облысымыздағы бұл күре жолдың бойында бірқатар жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік нысандары пайда болатыны сөзсіз. Өңірімізде «Шымкент-Ташкент» учаскесінің құрылысы да басталғандығынан хабардармыз. Аталған құрылысты 2015 жылдың соңында аяқталуы керек екен. Бөлім меңгерушісі Ғ.Ескендірова өз сөзінде: Жолдауда айтылған өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту екендігін ерекше атап өтті. Облыс әкімінің мәлімдеуінше, биылғы қарашаның басына дейін облысымызда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасымен нақты 42 мың адам қамтылған. Бұл орайда келесі жылы 46 мың адам аталған бағдарламаға қатысады деп күтілуде. Бөлім меңгерушісі Ұ.Тұранбаева: Елбасының патриоттық тәрбиеге үлкен мән бергендігі қуантады. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз деген Елбасының сөздеріне тоқтала келіп, біздің міндетіміз осы айтылған бүкіл саясатты оқырмандарға дұрыс насихаттай отырып, көп жұмыстар атқаруымыз керек деп тұжырымдады. Кітапхана директоры Б.Нұрманбетов Елбасының сөзімен пікірлесу кешін аяқтады: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!

 

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет