«Жалындап өткен жас еді» (Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл)

«Жалындап өткен жас еді»

(Жазушы С.Ерубаевтың туғанына 100 жыл)

Біз қашанда туған өлкеміздің біртуар азаматтарын зағип оқырмандарға уақытында жеткізіп, олар жөнінде әртүрлі іс-шаралармен көрмелер ұйымдастырамыз. Биыл біздің облысымызда «Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында С. Ерубаевтың 100 жылдығына орай оның «Менің құрдастарым» романы бекітілді. Республика бойынша көптеген іс-шаралар өткізілді. Сондықтан бізде осындай әдеби кешті өткізуді жөн көрдік. Алдын-ала біршама оқырмандарға С. Ерубаевтың романын оқып келуге тапсырдық. Негізінен бұл тапсырма жастарға берілді. Бұл жолы іс-шарамызды дискуссия ретінде өткізіп осы романды талқылауға салуды жөн көрдік.

Оқу залына тапсырма берілген оқырмандардан басқа «Үміт» мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары және тағы басқа оқырмандар шақырылды. Жүргізуші Е. Бакиев Саттар Ерубаевтың өмірбаянын оқырмандарға таныстырып шықты. Бұл кісі жалындаған қысқа өмірінде көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарып, өз халқына барлық жігер күшін аямай тер төккен азамат екен. С. Ерубаев өз романында сол кездегі өз замандастарының тыныс-тіршілігін суреттей отырып, Рахмет пен Лизаның мөлдір махаббатының қиындықтарын баяндайды. Оқиға негізінен Қарағанды өңіріндегі көмір өндіріс барысында тарқатылады. Жазушы романға барар жолында өз ойын түйіндеп өмірлік ұстанымын көрсетеді. Роман желісі бойынша біржағынан барлық кейіпкерлер сол кездегі социалистік дәуір балалары болып көрсетіледі. Екінші жағынан қазақ халқының зорлық-зомбылық көріп жұмысшылардың құқықтары аяқ асты тапталып, жас қазақ қыздың ағылшын капиталистінің зорлағаны айтылады. Оқырмандар романның әрбір оқиғаларын тереңірек баяндап, оларға өз адами көзқарасын беріп отырды. Роман бойынша дайындалған жеті сұрақ бойынша оқырмандардан жауап алынып, жазушының сол кездегі қойған өзекті мәселелерін бүгінгі замандағы мәселелермен салыстырып отырдық. Мысалы, сол кездегі көмір өңдеу технологияларының нашарлығы, жұмысшылардың ешқандай сақтандырусыз жер астында жұмыс істеуі, тіреулердің нашарлығы және тағы басқа. Ал қазір ол жұмыстардың көбісі техника күшімен жасалып, шахтерлардың өмір қауіпсіздіктері бірінші жолға қойылған. Небәрі 23 жасында сұм ажал жазушыны арамыздан алып кетті. Сондықтан бұл роман аяқталмай қалған. Әйтсе де, жазушының өмірге деген сүйіспеншілігі мен туған ұлтына деген шексіз махаббаты баршамызды әрқашанда таңқалдырмай қоймайды. Пікірталас қызу және тартымды болып өтті. Көрме ұйымдастырылып көрме сөрелеріне С. Ерубаевтың бар еңбектері мен дыбысталған әдебиеттері қойылды.

(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет