«Кеудесі сәуле кең сарай» (ҚСҚ президенті Б.Аубакировке 60 жас)

«Кеудесі сәуле кең сарай»

(ҚСҚ президенті Б.Аубакировке 60 жас)

Қазақ соқырлар қоғамының жұмысы біздің кітапханамыздың іс-жоспарымен тығыз байланыста. Себебі біздің оқырмандарымыздың бәрі зағиптар қоғамының мүшесі. Әу баста арнайы кітапхананың жүйесін құрған Қазақ соқырлар қоғамы.

Қазіргі таңда зағиптар қоғамының ауыртпалығымен қиындықтарын қуаныштары мен мұң-мұқтажын отыз бес жылдан астам алып келе жатқан Байболат Абайұлы Аубакиров. Бұл кісінің мерейлі тойына бізде іс-шарамызды арнауға жөн көрдік. Әдеттегідей оқу залға үлкенді-кішілі оқырмандар жиналды. Іс-шараны бастаған кітапханашы Әділбеков Ербол. Келген оқырмандарға сәлем беріп, бүгінгі күннің тақырыбын айта отырып Байболат Абайұлының өмірбаянын айта отырды. Б.Аубакиров 1955 жылы қаңтар айының 15 жұлдызында дүниеге келіпті. Көпбалалы арғын руының тумасы. Абай ақсақалдың тұңғыш ұлы еді. Ырымдап баласының атын Байболат деп қойған. Байболат өте кішіпейіл, мейірімді жігіт болып өсті. Орта мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына түсіп, ауылшаруашылығы жұмыстарына жіберілген кезде кенеттен көз жарақатын алып, жанарынан айырылады. Өмірдің қиындығына қарамастан, Байболат Жамбыл облысы Шу ауданы, Новотроицк елді мекенінде соқырлар кәсіпорнына жұмысшы болып кіреді. Сол кездегі соқырлар қоғамының басқармасы Байболаттың еңбекқорлығын ескеріп, бірнеше лауазымдық қызметтерге тағайындады. 1980 жылы Байболат Абайұлы қазақ соқырлар төрағасы болып сайланады. Міне, күні бүгінге дейін ол кісі ерен еңбегінің арқасында экономика ғылымының докторы атағын алып, өз пайдасын қоғамымызға беріп келеді. Байболат Абайұлы үш баланың әкесі. Оның сүйікті жары Ғалия қашанда қиындықтармен қуаныштарды бөлісуде. Сонымен қатар, Байболат Абайұлы көптеген шәкірттер тәрбиелеп олар соқырлар қоғамының кәсіпорындарының жетекшілері, мұғалімдер және әншілер. Аубакиров әуесқой композитор. Оның көптеген әндері радио және теледидарда орындалып жүр. Мысалы «Ауылым менің», «Қазақ», «Астана», «Жанарым» және т.б.

Баяндамадан соң кітапханашы Л.Абжаппарова оқырмандарға   Байболат ағамыздың   кітаптарына сараптама жасады. С.Катишевтың баян аспабында сүйемелдеуімен А.Тайтелиева және Г.Темирова оқырмандарға Б.Аубакировтың бірнеше әндерін шырқап берді. Скайп ғаламтор арқылы Б. Аубакиров оқырмандармен тілдесіп, олардың бірнеше сұрақтарына жауап берді. Кездесу өте тартымды, жылы өтті.

(Катишев Сабит – ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі)

22 қаңтар, 2015 ж.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет