«Жазушының насихаты – оның көркем шығармасы» (Жазушы М.Мағауинның туғанына 75 жыл)

Аса көрнекті жазушы, белгілі әдебиет зерттеушісі, ғалым, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, бүгінгі қазақ әдебиетінің көшбасшыларының бірі Мұхтар Мағауин ағамыздың 75 жыл толуына орай  Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында  «Жазушының насихаты-оның көркем шығармасы» атты іс-шара болып өтті. Кітапханашы Э.Әбжаппар ақынның өмірбаянынан оқырмандарымызды хабардар етті. Тумысынан қабілетті, талапты бала жасынан кітапқұмар, білімге құштар болып өседі. Барлық пәнді өте жақсы оқумен қатар әдебиетке деген ынтасы ерте оянған Мұхтар мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қазақ әдебиетінің мол қырынан сусындап, әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен танысып үлгереді. Мектепті алтын медальмен аяқтап, Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітіріп оның аспирантурасын тамамдаған  Мұхтар қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті бойынша зерттеу жүргізіп, диссертация қорғауының нәтижесінде әдебиеттану ғылымына аса маңызды ғылыми жаңалық қосты. Мұхтар Мағауин сирек кездесетін білімдар, ғұлама ғалым, әмбебап қаламгер. Оның әдебиет зерттеушілігі, тарихшылдығы, көсемсөзшілігі бірімен бірі кірігіп жатқан бірлікте, ажыратуға келмейтін тұтастыққа көрініс табады. Жазушының әр бір жазған туындысын алсаңыз  негізгі түйіні қазақ тағдыры, ұлттық болмысы, бабалар өнегесі, ұрпақ болашағы, тіл мен діл жайындағы ойларға барып тіреледі. Оқу залында жазушының қылқаламынан шыққан туындылары, еңбектері және баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары  қойылған үлкен көрме ұсынылды. Оқырмандар өздеріне қызықты болған шығармалары жөнінде пікір таластырып ойларын білдіріп жатты. Осы кезде айта кететін жайт кітапханамыздың оқырмандары өз көздері мен оқи алмаса да жазушының дыбысталған кітаптарын алып оқып шыққан екен. Тағдырынан теберіш көрген біздің арнайы кітапханамыздың оқырмандары үшін осындай жазушы ағаларымыздың қолынан шыққан туындылары жүректеріне, көңілдеріне үлкен жылу береді.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )

Іс-шара 4 ақпан 2015 ж. өтті

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет