«Мың өліп, мың тірілген - қазағым» (Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай)

Биылғы жылы елімізде өте үлкен  іс-шаралар өткелі отыр. Соның ішінде, атап айтатын болсақ,  Қазақ  хандығының құрылғанына  550 жылдық мерейтойы. Осы орайда  Облыстық арнайы көзі көрмейтін  және әлсіз көретін  азаматтарға арналған кітапханасында  «Мың өліп, мың тірілген - қазағым» атты  үлкен ауқымды тарихи-танымдық  кеш  өтті. Тамырын тереңге жайған тарих беттерінен хабардар болғысы келген жастарымыз да, қарттарымыз да залға толып кетті. Іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева  «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тарихымыз жайлы біраз мағлұматтармен ашып берді. Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Туяқбаева  мен кітапханашы Э.Әбжаппар  қазақ және орыс тілдерінде  қазақ хандығының құрылуы жайлы көпшілікке баяндап берді. Бабаларымыз «Жерұйық» жерді, құтты мекенді аңсап төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, ішімен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы заман кешсе де атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа бұлжымас аманат болып келеді. Бүгінгі Қазақстан осы сан ғасырлық мемлекеттілік қағидалары мен елдік ұстанымдардың заңды мұрагері. Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата – баба арманы жүзеге асып, егемендікке ие болдық. Осы тақырыпқа байланысты   кітапханамыздың ақпараттандыру орталығы дайындаған  Қасым хан және Тәуке хан жайлы бейнероликтер екі тілде көрсетілді. Залда «Қазақ хандығының 550 жылдығына » орай үлкен ауқымды көрме ұйымдастырылды. Көрмеге хандар жайлы түрлі сан алуан кітаптар қойылды. Атап айтсақ,  хандар жайлы  брайльша яғни нүктелі – бедерлі шрифтпен, «Қазақ хандығы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» атты кітапхана студиясы үндендірген кітабы, хандар бейнесі тактильді сурет түрінде, билердің бейнелері кіші қалыпты мүсінде қойылды. Іс-шарамыздың екінші бөлімінде облыстық  Ж.Шанин атындағы драма театр  әртістері  Е. Шымырқұлов, С. Жақыпов,  Ұ. Артикбаев,  М. Нұралиев  өз өнерлерін көрсетті. Ата бабаларымыздың дау-дамай, бітім - келісімдерін әділ шеше білген үш биіміз Қазыбек, Төле,  Әйтеке билер және Абылай ханның  өмірлерінен үзінді көрініс көрсетті. Оқырмандар көріністен өте үлкен шынайы әсер алды. Арнайы кітапхана оқырмандары әртістердің шеберлігіне дән риза болды. Әртістердің өз рөлдерінде шебер ойнауының арқасында, өзімізді бағзы бір сол кезеңде өмір сүргендей сезіндік. Іс-шараны «ТVК», «Айғақ» телеарналары келіп түсірді. Кітапханамыздың белсенді  оқырмандары А.Тайтелиева өзінің әсем әнін оқырмандарымызға орындап берді. Кітапхана оқырмандарына  құрмет көрсетіп, ата - тегіміз жайлы «Халық қасиеті» атты әсем әнін Е.Темірбаев орындады.  Ж.Шанин атындағы драма театрдың белгілі әртісі  Е.Шымырқұлов ағамыз оқырмандардың сұрауы бойынша бірнеше ән орындап берді. Кеш соңында  кітапхана директоры Б. Нұрманбетов қонақтарға  алғысын  білдіріп, естелік кітаптар тарту етті. Іс - шара қызықты өте тартымды өтті.

(Эльмира Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

Іс-шара 18 ақпан 2015 ж. өтті

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет