«Наурыз нұры бақыт сыйласын!» (22-наурыз мейрамы) «Наурыз думан» байқауы (зағип жандар арасында әжелер сайысы)

Өтетін уақыты: 21 наурыз, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Ұлттық дәстүрді жанғырту аясында ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған әжелер сайысын өткізіп рухани құндылықты дәріптеу.

 

Оңтүстік Қазақтстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған кітапханамыздың тұрақты оқырмандарынан құралған әжелер байқауы болып өтті. Байқауда алдымен Ербек Бакиев мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Л.Абжаппарова кеш тізгінін қолға алып алғашқы сөз кезегін кітапхана директоры Б.Нұрманбетовке берді. Кітапхана басшысы келген оқырмандарға наурыз мерекелерімен құттықтап ақ тілегін арнады. Жүргізуші әжелер сайысына қазылық ететін әділқазылар алқасымен таныстырып сайысты бастап кетті. Әжелер сайысына кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева, тұрақты оқырман Н.Жұмағұлов, кітапхана қызметкері С.Сейтказиева қазылық жасады. Сайысқа  бес әже қатысты

1) Айнашева Гүлнар Мұхтарқызы

2) Рахимова Рахат Зұлыпқарқызы

3) Таукелова Анаш Жүсіпқызы

4) Әйтек Зәуре Әбдіразаққызы

5) Юсупова Миіркүл Еркінбайқызы

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1) Өзін - өзі таныстыру. 2) «Наурыз көже» үй тапсырмасы. 3) Атадан балаға қалған үлгі өнеге «Ырым тиымдарды атау». 4) Сұрақ- жауап, мақал-мәтел. 5)Ақ кимешектер сән үлгісі. Әжелер 5 сайыстан мүдірмей  өтіп жоғары денгейде өнер көрсетіп «Өнегелі ақ әже», «Тіл үйірер бал көже», «Мақал сөздің мәйегі», «Ұтқыр ойдың жүйрігі», «Көктем шуақ көңілге нұр» атты номинациялы дипломдар мен заттай және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қаржылай демеушілік көрсеткен Шымкент қалалық ОҚО кәсіпорын директоры М.Пірімжанов және заттай сыйлық жасаған кітапхана әкімшілігі. Байқау соңыда биыл 80 жасқа толып отырған Сайғана Мәдет әжемізды де құттықтап алғыс хатпен бағалы сыйлықтар табысталып, әсем әнге ұласып, наурыз көже таратылды. Үлкендер жағы бата - тілегін арнап, оқырмандар көктемгі ерекші көңіл күймен қуанып тарқасты.

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет