«Ғажайып ғарыш әлемі» (12 сәуір ғарышкерлер күніне орай)

Кезекті  іс–шара «Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер» күніне арналып өтті. Іс- шараның негізгі қатысушылары «Үміт» мектеп- интернатының оқушылары мен кітапхана оқырмандары болды. Іс–шара «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңін мәнерлеп оқудан басталды. Ғарыш жайындағы қызықты әңгімелерді баяндаудан басталды. Ежелгі адамдардың ғарыш жайындағы армандары, күнге қызығуы,  жұлдыздарды танып – білуге деген құштарлығы, тапқырлығы арқасында жеткен жетістіктері жайында сөз қозғалды. Екінші кезекте балалардың ғарыш, ғарышкерлер жайындағы түсініктері, ой–пікірлері ортаға салынып, жүргізуші барлық алынған мәліметті саралап, бір ортақ түсінік қалыптасуы үшін «сұрақ–жауап» ойындарын жүргізді.  Іс–шараның негізгі бөлімінде әңгіме мен мысал, түрлі деректер мен қызықты естеліктер -  танымдық мәні өте зор «Ғарышқа саяхат» атты көркем слайдына ұласты. Слайд баланың санасына жеңіл, қабылдауына оңай, есте сақтауы үшін түрлі–түсті суреттермен безендірілген. Балаларға арналып жасалғанымен, барлық адамға түсінікті, ең ұсақ нәрселерден бастап, ең көлемді тақырыпқа дейін  байқатпай ұғындырады. Алған ауызша мәліметті, толыққанды дерекпен, нақты суретпен толықтырып, санаға көркем түрде қонып алады.  Оқу залының тақырыпқа сай безендірілуіне, «Ғарышқа сапар» атты кітап көрмесін ұйымдастыруға, Ғарыш тақырыбына арналған кіші қалыпты мүсіндерді, түрлі макеттерді және т.б. құнды көрнекі құралдарды іріктеп, ұсынған, таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген «Тифлология» бөлімінің меңгерушісі Л.Абжаппарова болды. Жиын соңында балалар екі командаға бөлініп, викториналық сұрақтардың жауаптарын кезектесіп тауып отырды. Осылайша, кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген, танымдық мағынасы зор кезекті іс–шара өз мәресіне де жетті.

(Әдемі Бөрібекова  –  ОҚО арнайы кітапханасының кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

Іс-шара 9 сәуір 2015 ж. өтті

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет