«Сыршыл да, сыншыл ақын» (Ақын, жазушы Ж.Молдағалиевтың 95 жыл)

Өтетін уақыты: 15 сәуір, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: ақын – майдангер Ж.Молдағалиевтің шығармаларымен таныстыру; поэзияны насихаттау; әскери әдебиеттерді насихаттау; іс-шараларда оқырмандарды белсенділікке тарту.

 

Қазіргі мына жан жақты заманауи дамыған өмірде өскелең ұрпақ көштен кеш қалып қоймас үшін кітапханамызда жастарымызға рухани азық беретін іс-шаралар өткізіп тұрамыз.  Соның бірі қазаққа аты танымал ақын, жазушы Жұбан Молдағалиев ағамыздың 95-жылдық мерей тойына байланысты үлкен іс-шара өткіздік. Жұбан ағамыздың жастық шағы ең қиын кезеңдерге сай келеді. Ол 1940-1947 жылға дейін әскер қатарында болып, биыл 70 жылдығын атап өтетін Ұлы Отан соғысына қатысқан  ұлы майдангер ақын. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз » журналы редакцияларында жұмыс істейді. Ағамыздың тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Жазушы өзінің адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлеміне тез танылады. Жұбан – өзінің атақты «Мен-қазақпын» деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол- Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Іс-шараға  кітапханамыздан ашылған «Тағдырластар» клубының жастары қатысты. Олар ақынның Отан жайлы, туған жерге арналған өлеңдерін үлкен шабытпен орындап берді. Кітапхана оқу залында ақынның өлеңдерінен тұратын кітаптары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге ақын жайлы мерзімдік басылымдарға шыққан  көптеген мақалалар, тыңдайтын дыбысталған дискілер қойылды.  Іс-шара соңында оқырмандарымыз ақынның «Махаббат ерлігі» атты өлеңін оқып, махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетіні жайлы ұғымды бәрімізге паш еткізді. Ақын жайлы әңгіме қызықты әрі тартымды өтті.

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет