«Бірлігіміз берік, татулығымыз тұрақты» (1 мамыр ҚР Халықтарының ынтымақ күні 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)

Өтетін уақыты: 22 сәуір, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігі және этномәдениетке шақыру, көпшілік алдында сөз сөйлеуге баулу.

 

Бірлігі мықты ел озады. Ел егемендік алғалы 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұрақтылық пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл "Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы" деп белгіленді.Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Мемлекеттің басты міндеті – этносаралалық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт бірлігіне жету болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында облыстық арнайы көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Ғунча» өзбек халық ансамбілінің қатысуымен «Бірлігіміз берік, татулығымыз тұрақты» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Келген қонақтарды кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева таныстырып өтті. Оқырмандар өзбек халық ансамблін жылы көңіл-күймен қарсы алды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі  Мирхашимов Мирабдумажит Миркадырұлы оқырмандарға өзінің ыстық лебізін жеткізді. Алғашқы ән шашуларын әр ұлттың танымал әндерінен попурри орындады. Әр ұлттың әндері өзбек халық аспаптарының сүйемелдеуімен көрермендерге ерекше нәр беріп, тыңдармандарды керемет әсерге бөледі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі  Мирабдумажит Миркадырұлы оқырмандарды өзбек халық аспаптарымен таныстырып, әр аспаптың шығу тарихы мен орындалуына жеке-жеке тоқталып өтті. Өзбек халқының түрлі танымал әзіл және халық әндері өз нақышында орындалды. «Ғунча» ансамбль атауының өзі аударғанда «қауыз жармаған гүл» дегенді білдіреді екен. Оқырмандар көтеріңкі көңіл-күймен ән айтып, би-билеп бір сергіп қалды. Өз тарапынан кітапхана оқырмандары ансамбль мүшелеріне алғыстарын жаудырып, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі. Кітапхана әкімшілігі тарапынан «Ғунча» ансамбль жетекшісіне алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

 


 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет