«Кітап – алтын қазына» (23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық Құқық күні)

Өтетін уақыты: 23 сәуір, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы, кітап оқуға тарту.

 

«Халықаралық кітап және авторлық Құқық күні» деп ресми 23 - сәуір  аталғандықтан  біздің облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған  кітапханасы  бұл атаулы күннен тыс қалмай оқырмандарымыз арасында  «Кітап - алтын қазына» атты іс-шара өткіздік. Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасаң ой тоқырайды» деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатынын дәлелдейді. Алғашқы кітаптар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа мүлдем ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін  күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш  тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар  әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз 13 ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас. Шынымен де кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш , әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние. Кітапқа байланысты іс-шара болғандықтан өзін рухани баймын деген азаматтар атсалысып түгелдей дерлік қатысты. Бүгін біз «байлықтың үлкені – рухани дүние» деп айтамыз. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа  қалдырған рухани өсиеті». Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсрепов ағамыз. Әр салаға байланысты неше түрлі өлеңдер оқылып, пікір таластар болды. Абонемент залында үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар ойларында жүрген көптеген кітаптар сұранысқа ие болды.

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет