Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Алашта талай талай, ерлер өткен» (Қазақ хандығының – 550 жылдығына орай) |
Өткен уақыты: 27 сәуір, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: қоғамдық саяси әдебиеттер мен қазақ тарихын насихаттау, жастарды отанды сүюге, ұлтты құрметтеуге баулу. Қазақ халқы мекен еткен ұшқан құстың қанаты мен шапқан аттың тұяғы талатын ұшы қиыры жоқ ұлан ғайыр байтақ даламызда, сан ғасырлық сырға толы шежірелі тарихы бар аумалы-төкпелі замандар өткен. Сонау қилы замандар көшінде қазақ даласы қаншама азапты азалы күндерді басынан кешірген. Көптеген жаумен шайқасып, талай хандармен билер, батырлар елдің азаттығымен бейбіт тыныштығы үшін бастарын қатерге тігіп жандарын құрбан етіп алашта талай ерлер өтті. Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Осыған орай алаш ерлерінің ерлігін дәріптеп батырлығын бағалап хандардың қайсарлығын келер ұрпаққа кеңінен насихаттау аясында облыстық арнайы кітапханада тарихтан сыр шертетін танымдық іс-шара өтті. Тарихқа үңіліп өткеннің парақтарын ақтарар болсақ алысқа бармай-ақ кешегі қазақтың соңғы ханы болған Кеңесары Қасымұлын алайық. Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, хан Абылайдың немересі, халық хан Кене атанған Кеңесары Қасымов 1802 жылы өмірге келіп 1847 дүниеден өткен. 1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасыммен үлкен ағасы Санжар бастаған жасақтар орыс ауылдарымен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне солардың жолын жалғастырушы Кеңесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігін өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кеңесары хан 1837-1847 жылдары ұлт азаттық көтерілісін бастап патша үкіметіне қарсылық білдіріп өз елінің еркіндігі үшін бар жанымен аянбай тер төкті. Қазақ халқы оның батырлығын ұлықтап, ерлігіне тамсанып 1841 жылы орта жүзден хан етіп сайлады. Өмірін өз ұрпағының келешегіне арнап кеудесінен соңғы демі шыққанша жаумен шайқасып, қайсар жүректі асыл ер 1847 жылы ерлікпен қаза тапты. Тарих қойнауында ашылмай, тың зерттеулерді қажет ететін Кеңесарының ерліктері әлі де сырға толы іздері бар. Кітапханаға келген оқырмандар Кеңесары Қасымұлы жайында көптеген сырларға қанық болып, біршама мәліметтер мен сусындап, тарихтың тұңғиығына батып, жүріп өткен өмір жолымен өнегелі істеріне, ерліктері мен ерен енбегіне тәнті болып ерекше әсер алды. Кеш барысында оқырмандар Кеңесары Қасымұлына арналған бейнероликтерді тамашалап кітап көрмесіне қойылған сөрелерден «Хан Кене» сынды көптеген кітаптармен танысты. 45 жыл ғұмыр кешкен батыр қолбасшы әрі алаштың соңғы ханы Кеңесары есімі мәңгілік ел жадында сақталып, келер ұрпақ жүрегінде жатталып тарих төрінде, көңіл көгінде тұрары анық.
|