«Ерліктер, бағаланған күн» (9 мамыр Жеңіс күні)

Өтетін уақыты: 29 сәуір, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: соғыстың 70-жылдық мерекесіне орай жастарымызды ұлтжандылыққа баулу, Отанды сүюге,  үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесін тойлауымызға санаулы ғана күндер қалды. Осы орайда Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына шексіз бақыт әкелген ардагерлерімізбен  кітапханамызда арнайы кездесу болып өтті.

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер.

Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кешкендер-дей келе бүгінгі Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңындағы кешімізге соғыстың от жалынынан өтіп, өліммен бетпе-бет кездесіп, адамзат қасіретін көзімен көріп елге аман оралып, бізге бейбіт те шаттық өмір сыйлаған, ардагер Құдайберген Тұңғышбаев атамыз бен тыл ардагері Малюкина Анна Климентьевна қатысты. Сондай-ақ, облыстық Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері төрағасының орынбасары С.Меңдіғұлов және Ауған соғысының ардагері А.Өтелбаев ардагерлерімізге алғысын білдіріп, сонымен қатар, Ауған соғысының ардагері, облыстық зағиптар кітапханасының  директоры Б.Нұрманбетовке, Ресей Одағы Ауған соғысы  ардагерлерінің қоғамдық кәсіпорнының төрағасы 40-шы  армия генерал майоры В.Ф.Ермаковтың қолы қойылған куәлігі мен  «Участник боевых действий» медалін құрметпен тапсырды.

Кездесу барысында ардагерлеріміз өздерінің сұм соғыс жайлы естеліктерін үлкен толғаныспен, жүрекжарды әңгімелері мен  терең баяндап берді. Қаншама адамды жалмаған сұм соғыс жайлы еске алулар еріксіз оқырмандардың көзіне жас алдырды. Іс-шараға «Үміт » мектеп-интернатының әлсіз көретін оқушылары белсенді  ат салысты. Интернаттың  «Сұңқар» домбырашылар тобы «Ерке сылқым» күйін орындады. Кітапхана директоры орындаған «Катюша»-әніне ормандардың бәрі қосылып бірге шырқады. Сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангер жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алып құрмет көрсетілді.

Осы интернаттың жас оқушысы Жарқынбек Төлеген соғыс жайлы шығарған «Ұлы Жеңіс» өлеңін ардагер аталарымыздың алдында зор мақтанышпен оқып берді. Мектеп-интернаттың оқушыларынан құрылған «Самғау» тобының орындауында шырқалған «Ана» туралы  және «Ямайка» әндері  оқырмандарды керемет бұлбұлдай дауыстары мен таң қалдырды. Кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбева ардагер ата апаларымызға басын иіп, алғысын білдірді. Ардагерлер кітапхана атынан гүл шоқтары мен сыйлықтарға ие болды. Кездесу соңында кітапхана директоры Б.Нұрманбетовтың орындауында «День Победы» әні шырқалды. Ардагерлермен кездесу кеші есте қаларлықтай өте танымды өтті.  Қайта сайланған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге Мәңгілік елге айналайық, елімізде тыныштық, береке, ынтымақ мол

болсын.

 

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет