Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Живу и помню» (Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай) |
Өтетін уақыты: 6 мамыр, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: Отанға деген патриоттық сана-сезімді насихаттап, соғыс және тыл ардагерлерін аялап құрметтеуге және қай ел болса да халықтар бірлігі мен татулығын сақтай білуге тәрбиелеу болды.
6 мамыр күні ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында Қазақстан, Ресей, Беларуссия мемлекеттерінің 9 облысының (Шымкент, Алматы, Гомель, Волгоград, Херсон, Курск, Белгород, Ростов, Воронеж) зағип азаматтарға арналған арнайы кітапханаларының қатысуымен тікелей байланыста телекөпір болып өтті. Бағдарлама Ресей мемлекетінің уақытымен сағат 10-00 де, жергілікті уақытпен 13:00 де басталды. Телекөпір: Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесіне орай соғыс жылдарында аянбай еңбек етіп, жандарын құрбан етіп, келер ұрпақтың кемел келешегі үшін бейбітшілік жолында күрескен батырлардың ерлігін дәріптейтін, бабаларға арнап шығарылған «Живу и помню» атты кітабының тұсаукесері аясында болды. Телекөпірде арнайы кітапханалар басшылары және «Живу и помню» кітабына соғыс ардагерлерінің өз дауыстарымен жазылған естеліктеріне байланысты сол ардагерлер, сөз сөйледі. ОҚО арнайы кітапханасында А.Власов, В.Холодова еңбек, тыл ардагерлері және де соғыс жылында өмірге келген В.Качан қонақта болды. Кітапхана қызметкері О.Русинова кешті жүргізіп баршаны Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге сөз кезегін берді. Қариялар келер ұрпаққа бейбіт заманның тыныштығын тілеп, ақ бата мен жүрекжарды тілектерін жолдады. Сонымен бірге кітапхана директоры Б.Нұрманбетов ардагерлерді мерекемен құттықтап ерен ерліктеріне шексіз алғысын білдіре отырып «Дорогие мои старики» атты әсем әнмен сабақтастырды. Халықаралық телекөпір байланысынан кейін Отан үшін от кешкен ардагерлер, шексіз ризашылығымен алғыстарын білдіріп жас ұрпаққа жақсылықпен амандық тілеп, еріксіз жанарларына жас алып қуаныштарын жасырмады. Облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері ардагерлермен естелік суретке түсіп, ұзақ өмір, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеп арнайы гүл шоқтарымен сый сияпаттарын тарту етті. Өмір белестерінде өлшеусіз үлес қосқан, Отан жолында жан тәнімен аянбай жанын қиған, батыр бабалар есімі мәңгілік ел жадында сақталып, тарих тақтасында алтын әріптермен жарқырап жазылып қала бермек. Арада талай уақыт өтсе де ер еңбегі Отан алдында ұрпақ санасында жаңғырып қала бермек.
|