Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Тұңғыш генерал – С.Рахимов» |
Өтетін уақыты: 13 мамыр, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: ардагерлерімізді құрметтеу және оларды білу мақсатында үгіт насихат жүргізу, соғыс туралы әдебиеттерді насихаттау. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін еліміздің барлық өлкелерінде қошеметпен атап өтудеміз. Қан майданда азаттық жолында өз жандарын құрбан еткен ардақты ардагерлеріміз жыл сайын арамыздан сиреп барады. Сондай ұлы қайталанбас тұлғалардың бірі қазақтың тұңғыш генералдарының бірі, біздің жерлесіміз, Оңтүстік тумасы киелі Қазығұртта туып өскен генерал Сабыр Омарқұлұлы Рахимов. Осынау ұлан ғайыр даланы бар жан тәнімен ел үшін қанын қиып, жанын берген батыр баба ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау аясында ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Тұңғыш генерал – Рахимов» атты іс-шара болып өтті. Шара аясында Сабыр Рахимовтың ерен ерлігі мен өмір тарихынан сыр шертетін деректі фильмдер мен бейне жазбалар көрсетіліп, естелік әңгімелер айтылды. Кең көлемді екі тілде кітап көрмесі ұйымдастырылды. 43 жыл өмірінде қыруар еңбек атқарған соғыс даласында жауға жүректілігімен, біліктілігімен, сауатты басшылығымен, қажырлы күш-қайратымен аянбай тер төгіп, қазақтан шыққан тұңғыш генерал атанып, ерлікпен 1945 жылы наурыздың 26 жұлдызында жеңіс күніне бір жарым ай қалғанша шайқасып, Польшада Данциг қазіргі Гданцк қаласында қаза тапқан. Сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына қойылған. Батырдың жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктері, атақ-данқтары мен атқарған еңбектерін кітапхана қызметкерлері көрермен қауымға тұтастай таныстырып жеткізді. Қазақ халқының ел үшін туған дара батырлары қаншалықты кең көлемде дәріптеліп, ұлт жүрегімен ұрпақ санасына сіңірілсе соншалықты ұлт жадында сақталып, өміршең мұра болып қала бермек. Кітапхана оқырмандары осындай ұлы тұлға, атақты тұңғыш генерал Сабыр Рахимовпен кеңінен танысып, түрлі фотосуреттерін көріп, ердің ерлігіне тәнті болып, әр қазақтың баласы осындай ержүрек, Отанға деген махаббаты берік болсын деген тілектерін ақтарып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
|