Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Мөлдіреген жыр сезім» (Жазба ақындар жыр мүшайрасы) |
Іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын көпшілікке паш ету. Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада ОҚО «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және арнайы кітапхана және ОҚОЖҚҮ және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен жалпы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық «Мөлдіреген жыр сезім» атты жазба ақындардың жыр мүшайрасы болып өтті. Мүшайраны өткізудегі негізгі мақсат: мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын шыңдап, өмірге деген махаббатына мән кіргізіп өнерін өрістетіп, талабын ұштап өлең жыр жазатын ақындардың тың туындыларын қоғам назарына ұсынып, көпшілікке паш ету болып табылады. Осыған орай өткен жыр мүшайраға облысымыздың 10 ауданынан 11 үміткер қатысып, берілген тақырыптарға өлеңдерін жолдады. 1- тақырып жеңістің 70 жылдығына арналса, 2 тақырып «Өмірдің сүйемін әр күнін» атты өлең болатын және еркін тақырыпта қосымша жырлар қатыстырылды. 7 үміткер жүлделі орындарға ие болды. Кеш тізгінін, кешті ұйымдастырушы аталмыш бірлестік төрайымы Ермаханова Мадина мен бірлестік төрайымының орынбасары арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиев жүргізді. Алдымен бірлестіктің атқарған жұмыстарымен жеткен жетістіктерін көпшілікке таныстырып өтіп одан әрі мерекелік кешті ашып беру үшін қолдау көрсеткен арнайы кітапхана басшысы Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлына сөз берілді. Кітапхана басшысы қатысқан ақындарға шығармашылық табыс тілеп оқырмандарға әсерлі ойымен бөлісті. Кеш барысында әуезді әндер орындалып тамаша туындылар оқырман қауымның жүрегіне жол тартты. Мүшайраға қатысқан үміткерлер жеңістің 70 жылдығына және өмірге шексіз құштарлығынан туған жүректен шыққан тұнық сезімге толы жауһар жырларын оқыды. Ақындарға ерекше сый құрмет жасалып, арнайы орындармен қаржылай сыйлықтармен дипломдармен гүл шоқтары және ҚСҚ төрағасы Алтынбеков Нұрғали сөз алып жеңімпаздарды құттықтап Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауй кесенесі бейнеленген суреттерді тарту етті. Мүшайраның жалғасы ОҚО «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жарыққа шыққан жас ақын ОҚО арнайы кітапхана қызметкері Ербек Бакиевтың «Жас жаным құштар ақ таңға» атты кітабының шығармашылық тұсаукесер кешіне ұласты. Кешті арнайы кітапхана директорының орынбасары Темірбаева Ләззат Сағынбекқызы жүргізді. Шығармашылық кеште жас ақынның жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндерді Ермаханова Мадина, Төребай Нұржан, Смандияр Айнұр, Тайтелиева Ақжүніс сынды талантты әншілер өз нақышында орындады. Кеш соңында ақын сөз алып, жаңа жазылып сиясы әлі кеппеген «Өмір көші» атты тың туындысын оқырманға паш етіп, келген қонақтарға алғыс білдіріп, ақ тілегін жолдады. Кітапхана ұжымы ақынға лайық сый жасап бағалы заттай сый-сияпаттар тарту етті. Келген көрермен әдебиет айдынында халықтап, поэзия әлеміне терең бойлап өлең жыр мен әсем әндерден рухани зор азық алып, ерекше сезіммен толқып, мөлдіреген жыр сезімнің кәусарына қанып қайтты.
|