Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
ОҚО бойынша «Бір өлке – бір кітап» акциясында таңдалған Т. Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесі |
Жыл сайын біздің елімізде және облысымызда «Бір ел - бір кітап» деген атаумен акция жүргізіледі. Біздің облысымызда биылғы жылы «Бір өлке - бір кітап» акциясы аясында жерлесіміз Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесі алынды. Осындай игі істерден тыс қалмайтын біздің ОҚО облыстық арнайы көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы кезекті іс-шарасында Тәкен ағамыздың «Телқоңыр» шығармасын оқырмандармен өткізді. Оқу залында Тәкен ағамыздың кітаптары қойылған үлкен көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар көрмеге дыбысталған және үндендірілген кітаптар мен бедерлі-нүктелі кітаптары қойылды. Жүргізуші Тәкен ағамыздың шығармашылығымен оқырмандарды жете таныстырып өтті. «Телқоңыр» әңгімесін оқырмандар сондай бір тебіреніспен ұйып тыңдады. Жазушының өмірде болып жатқан қарапайым оқиғалардан алынған көріністері адамның жанын тебірентіп жібереді. Белгілі жазушы Тахауи Ахтанов айтып кеткендей Әлімқұлов әңгімелерінің қаһармандарының сарыжайлау, самал жел төскейдегі, көк балаусалы көл жағасындағы бейқам тірлігінің өзі неткен драма, деп ақынның жаны кереметтей суретші екенін дәлелдейді. Тәкен Әлімқұлов ұлы Абай жайлы жазған «Жұмбақ жан» шығармасында Абай - азамат, қайраткер, санаткер, ойшыл ақын. Ол өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы. Ол өз дәуірінің күрескері деп атап өткен қылқалам шебері. Іс-шара барысында Абай атамыздың өлеңдерін оқырманымыз Жапабаев Нұрлыбай ағамыз пианинода нақышымен орындап берді. Іс-шара музыкалық әуенмен әсерлі де қызықты болып өтті.
(Э. Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы) 5 тамыз 2015 ж.
|