«Қазақ жырының жезкиігі» (Ш. Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл)

Қазақ вальсінің құдіреті, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың 85 жасқа толған еске алу кешін  ОҚ облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында  қазақ және орыс тілдерінде тебіреніспен атап өттік. Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ.

Кітапханашылар  О.Русинова және Л.Абжаппарова «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» деп Абай атамыз жайдан-жай айта салмаған шығар. Ән мен жанның өзара үйлесімінен  асқан ғажайып әлем бар ма екен?  Жан жүректі жылытатын да жұбататын да осынау сиқыр сазды,  тылсым назды, құпия құдіретті дүрия дүние емес пе? Осындай сөздермен композитор Шәмші Қалдаяқовтың өлеңге деген махаббатын  айтып өтті.

Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат- осының бәрі  Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық емес.

 

Шәмшіге айт,тағы бір таңдандырсын.

Жандандырсын жүректі,жандандырсын !

Мәңгілік махаббатын айта жүрер,

Мәңгілік  өлмейтұғын ән қалдырсын - дей келе, автордың өз өмірінің кезеңдерінен алынған  сазды өлең «Сыған серенадасы» әуені шырқалды.

Оқырмандар назарына  Шәмші Қалдаяқов ағамыздың туып өскен жері мен композитордың шығармашылығы жөнінде  екі тілде бейне роликтер көрсетілді. Жыл сайынғы өтетін Шәмші фестивалінің жүлделі орын иегері Ержан Темирбай композитордың әндерін  нақышына келтіріп орындап берді. «Үміт» мектеп интернатының түлегі, Республикалық «Жұлдызай» балалар байқауының 2 орын иегері, әнші және күйші  Орал Махамбет Шәмші ағамыздың әндерін оқырмандарға  ұсынды.

Шәмші Қалдаяқов жайлы түсірілген деректі фильмді оқырмандар аса назармен тамашалады. Оқу залында Шәмшіге  арналған кең көлемді кітаптар көрмесі  ұйымдастырылды.

Ш. Қалдаяқов – дарынды композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы - елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады.

Оқырмандар  Шәмшінің  әндері орындалғанда еріксіз қосылып, бірге шырқап отырды.

(Э. Әбжаппар – ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы)

12 тамыз 2015 ж.

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет