Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Өнегелі өмір, өлмес мұра» (Жазушы М.Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл) |
Іс-шараның мақсаты: Жазушының шығармашылығы мен көркем әдебиеттерін насихаттау; оқырман қауымын кітапханаға қызықтыру және тарту. Кеңес Одағының батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр Мәлік Ғабдулиннің туғанына 100 жыл толуына орай ОҚО арнайы кітапханасында «Өнегелі өмір, өлмес мұра» атты оқырмандар арасында әңгіме өткізілді. Қаһарман - ғалым Мәлік Ғабдулиннің Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған шығармалары тарихи және көркемдік мәнімен өзгешеленеді. Сөз өнерін ардақтап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың, ізгілік –адамгершілік қасиеттің, рух-жігері асқақ қайраттың иесі Ер Мәлік лапылдаған оттың, «көкала түтіні бұрқырап» гүрсілдеген оқтың ішінде жүріп, өнімді, өнікті еңбектеніп телегей шығармалар туындатқанына қайран қалмасқа болмайды. Сұрапыл соғыста бірге болған майдангер жолдастарының ерлігі мен батылдығын қас жау мен күресіп қана қоймай, ақ парақ бетіне мемуар естелік ретінде түсірген Мәлік соғыстан кейін қаншама шығармаларды дүниеге әкелді. Мысалы, «Досыма хат» дейтін жазбаларындағы мына бір ой-толғамын еске алсақ; «... Ай артынан ай туып, жыл соңынан жыл да келер». Бүгінгі ауырлық, сұрапыл соғыстың дәуірі ертең-ақ шаттық, алтын нұрын шашқан сәулет күніне жеткізер. Сол кездерде өткен уақыттың оқиғаларына көз салармыз. Адам тарихынан ғасырлар бойы өшпестік орын алған талай-талай белестерді, мақтаныш етерліктей болып жасалынған мазмұнды істерімізді, халқымыздың абырой-атағы, даңқы, намысы үшін жас өмірін қаза еткен батыр бауырларымызды еске түсірерміз. Олардың ерлік істерін, олардың бізге қосқан аманатын «қасықтай қаның қалғанша халқыңа қызмет ет» деген тапсырмаларын еске алармыз. Осындай қайратты терең ойлы тұжырымдар айтып кеткен батыр бабамызды мәңгі есте сақтау біздің қазақ жастарының борышы, міндеті деп есептейміз.Әңгімеміздің бірінші парақшасында Мәлік Ғабдуллин жайлы естеліктер қозғалса, екінші парақшасында жазушының
|