Негізгі
Библиографқа сұрақ қойыныз
Мы в социальных сетях
«Халықтар бірлігі – мәңгілік ел тұғыры» циклынан: (2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы) |
Өткізілген уақыты: 23 қыркүйек, сағ 11-00. Іс-шараның мақсаты: халықтар арасындағы достықты насихаттау, оқырмандарды кітапханаға тарту.
Қазақ халқы қашанда өзгені өгейсінбей қиын қыстау заманалар көшінде де, бейбітті күнде де бауырмалдық танытып, төсінен төріне дейін орын берген. Бүгінде көпұлтты мемлекет көк тудың астында бас қосып тәуелсіздіктің таңында бақытты да баянды ғұмыр кешуде. Оның жарқын бейнесін биылғы атқарылған сан алуан шаралар көрсетіп берді. Осындай шаралардың бірі «Халықтар бірлігі мәңгілік ел тұғыры» атауымен ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада өтті. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай Славян ұлттық мәдени орталығынан арнайы қонақтар келіп, мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. Кітапхана директорының орынбасары Л.Темірбаева оқырман қауымға келген қонақтарды таныстырып «Тіл мерекесі» күнімен құттықтады. Мерекелік кешті Дубовская Вера жүргізді. Кеште өнер көрсеткен Г. Юнусметова, Райт Татияна, Евтухов Анатолий сынды өнер майталмандары болды. Ынтымақпен бірлікті, татулықпен тыныштықты ту еткен қазақ елі ешкімді жатсынбай бауырына басып, барын берген кеңпейіл дана халқымыз бүгінде бейтшілік заманда ұлтаралық жарасымдылықтың көрінісін айқындауда. Біз бүгін оның куәсі болдық. Мерекелік бағдарламаны 40-тан аса көрермен тамашалады. Ән айтып жыр да оқылды. Келген қонақтар қазақ әндерін орындап көрермендерді бір серпілтіп тастады. «Куә бол» әнін және биыл 85 жылдық мерейтойын ел болып тойлаған Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» атты әндері кештің сәнін кіргізді. Әдемі әзіл әңгімелермен көмкерілген көңілді кеш «Песня остается с человеком» әнімен қортындылады. Кеш соңында Ләззат Сағынбекқызы «Еліміз аман, заманымыз тыныш, бейбітті күндеріміз татулықпен тұғырлы болғай» деген тілекпен келген өнер иелері, дарынды қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттарымен гүл шоқтарын табыстады. Оқырмандар қонақтармен бірге суретке түсіп, әдемі сәттермен қимай-қимай тарасты.
|