«Жұмекен – жырдың жаратылысы» (Ақын, ҚР Әнұран авторының бірі Ж.Нәжімеденовтің туғанына 80 жыл)

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі

Іс-шараға қатысушылар, саны: 48 оқырман

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 2 желтоқсан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен өнер жолындағы еңбектері жайында оқырмандарға мағлұмат беру

 

ОҚО көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің 80-жылдығына орай «Жұмекен жырдың жаратылысы» атты іс-шара өтті.

Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтың тәрбиесін алған. Туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған да сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары жайлы сыр шерткен. «Жұмекен сабақты жақсы оқыды. Әрі мектепке баруы мұң екен, домбыраға төселіп жүре берді.Ауылға келген сайын үйренген жаңа күйлерін тартып беретін. Ал одан босағанда малды ауылдың науқанды жұмыстарына қатысатын», - деп еске алады балалық балдәурен кезін бірге өткізген жолдасы Хамидолла Қабдешов.

Жұмекен Нәжімеденовтің 60-шы жылдан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жалын», «Жазушы» баспаларынан жарық көрді. Ақынның шығармаларының бәрін айтып кету мүмкін емес. 1967 жылы «Жоқ,ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін  Қазақстан Ленин комсомолы  сыйлығының лауреаты атанды.

Жұмекен Нәжімеденов мәтінін жазған «Менің Қазақстаным» әні 2005 жылы әнұран болып бекітілді. Осыдан 50-жыл бұрын , 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазылған екен. Кейін 1986 жылы сонау желтоқсан көтерілісінде алаңға шыққан қазақ жастары  «Менің Қазақстаным» әнін бірауыздан шырқап шыққан еді. Ән оларға патриоттық дем беріп, алға, болашаққа жетеледі. Солай тәуелсіздіктің арқасында әннің сөзі қайта өңделіп Елбасының авторлығымен ресми әнұранға айналды.

Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына 6 күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күйі енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды.

Ақын өмірден озса да оның жазып кеткен өлеңдері халық аузында айтылып, мәңгі өшпейді.

Ақынның шығармалары кітап көрмесінен орын алды. «Ақ сүт», «Кетік кірпіш» атты поэмаларын оқырмандар сондай бір тебіреніспен ұйып тыңдады. Іс-шара барысында еліміздің ең бірінші әнұраны тыңдалып, соңында еліміздің мемлекеттік әнұранымен аяқталды.

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет