Іс – шаралар
1,06,2026 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
18.06.2026 13:03

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы кітапхана Орталық саябақта мерекелік мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамдағы бала құқығының маңызын насихаттау және көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.

 

Мерекелік бағдарлама балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттауға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Орталық саябақта өткен бұл жарқын мереке балалар мен ата-аналардың көңілінен шығып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Арнайы кітапхана ұжымы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ, зор денсаулық және шығармашылық табыс тіледі.

Жаңартылған 18.06.2026 13:08
 
29,05,2026 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
18.06.2026 12:34

«Бейбіт елдің бақытты балғындары»

1  маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1  маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мен Шымкент қалалық арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен «Бейбіт елдің бақытты балғындары» атты мерекелік шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты – зағип және көру қабілеті төмен балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғам тарапынан қамқорлық пен қолдау көрсету.

Мерекелік кеш барысында балаларға арналған қызықты ойындар, көңілді эстафеталар, ән-билер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, тақпақ оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері қатысып, балалармен бірге ойын-сауық бағдарламаларын өткізді.

Шара соңында кішкентай қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен тәттілер табысталды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің басты сәніне айналды.

«Бейбіт елдің бақытты балғындары» атты мерекелік кеш балаларға ерекше әсер сыйлап, мейірім мен ізгілікке толы тағылымды шара ретінде есте қалды.

Жаңартылған 18.06.2026 12:44
 
28.05.2026 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
18.06.2026 11:27

«Көкбұлақтың күмбірлі кеші»

Айтыскер ақын Карима Оралова бастаған «Көкбұлақ» мәдениет ұжымы Шымкент қалалық арнайы кітапхана зағип оқырмандарына қайырымдылық концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға рухани қолдау көрсетіп, мәдени орта қалыптастыру және өнер арқылы ізгілік пен мейірімділікті насихаттау. Концерт барысында көрермендерге ән-күй, ұлттық өнер және тәрбиелік мәні зор шығармалар ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш қонақтары өнерпаздардың шынайы ықыласына ризашылық білдіріп, мәдени шара жоғары деңгейде өтті. Бұл қайырымдылық концерті кітапхана мен мәдениет ұжымының ынтымақтастығын нығайтып, оқырмандарға ерекше әсер қалдырған тағылымды кездесу болды.

Жаңартылған 18.06.2026 12:10
 
07.05.2026 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
18.06.2026 11:09

«Мен оқыған шығарма»

«Тағдырластар» клубы

6 мамыр күні Шымкент қалалық арнайы кітапханасында «Тағдырластар» клубының «Мен оқыған шығарма» атты кезекті кездесу кеші өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді.

Кеш барысында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған әндер орындалды. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан арнайы қонақ болып келген Сахи мен Қамажай есімді жас жұбайлар өнер көрсетіп, жаңа достар тапты. Сонымен қатар Алматы қаласынан келген жас талант Аружан белсенділік танытты.

Кеш барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Жастар өлең оқып, шараның шырайын кіргізді. Кітапхана директорының орынбасары Әбжаппар Эльмира Ақылбайқызы сөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Жаңартылған 18.06.2026 11:17
 
26,03,2026 PDF Print E-mail
Жаңалықтар - Іс – шаралар
Авторлар: specbib   
31.03.2026 17:43

 

«Бала үні – Әлем үні»

(әнші-сазгер Айзада Бекенқызымен кездесу кеш)

Кітапханада қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген талантты әнші-сазгер Айзада Бекенқызымен кездесу болып өтті. Шараның басты мақсаты – оқырмандарды өнер иесінің шығармашылығымен таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпаққа рухани-эстетикалық тәрбие беру.

Кездесу барысында Айзада Бекенқызы өзінің өнер жолы, шығармашылық ізденістері мен әндерінің шығу тарихы туралы сыр шертті. Сонымен қатар кеш қонақтары әншінің орындауындағы әсем әндерді тыңдап, сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл рухани кеш – өнерді сүйетін қауым үшін ерекше әсер сыйлап, ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған тағылымды басқосу болды.

Кеш қонақтары айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетов, Қазақ жазушылар одағының мүшесі, ақын Омархан Даутов, Сазгер әнші Есенкелдиева Роза, әнші Абылайхан Оспанов келді.

Автордың әндерін Шегебай Бақнұр «Ақ мамам», Тәліпбай Айдай «Апатайым», Бекет Әмина «Ата Әже», Әрсен Дархан «Отан» көптеген шәкірттері орындады.

«Ғибрат» мәдени-демалыс клуб мүшелері және келген қонақтар әуезді әндерді тыңдап, ерекше әсерге бөленді.

Жаңартылған 31.03.2026 17:53
 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 3 из 43