Іс – шаралар
03,06,2026

Жазға жоспар құрдың ба?

«Тағдырластар» клубының кездесуі

 

3-ші маусым күні Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Жазға жоспар құрдың ба?» атты «Тағдырластар» клубының маусым айына арналған кезекті кездесуі өтті. Кешті Ербек Бакиев жүргізді. Алдымен маусым айында туған, туған күн иелерін құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті. Түрлі сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Камал Тоғжан, Көпжасар Ұлбике жырдан шашу шашып, көпті поэзия биігіне жетеледі. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданынан арнайы келген Аманжол Мұқамбетказиев пен Айкөркем Қарабаева және Қасымхан Тәңірбергенов, Алладин Талиев, Сұлтан Маннатов, Ернар Бердалиевтер кештің көркін әсем әнмен кіргізді.

 

Жүргізуші қатысушыларға әдеби сұрақтар қойып, түрлі кітаптарға тоқталып өтті. Әрбір келуші оқырман шара барысында жазға арналған жоспарларымен бөлісті. Экран арқылы ақпараттық танымдық арнайы бейнематериалдар көрсетілді. Кеш соңында жиналған жастар топтасып естелік суретке түсіп көңілді тарасты.

 
1,06,2026

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы кітапхана Орталық саябақта мерекелік мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамдағы бала құқығының маңызын насихаттау және көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.

 

Мерекелік бағдарлама балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттауға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Орталық саябақта өткен бұл жарқын мереке балалар мен ата-аналардың көңілінен шығып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Арнайы кітапхана ұжымы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ, зор денсаулық және шығармашылық табыс тіледі.

 
29,05,2026

«Бейбіт елдің бақытты балғындары»

1  маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1  маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мен Шымкент қалалық арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен «Бейбіт елдің бақытты балғындары» атты мерекелік шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты – зағип және көру қабілеті төмен балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғам тарапынан қамқорлық пен қолдау көрсету.

Мерекелік кеш барысында балаларға арналған қызықты ойындар, көңілді эстафеталар, ән-билер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, тақпақ оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері қатысып, балалармен бірге ойын-сауық бағдарламаларын өткізді.

Шара соңында кішкентай қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен тәттілер табысталды. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің басты сәніне айналды.

«Бейбіт елдің бақытты балғындары» атты мерекелік кеш балаларға ерекше әсер сыйлап, мейірім мен ізгілікке толы тағылымды шара ретінде есте қалды.

 
28.05.2026

«Көкбұлақтың күмбірлі кеші»

Айтыскер ақын Карима Оралова бастаған «Көкбұлақ» мәдениет ұжымы Шымкент қалалық арнайы кітапхана зағип оқырмандарына қайырымдылық концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар оқырмандарға рухани қолдау көрсетіп, мәдени орта қалыптастыру және өнер арқылы ізгілік пен мейірімділікті насихаттау. Концерт барысында көрермендерге ән-күй, ұлттық өнер және тәрбиелік мәні зор шығармалар ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш қонақтары өнерпаздардың шынайы ықыласына ризашылық білдіріп, мәдени шара жоғары деңгейде өтті. Бұл қайырымдылық концерті кітапхана мен мәдениет ұжымының ынтымақтастығын нығайтып, оқырмандарға ерекше әсер қалдырған тағылымды кездесу болды.

 
07.05.2026

«Мен оқыған шығарма»

«Тағдырластар» клубы

6 мамыр күні Шымкент қалалық арнайы кітапханасында «Тағдырластар» клубының «Мен оқыған шығарма» атты кезекті кездесу кеші өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізді.

Кеш барысында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған әндер орындалды. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласынан арнайы қонақ болып келген Сахи мен Қамажай есімді жас жұбайлар өнер көрсетіп, жаңа достар тапты. Сонымен қатар Алматы қаласынан келген жас талант Аружан белсенділік танытты.

Кеш барысында қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Жастар өлең оқып, шараның шырайын кіргізді. Кітапхана директорының орынбасары Әбжаппар Эльмира Ақылбайқызы сөз сөйлеп, барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 41