Іс – шаралар мұрағаты
«Сұлулықты көзбен көрме, жүрекпен көр» «Көктем аруы» байқауы

«Сұлулықты көзбен көрме, жүрекпен көр»

«Көктем аруы» байқауы

Көктем мезгілі жер бетіндегі барлық тіршіліктің оянып, жаңарып адамдардың да көңіл-күйі жасарып, басқа өмір басталатын кезі. Біздің оқырмандарымыз көз жанарынан айырылған жандар болса да көктемнің лебімен әсерін ерекше сезінетін жандар. Сондықтан Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында біз кітапхана тифло залында зағип арулар арасында «Көктем аруы» байқауын өткізуді жөн көрдік. Қатысушылар зағип болғандықтан байқаудың ережелері ерекше болды. Байқауымыз 6 турдан тұрды. Оның шарттарымен таныстырып өтейік.

1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.

2 - шарт. «Шебер қолдар» қолөнер сайысы. (Үй тапсырмасы).

3 – шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу

4 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі. Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тексеру!

5 шарт: «Менің дастарханым» (Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді). Жеміс ассортиі. Картоп, сәбіз (қабығынан таза әрі тез ашу)

6 - шарт.«Сұлулық әлемді құтқарады», әр қыздар сән үлгілерін көрсетеді.

«Көктем аруы» байқауының әділқазы алқасы:

1. ОҚО Шымкент қалалық оқу-өндірістік кәсіпорынның директоры Пірімжанов Марат Аханұлы.

2. Бөлім меңгерушісі Тұранбаева Ұлбике Мұтанқызы.

3. Қызмет көрсету бөлім меңгерушісі Тұяқбаева Назиля Тұрабайқызы.

4. Жеке кәсіпкер бүгінгі іс-шараға демеушілік көрсетіп отырған ағамыз Сыздықов Жұманәлі Мұсаәліұлы.

Байқау қызықты да тартымды болу үшін біз өз тарапымыздан жүргізушілерді оқырмандар арасынан тағайындауды жөн көрдік. Сонымен алғашқы ниет білдірген ІІ-топтағы көз мүгедектері Каттабекова Гүлсара мен Мухамадаминова Набира бекітілді. Бұл жолы әдеттегідей тифло залына келуші оқырмандар көп болды. Алдын-ала хабарланған соң көздері көрмейтін арулар қалай қатысады екен деді ма, жоқ әлде қатысушыларға жанкүйер болам деушілерме, әйтеуір жастар мен қарт кісілерді отырғызатын орын таппай біз қосымша отыратын жерлерді дайындауға тура келді. Іс-шара басталысымен-ақ жүргізушілер аруларды ортаға шақырып оларды өз-өзін таныстыру тапсырмасын берді. Арулар өздерін таныстыру барысында шыққан тегін, келген ауданын, әке-шешесін, өздерінің хоббиін тағы басқа жан-жақты мәліметтер беріп отырды. Іс-шара жоспары бойынша көрермендерді жалықтырып алмау үшін осы байқауға келген қонақтар сөзге тартылып, олар өздерінің әкелген сый-құрметтерімен әндерін ұсынып жатты. Атап өтсек, Жетісай қаласына келген ІІ-топтағы зағип ақын Бакиев Ербек өз жүрегінен шыққан «Қыздарға» атты өлең жолдарын оқыса, Қазығұрт ауданынан келген ІІ-топтағы зағип әнші Тайров Рүстем «Іздеме» әндерімен арулар мен көпшілікті сусындатты. Байқаудың екінші және үшінші айналымында біз арулардың әділқазы алдына әкелген тамаша қолөнер бұйымдарына куә болдық. Олар Кентау қаласынан келген І-топтағы зағип қатысушы Қожамұратова Құралайдың әдемі кестелі орамалы болса, Түлкібас ауданынан келген І-топ көз мүгедегі Амангелді Әсемнің су моншағынан тізілген бонзай гүліне немесе Сайрам ауданынан келген І-топ көз мүгедегі Умаралиева Мамураның сәнді тоқыма қалпағын көріп бір серпіліп қалдық. Одан әрі қолөнер көрсетілімі арулардың өнер көрсету сайысына ұласты. Ортаға шыққан арулар біріне-бірі бергісіз өздері дайындап әкелген әндерімен жыр жауһарларын ұсынып жатты. Мәселен, Умаралиева Мамура өзінің өзбек ұлты екендігіне қарамастан қазақ тілінде С. Байкенжиеваның «Мені сағынғанда» атты өлеңін мәнерлеп оқып, көрермендердің тұла бойын бір шымырлатты. І-топтағы көз мүгедегі Тайтелеева Ақжүніс өз сүйемелдеуімен қос ішекті домбырада И. Сапарбайдың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты әнін нақышына келтіріп орындап берді. Байқаудың басты мақсаты арулардың жан-жақтылығын дәлелдеу болатын. Сондықтан іс-шараның ендігі талабы сұлулардың біліктілігін сынау болды. Білім додасына түскен арулар әрқайсысы 6 сұрақпен 5 мақал-мәтелдің жалғасын айтып беру керек болатын. Қойылған сұрақтар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен әдет-ғұрыптары мен өмір тынысын қамытса, мақал-мәтелдер қазақ қоғамындағы қарым-қатынастарды жақсылық пен жамандықты кедейлік пен байлықты және тағы басқа мәселелерді қозғап отырды. Бұл жерде де сұлулар тер төгіп біреуі алға шығып жатса, ал біреулері қобалжу мен толқу үстінде кейбір жауаптардан қалып жатты. Әйел отбасының берекесі екені айдан анық. Сондықтан бұл байқаудан дастархан әзірлеумен тағам дайындауға да көңіл бөлінді. Бұл айналымда арулар белгіленген уақыттың ішінде картоппен сәбізді ашып, дастарханға қойылатын жемістерді әдемілеп қою керектін. Әрине, бес саусақ бірдей емес оның үстіне қатысушылардың көздерінің мүлдем көрмейтіндігін ескерсек, біреулері тапсырманы аса жылдамдықпен орындаса, ал басқа біреулері уақытын дұрыс пайдалана алмай жатты. Бұл айналымнан байқағанымыз арулардың келін институтына толық дайын екендігін анықтадық. Алла әйелді сұлулық үшін жаратқан деп жатады, келесі айналым осы сөзді толық растайтындай. Қатысушы арулар өздерінің жұртшылыққа көрсеткен сән үлгілерімен және әсемдігімен көзге түсті. Мысалы Сайрам ауданынан келген Умаралиева Мамура жұртшылықты әдемі сәнді стильмен ерекшеленген көйлегімен таң қалдырса, Ермаханова Мадина қазақ қызына тән классикалық стильде нәзіктілігімен инабаттылығын суреттейтін көйлегімен көрінді. Бұл айналым «Сұлулық әлемді құтқарады» деп аталыпты. Меніңше, осы айналымдағы көрсетілген әдемілік пен сәнділік осы арулардың қараңғы өміріне сұлулықтың сәулесін жарық еткендей. Осы айналымнан соң оқырмандар арасында кімге қандай орын бұйырар деген қызу пікірталас туды. Әрине, сөздің соңғы нүктесін әділқазылар төрелігін шешті. Барлық орындарға ақшалай сыйлықтар тағайындалды. І-орынға 10 000 теңге, ІІ - орынға 5000 теңге, ІІІ-орынға 3000 теңге. Сонымен ІІІ-орынды Түлкібас ауданынан келген Амангелді Әсемге бұйырса, ІІ-орынды Сайрам ауданынан келген Умаралиева Мамура алды. Ал І-орын жүлдесі Сарыағаш ауданынан келген Ермаханова Мадинаға бұйырды. Басқа қатысушы аруларда құралақан қалған жоқ. Оларға да ынталандыру конверттерімен алғыс хаттар берілді. Мекемеміз бюджеттік ұйым болғандықтан мұндай іс-шараларға бөлінетін қаржы қарастырылмаған. Сондықтан осы байқауға бас демеуші болған жеке кәсіпкер І-топтағы көз мүгедегі Сыздықов Жұманәлі Мұсаәліұлы және Облыстық кәсіподақ комитеті. Сондықтан осы кісілерге барлық оқырмандардың атынан және ұжымымыздың артынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Әдеттегідей іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері шақырылып «Көктем ару» көрмесі ұйымдастырылды. Сұлулыққа таң қалудан жалықпайық достар!

(ОҚО арнайы кітапханасының тифлобөлімінің меңгерушісі С.Катишев)

 

 

 

 


 
«ЭКСПО тарихы» циклынан: «Индустриялық революцияның жаңа кезеңі» (ЭКСПО 2017 көрмесі аясында)

«ЭКСПО тарихы» циклынан:

«Индустриялық революцияның жаңа кезеңі»

(ЭКСПО 2017 көрмесі аясында)

ҚР президенті әрдайым халыққа Қазақстан өндірісі жаңарту кезеңінен өту керектігін әрдайым айтады. Осы революцияның бірден-бір жолы ол Қазақ мемлекетінің 2017 жылы ЭКСПО көрмесіне құқық алуында. Сондықтан осы тақырыпқа аса мән бере отырып іс-шара өткізуді жөн көрдік. Әдеттегідей оқу залында оқырмандар көп жиналды. Жүргізуші С. Катишев және Н. Тұяқбаева ЭКСПО көрмесінің шығу тарихымен таныстыра бастады. ЭКСПО көрмесінің шығуы 1850 жылы Лондон қаласының Гайд саябағында Джозеф Пакстон Хрусталь шыныдан салынған сарайдан басталады. Сарайдың атын «Хрусталь шыны» деп журналистер атапты. Джозеф Пакстон Ағылшын елінің парламентінің рұқсатымен бір жылдан соң осы сарайда қысқы бақ орналастырады. Одан әрі баяндаушылар осы сарайдың басынан кешкен әртүрлі кезеңдерді суреттеп берді. 1946 жылы бұзылуға сәл-ақ қалған ғимараттарда Джон Бердтің фирмасы орналасты. Ал саябақ ішінде осы фирманың толқын таратын бағаналары орын тепті. Сөзсіз бұл көрме әлемге өз пайдасын келтіріп индустрия қарқынына серпіліс бергені анық. Сондықтан ЭКСПО көрмесінің Париждегі кеңсесі көрме өткізу құқығын көптеген сараптамалардан өткізіп тиісті елге береді. 2009 жылы біздің елімізде осы көрмеге қатысуға бел буып ақыры 2013 жылы тиісті құқықты алды. Қазақстан Республикада Т.Ермегияев басқарған Астана ЭКСПО - 2017 компаниясы құрылды. Жүргізуші ЭКСПО-ның бас концепциясы «Жасыл қуат көзі» екендігін айтып елімізде бірқатар шаралар өткізіліп келе жатқанын тілге тиек етті. Мысалы 2013 жылдың басында Астана қаласында күн сәулесінің қуатын жинайтын батареялар және үй шатырлары шығарыла бастады. Елбасының тапсырмасымен Астана қаласын жасыл белдеумен қоршау немесе био жанар май шығару секілді жұмыстар атқарылып келеді. Баяндама соңында жүргізуші президенттің ЭКСПО көрмесіне аса мән беріп отырғанын айтып өтті. Оқу залында осы тақырыпқа сәйкес көрме ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне ЭКСПО туралы газет беттеріндегі мақалалар қойылды.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )

 

 

 


 


 
«Аққудың қанатында жазылған жыр» (Ақиық ақын М. Мақатаевтың туылған күніне орай)

«Аққудың қанатында жазылған жыр»

(Ақиық ақын М. Мақатаевтың туылған күніне орай)

Ақпан айының 11-ші жұлдызында «Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың» тифлобөлімінде «Тағдырластар» клубы мүшелерінің қатысуымен М.Мақатаевтың туылған күніне орай «Аққудың қанатында жазылған жыр» атты әдеби-сазды кеші өтті. Кешті тифлобөлімнің меңгерушісі Катишев Сәбит Полатұлы өзі ашып берді. Кеште қазақ әдебиетінде ойып алар орны бар, әдебиет атты әлемде қайталанбас із қалдырған ақын ағамыздың өмірбаяны айтылып, көптеген өлеңдері оқылды. Кешті жүргізген «Тағдырластар» клубының мүшелері Ермаханова Мадина мен Бакиев Ербек «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай

Мына жұртым неге жатыр тойламай,

Бір той жасап берер едім өзім-ақ.

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай,

Мына дүние неге жатыр үндемей.

Алаулатып тойдың шамын үрлемей,

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып.

Мынау шапан, мынау атын міндемей» - деген Мұқағалидың өлеңімен бастап кетті. Сондай-ақ кеште ақынның сөзіне жазылған Тайтелиева Ақжүністің орындауында атты әні, Жуашбаева Гулхаяның орындауында “Күрең күзˮ әндері шырқалды. Кітапханының оқырмандары Умаралиева Мамураның оқуында “Жүрегімˮ атты өлеңі және де Тайыров Рүстем “Сағынышˮ атты өлеңін оқып, «Қайран жеңгем» әнін орындады.

Жүргізушілер «Поэзия» жырын оқып Барлыбаев Жомарт «Фариза» әнін орындады. Ермаханова Мадина “Болады деп, армандаˮ атты жырын оқып Әйтек Зауре Дариға “Домбырамды берші мағанˮ әнін орындаса Сейдазимова Дүрияш “Отыздан асып барамынˮ әнін орындады. Ара – арасында ақын жайлы пікірлер оқылды және ақынның өз даусымен оқылған өлеңдері қойылды. Соңында Ермаханова Мадина “Саржайлауˮ әнін орындады. Кітапхана қызметкерлері және кеш қонақтары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Сенім» ерікті студенттер клубының мүшелеріне сөз берілді.

Міне біз бүгін ақын Мұқағалидың шығармалары кез келген аудиторияда өз оқырмандарын таба білетініне тағы да куә болдық.

(ОҚО М. Әуезов атындағы «Мәдениет және Өнер» факультетінің ІV курс студенті Жуашбаева Гүлхая)

 

 

 


 
«Нақышты бояу сырлары» (Суретші Ә.Қастеевтың туғанына 110 жыл)

«Нақышты бояу сырлары»

(Суретші Ә.Қастеевтың туғанына 110 жыл)

2014 жылғы алғашқы іс-шара тақырыбын қазақ қылқалам шебері және сурет өнерінің негізін қалаушысы Ә. Қастеевке арнадық. Көбінесе оқырмандар қауымы көрмейтін немесе нашар көретін азаматтар болса да, оларды бұл тақырып ерекше қызықтырды.

Баяндаушы Н.Тұяқбаева оқырмандарға суретшінің толық өмірбаянымен таныстырып ол кісінің замандастырының естеліктерін оқып шықты. Алғашқы қадамын Ә.Қастеев Алматы қаласында Н.Хлудовтың жетекшілігімен акварель өнерімен танысты. Одан ары Мәскеу қаласында И.Бродскидің шеберханасында білім алды. 30-шы жылдары Ә. Қастеев өз алғашқы жұмыстарын қазақ халқының салт-дәстүрімен әдеп-ғұрыптарына арнап, бірқатар туындылар жазды. Олар «Келін», «Колхоз тойы», «Киіз үйдің ішкі көрінісі». Сондай-ақ баяндаушы суретшінің қаламы тарихи және географиялық тақырыптарды қозғады дей келе отырып Ә. Қастеевтің қазақ ғұламаларына арналған туындыларымен оқырмандарды таныстырып және оқырмандарға сол картиналарды жан-жақты сөзбен жеткізуге тырысты. Олар Аманкелді Иманов, Абай Құнанбаев, Кенесары Қасымұлы, Жамбыл Жабаев, Шоқан Уәлихановқа арналған бірқатар туындылар. Сондай-ақ қылқалам шебері өз туған еліне деген махаббатын қылқалам арқылы жеткізіп отырған. Шебер өз суреттерінде Жетісу табиғатының кереметтерін суреттей отырып, осы тақырыпқа бірқатар картиналарын арнаған. Мысалы жұртшылыққа белгілі «Қыстау» туындысы. Жүргізуші оқырмандарға 2004 жыл «Юнеско»-ның бекітуімен Ә. Қастеев жылы деп бекітілгенін жеткізді. Одан әрі баяндаушы өз сөзінде қылқалам шеберінің мол және бай мұра қалдырғанын айта келе суретшінің отанына арналған жүздеген картиналары бар екендігін айтып өтті. Іс-шара соңында оқырмандармен баяндамада айтылған ақпарат бойынша шағын байқау өткізілді. Осы тақырыпқа арнап оқу залында көрме ұйымдастырылып онда Ә. Қастеевтің туындыларымен және кітаптары қойылды.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет көрсету бөлімі )

 

 

 

 


 
Әдістемелік менеджмент

Кәсіби шеберлік деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында, аудандық арнайы кітапхана филиалдары мен пункттеріне 23 рет, халықаралық және республикалық конференцияларына 3 рет іс-сапарлар болды. 2 облыстық семинар өтті. Ауданаралық «Отбасы тынысы» көз мүгедектері жанұялары арасында іріктеу кезеңі сонымен қатар «сауықтыру айлығына» арналған іс-шараларға қатысу, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Республикалық конференцияға бөлім меңгерушісі Ұ.Тұранбаева 18-19 қыркүйек күндері Тараз қаласында өткен «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» атты Республикалық конференцияға қатысып қайтты. Талқыланған мәселелер: заманауи кітапханалардың тұрақты дамуындағы инновациялардың маңыздылығын негіздеу; қоғамның бүгінгі құрылымындағы кітапхананың орнын анықтау; кітапхана саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табу; республикадағы кітапхана ісін белсенді ету; тәжірибе алмасу; кітапхана жұмысына жаңа идеялар, тың ойлар, жобалар ұсыну.

Халықаралық конференцияға, кітапхана директоры Ғ.Ескендірова 20–28 қыркүйек күндері барып қайтқан Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Социальные проекты новой эпохы: инновации через интеграцию» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қаралған тақырыптар: Социокультурное проектирование: теоритеческие основания для взаимодействия в сфере реабилитации инвалидов; Социокультурное проектирование в контексте Конвенции о правах инвалидов; Социальное партнерство как фактор повышения качества социокультурной реабилитации детей-инвалидов; Универсальный дизайн глазами инвалида; Социальная реабилитация людей с проблемами зрения: американские реалии, проблемы и возможности; Библиотека on-line: новые читатели, новые возможности; Дифференцированное обслуживание пользователей с особенными потребностями; Тактильно-визуальная разметка для людей с ограничениями по зрению из инновационного материала «холодный пластик». Европейский стандарт и российский опыт и.т.

Сонымен қатар, сектор жетекшісі С.Кизбаева 7-8 қараша күндері Ресейдің Тула қаласында өткен «Библиотека и музей: грани сотрудничества в развитии социального туризма в регионе» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға, кәсіби-тәжірибе алмасуға барып қайтты.

Қаралған маңызды тақырыптар:

Обсуждались следующие вопросы:

· теоритические основы социокультурной реабилитации инвалидов;

· проблемы доступности музеев и выставочных документов для лиц с ограниченными возможностями здоровья;

· адаптация внутренних пространств и экспозиций для посещения их лицами с нарушением зрения (взрослых и детей);

· место и роль специальных библиотек для слепых в организации музейных экспозиций доступных для восприятия их инвалидвми по зрению.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 Келесі > Соңы >>

Страница 13 из 15