Абонемент

Абонемент қызметінің бағыттары:

-         Шымкент қаласында тұратын көзі көрмейтін азаматтардың кітапхананы пайдалануын анықтау және кітапханаға тарту.

-         Оқырмандардың құрамын, олардың ақпараттық қажеттіліктерін, мүдделерін және сұраныстарын анықтау.

-         Кітапханаға келу мүмкіндігі жоқ көзі көрмейтін пайдаланушыларға үйде қызмет көрсету.

-         Жаңа түсімдер туралы телефон арқылы хабардар ету.

-         Әдебиеттерге сұраныстар қабылдау.

-         Жаңа әдебиеттерге шолу жүргізу.

-         Дискілерде және «МГФ» кассеталарында үндендірілген БНШ, ЖБШ кітаптарды оқырмандарға ұсыну.

-         Брайль жүйесі бойынша жазылған жүйелі каталогтармен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсыну.

 
Оқу залы

Оқу залының қызметкерлері ақпараттық және

кітапханалық қызмет көрсетеді

Ақпараттық қызметтер:

  1. Пайдаланушылардың кез-келген тақырыптағы немесе мәселелердегі сұраныстарын орындау;
  2. Каталогтар және картатекалар арқылы әдебиеттерді іздеуде көмек көрсету;
  3. Кітапхана қорындағы бар әдебиеттер туралы анықтамаларды орындау;
  4. Кітапхана қорында қажетті әдебиет болмаған жағдайда КАА кітапханашысы арқылы сұраныс беруге көмектесу.

 

Кітапханалық қызмет:

  1. Оқуға басшылық қызмет:
  2. Оқырмандармен жеке жұмыс;
  3. Кітапханашының көпшілікпен жұмыс (ауызша журналдар, әдеби кештер, оқырмандар конференциясы, пікірталастар, сұхбаттар т.с.с.);
  4. Қызығушылықтары бойынша клубтардың және дауыстап оқу үйірмелерінің жұмысын жүргізу.

Оқу залында кітапханалық және ақпараттық қызметттермен қатар

-         кітап көрмелерімен танысуға;

-         жергілікті, республикалық және шетелдік мерзімді басылымдарды оқуға;

-         аудио және бейне материалдарды жеке тыңдауға және көруге мүмкіндік беретін сенсорлық бөлменің қызметін пайдалануға болады.

 

 

 

 

 
Тифлозал
  1. Көзі көрмейтін оқырмандармен жеке жұмыс.
  2. «Тағдырластар» жастармен қарым-қатынас клубы.
  3. Бедерлі-графикалық құралдарды және кіші қалыпты мүсін үлгілерін пайдалану үшін көмек көрсету.
  4. БНШ бойынша әдебиеттерді қазақ және орыс тілдерінде ұсыну (публицистикалық, көркем, мерзімді, ғылыми-танымдық) мәселен: «Сымбат», «Ғажайып әлем», «Спектр», «Удивительное рядом».
  5. МP3 форматында, сондай-ақ компакт кассеталар мен руллондардағы цифрлық жазбада аудиокітаптарды тыңдау мүмкіндігі.
  6. Тифлология картотекасы бойынша көмектесу.
  7. Тифлосекторда және облыстық аурухананың офтальмология бөлімінде, ҚСҚОӨК-да дауыстап оқу үйірмелерін жүргізу.
  8. Көру қабілетінде ауытқулары бар балаларға арналған іс-шаралар өткізу.
  9. Көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған арнайы мектеп оқытушыларына әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді ұсыну.