М.Макатаев

Құрастырушыдан

Оңтүстік Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған  арнайы  кітап-ханасының ақпараттық – библиографиялық бөлімі Қазақ поэзиясының пір тұтар азаматы, аса ірі  ақын Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арнап «Қазақ жырының Хантәңірі» атты библиографиялық көрсеткіш дайындады.

Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде құрастырыл-ған.

Библиографиялық көрсеткіш құрылымы:

─ Мұқағали Мақатаевтың өмірінен

─ Поэзиямен егіз ақын

─ Мұқағали Мақатаев туралы лебіздер

─ М.Мақатаев туралы әдебиеттер және мерзімдік басы-лымдардан алынған мақалалар тізімі

─ Пайдаланылған құжаттар

Көрсеткіш кітапхана мамандарына, филиал кітап-ханашыларына, мұғалімдерге, студенттерге, оқушылар-ға және әдебиеттанушыларға арналған.

Мұқағали Мақатаевтың өмірінен

Қарасаз бұлағының тамшысындай мөлдір, Хантәңірінің шыңындай асқақ жырларымен ел есінде сақталған ұлы ақын тірі болса бұл күндері сексен жасқа келер еді.

Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген болатын.

Ақиық ақын небары қырық бес жас қана жасады. Ол өзі пәни өмірге іңгәләп жылап келсе, бақиға кетерінде жыр сүйген қалың қазақты жылатып кетті. Жыр әлемінің мұзбалағы өмірден өткелі де отыз бес жыл болған екен.

Мұқағали ақын ҚазҰУ –де Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Туған ауылында мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор, Нарынқол аудандық « Советтік шекара» газетінде жауапты хатшы болды. Ең алғашқы өлеңі « Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай» сол аудандық газетте жарияланды.

Мұқаң бұдан кейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде,

«Мәдениет және тұрмыс»  (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағында бөлім кеңесшісі болды. Шығармашылық жұмыспен айналысқан ширек ғасырдай Мұқаңның қаламынан ондаған жыр жинақтары туды.

Оқырмандарға әсіресе «Армысыңдар, дос-тар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір - дастан», «Өмір-өзен», «Соғады жүрек», «Қош, махаббат», «Жырлайды жүрек» сияқты кітаптары кеңінен танымал болды.

 

ПОЭЗИЯМЕН ЕГІЗ АҚЫН

Мұқағали Мақатаев

(1931-1976)

Мұқағали Мақатаев! Қазақ поэзиясының пір тұтар азаматы. Оның жүрек нұрынан туған ойлы, сырлы өлеңдерді кез келген жанның санасына жарық сәуле түсіреді. Оның өлеңдері қаншалықты биік болса, адамзаттың оған деген махаббаты сондай! Көңілің жабырқаған сәттерде Мұқағалиды оқысаң, кірбің шалған көңілің шайдай ашылып сала береді.

Биыл қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді. «Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!»  деп жырлаған ақынның туған күні ескерусіз қалған емес. Жыл сайын ақпанның

9-ыншы жұлдызында Мұқағалидың жырларымен сусындап өскендер ақынның ескерткіші жанында өлең оқып, жырдан шашу шашады. Себебі Мұқағалидың поэзиясы адамның жансарайын жаңғыртып, ой-санасын сәулелендіріп, болмыс-бітімін жаңаша жасандыра, жарқырата түсетін нақты рухани күшке айналып отыр. Ол қай өлеңінде, қай дастанында болсын, ел алдында еркін сөйлеп, емірене еркелеп, тосылмай толғап, жан сырын жайып салатын жомарт ақын.

Қазақ халқы өзінің арман-мақсатын, мұң-қайғысын, үміт-тілегін Мұқағали мұрасы арқылы жалғанның жарығына жария етті. Оның өлеңдеріндегі образ - кілт сөздің қайталанып келуі музыкалық өрнектің де міндетін атқарғанын, кейіннен ақын жырларына жазылған әуен-саздарынан байқалады.

Мұқағали бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ақын. Ақын жүрегін жарып шыққан ойлы жырлар кім-кімнің де көңіл пернесін дөп басып, жанына майдай жағып, сыр бөлісуге шақырып тұруы қандай ғажап десеңші! Мұқағали поэзиясының қайнар көзі шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры замана тынысы, замандастарының арман-аңсары. Осының бәрін Мұқағали нағыз талантқа тән қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, сыршыл да шыншыл сезіммен, поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, мәңгі өлмес өнер деңгейінде туындап отырды. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін жасалған құбылыс емес. Оның адам жанына нұр сыйлаған қанатты поэзиясы қазақ халқының кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түседі. Көзінің тірісінде он бір жинағы жарыққа шығып, халыққа кеңінен мәлім болса да, билік тарапынан лайықты бағасын ала алмаған ақынның өзі дүниеден өткеннен кейін он жеті жинағы жарыққа шыққан екен.

Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, жанының жыршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі – мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Қазақта Абай дара болса, Мұқағали да жалғыз! Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық. Біртуар дара ақын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек.

 

 

М.МАҚАТАЕВ  ТУРАЛЫ ЛЕБІЗДЕР

Әбділдә ТӘЖІБАЕВ:

 

Мұқағали Мақатаев – біздің замандағы ғажайып                     ақындардың бірі.

Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдасада, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.

 

Мұқаметжан ҚАРАТАЕВ:

... Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз...

 

Әбіш КЕКІЛБАЕВ:

Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан шын сағыныштан туған.

 

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ:

Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздар-

дың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың – ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.

 

Қадыр МЫРЗАЛИЕВ:

Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен со-ның талантты тас қалаушыларының бірі едің.

 

Зейнолла СЕРІКҚАЛИЕВ:

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп –қадірлейтін қазынасы.

 

Михаил  КУРГАНЦЕВ:

Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде өте жарқын, күшті де көрнекті жаңа бір дара тұлғалы ақын пайда болған екен-ау деп те айта аламын. Оның творчествосы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани күш – қуат құяды.

 

М.Мақатаев туралы ЖБШ әдебиеттер

 

83.3(5Қаз)    Мәсімхан,Д.

М 36                Сарап: Әдеби зерттеу мақалала-

рының жинағы.- Астана: Елорда,

2001.-240 б.

 

83.3(5Қаз)Қаз     Мұқағали: Естеліктер / Құраст.

М 83           А. Әбдіқалов.-Алматы: Жалын,

1995.-224 б.

 

84(5Қаз)Қаз Мақатаев,М.

М 16             Аманат:Жыр жинағы/Құраст.

А.Алтай.-Алматы:Атамұра,1999.-

304 б.

 

84Қаз7           Мақатаев,М.

М 16                Бәсіре: Өлеңдер, толғаулар,

дастандар.-Алматы: Жалын, 1981.-

144 б.

 

84 Қаз7          Мақатаев, М.

М 16               Жылап қайттым өмірдің базары-

нан:Жыр кітабы / Құраст. Л. Әзім-

жанова.- Алматы: Жалын, 1994.-

256 б.

 

 

84Қаз7             Мақатаев, М.

М 16                  Қош, махаббат: прозалық

шығармалары.-Алматы: Жазушы,

1988.-288 б.

 

84Қаз7             Мақатаев, М.

М 16                  Өлеңдер / Құраст. Ж. Қайрон-

баев.-Алматы:Рауан,1991.-144 б.

 

84(5 Қаз)Қаз   Мұқағали (Мақатаев)

М 16                  Қарасаздан ұшқан қарлығаш:

Өлеңдері мен күнделігі / Құраст.

Л. Әзімжанова.-Алматы: Жалын,

1999.-224 б.

 

 

 

Мерзімдік басылымдарда

жарияланған М. Мақатаев туралы мақалалар тізімі

 

Алтаева, Ү.

Мұқағалидың жыр ғұмыры мәңгілік [Мәтін]

/ Ү.Алтаева // Оңтүстік Қазақстан.-2006.-11ақпан.-Б.4.

 

Асылбек, А.

Ескерткіш [Мәтін] / А. Асылбек // Құқықтық Қазақстан.-2006.-10 ақпан.-Б.3.

 

Әкімханов, М.

Айтып өткен ақында арман бар ма... [Мәтін]

/ М.Әкімханов // Әдебиет айдыны.-2006.-

2 ақпан.-Б.4.

 

Бекей, М.

Жырым менің – жан дауысым... Мұқағали әлемі [Мәтін] / М. Бекей // Шымкент келбеті.-2006.- 8 ақпан.-Б.18-19.

 

Мақатаев, М.

Өмір сүрейік алмасып [Мәтін] : өлеңдер

/ М.Мақатаев // Жас Алаш.-2006.-9 ақпан.-Б.5.

 

Мұқағали – ғасыр ақыны [Мәтін] // Оңтүстік Қазақстан.- 2006.-20 ақпан.- Б. 8.

 

Мұсаев, А.

Мұқағалидың жүрегі мен жаны және құдіреті... [Мәтін] / А. Мұсаев // Оңтүстік Қазақстан.-2006.-25 наурыз.-Б.6.

 

Мұсаев, А.

Мұқағали құдіреті мен әлемі [Мәтін]

/ А. Мұсаев // Ақиқат истина.-2006.-1 мамыр.-Б.4-5.

 

Набиуллин, Ж.

Мұқағалидың қалпағы [Мәтін] / Ж.Набиул-лин // Қазақ әдебиеті.-2006.-3 ақпан- 9 ақпан.-Б.10-11.

 

Садыр,Б.

Қазақ жырының Хантәңірі [Мәтін] / Б.Садыр

// Егемен Қазақстан.- 2006.-20 мамыр.-Б.8.

 

Асқар, О.

Аз да болса саз [Мәтін] / О.Асқар // Жас Алаш.-2007.-15 ақпан.-Б.5.

 

 

Асқар, О.

Мұқағали мәртебесі мәңгілік [Мәтін]

/ О. Асқар // Қазақ әдебиеті.- 2007.-№6.-Б. 11.

 

Әлдибекұлы, Ш.

Болашақ ұрпақтар мен жалғап атын... [Мәтін]

/ Ш. Әлдибекұлы // Президент және халық.-2007.-23 ақпан.-Б.8.

 

Әлдибекұлы, Ш.

Мұқағалидың төрт томдығын парақтағанда... [Мәтін] / Ш.Әлдибекұлы // Қазақ әдебиеті.-2007.-№35.-Б.5.

 

Байтұрсынұлы, Д.

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін... [Мәтін]

/ Д.Байтұрсынұлы // Әдебиет айдыны.-2007.-

8 ақпан.-Б.8.

 

Бекей.М.

Біз білмейтін Мұқағали [Мәтін] / М. Бекей

// Оңтүстік Қазақстан.-2007.-8 ақпан.-Б.2.

 

Бүгін менің туған күнім... [Мәтін] // Заң газеті.-2007.-9 ақпан.-Б.8.

 

Ей, қаламдас бауыр-қарындастарым! [Мәтін]

// Алтын Орда.-2007.-№33.-Б.7.

 

Жәнібекова, Н.

Ақынды білгің келсе егер... [Мәтін]

/ Н. Жәнібекова // Оңтүстік ұстаздары.-2007.-№15.-Б.6.

 

Жәнібекова, Н.

Ақынды білгің келсе егер... [Мәтін]

/ Н. Жәнібекова // Бала тәрбиесі.-2007.-№3.-Б.8-10.

 

Жігітбеков, Д.

Мұқағалиға арнау [Мәтін] / Д. Жігітбеков

// Ұлан.-2007.-№13.-Б.5.

 

Қасымбай, Ж.

Қанатын қара жерге қақтырмаған [Мәтін]

/ Ж.Қасымбай // Ұлаг.-2007.-№7.-Б.4.

 

Қауғабай, О.

Мұқағалидың Димекеңе мұң шағуы [Мәтін]

/ О. Қауғабай // Ақиқат.-2007.-№8.-Б.56-80.

 

 

 

Қонақбаев, Б.

Мұқағалиға [Мәтін] : өлең / Б. Қонақбаев

// Атамекен.-2007.-12 наурыз.-Б. 7.

 

Мұқағали Мақатаев [Мәтін] // Мұқағали.-2007.-№7.-Б.

 

Мұқағали Мақатаев туралы материалдар

[Мәтін] // Мұқағали.-2007.-№6.-Б.4-58.

 

Мыңжасарқызы, Д.

Себемхан Имашева: Мұқағалиды Ақын қылған таршылық [Мәтін] / Д. Мыңжасарқызы

// Түркістан.-2007.-8 ақпан.-Б.7.

 

Нұрқан, Д.

«Өлең деген тулайды қайшылықта» [Мәтін]

/ Д. Нұрқан // Жұлдыз.-2007.-№5.-Б.182-183.

 

Рахым, Е.

Асқар Наймантаев: Мұқағалидың әндерін альбом етіп шығарсақ дейміз [Мәтін] / Е. Рахым

// Жас Алаш.-2007.-23 қаңтар.-Б.5.

 

Серікболсын, Д.

Мұқағали жайлы толғаныс [Мәтін] / Д. Серік-

болсын // Ұлан.-2007.-№36.-Б.2.

Сүттібаева, Г.

Аңызға айналатынын көзі тірісінде сезген [Мәтін] / Г. Сүттібаева // Тылсым дүние.-2007.-№2.-Б.3.

 

Тұрбекова, Ұ.

Поэзияны сұңқар сезім шыңына қондырған ақын [Мәтін] / Ұ. Тұрбекова // Ақиқат.-2007.-№11.-Б.81-84.

 

Ағыбаев, А.

Мұқағалимен кездесіп едім... [Мәтін]

/ А.Ағыбаев // Заң газеті.-2008.-№20.-Б.8.

 

Алматин, М.

Хан тәңірінің мұзбалағы [Мәтін]

/ М. Алматин // Президент және халық.-2008.-№6.-Б.4.

 

Асабаев, З.

Дара мінезді дара ақын немесе Мұқағалидың еркелігі [Мәтін] / З. Асабаев // Парасат.-2008.-№6.-Б.2.

 

Бектасова, Г.

М.Мақатаев: Ақынның ұясы – халық [Мәтін]

/ Г. Бектасова // Түркістан.-2008.-№5.-Б.6.

Бүгін менің туған күнім... [Мәтін] // Алтын Орда.-2008.-№6.-Б.14.

 

Дүйсебаев, М.

Мұқағали [Мәтін]: өлең / М. Дүйсебаев

// Балбөбек.-2008.-№5.-Б. 4.

 

Жайнақова, С.

Қарасаз перзентінің Қарасөзі [Мәтін]

/ С. Жайнақова // Әдебиет айдыны.-2008.-№12.-

Б.4-5.

 

Қожан, А.

Мұқағали күні мереке [Мәтін] / А. Қожан

// Ұлан.-2008.-12ақпан.-Б.2.

 

Мұқағали мен Лашын [Мәтін] // Әдебиет айдыны.-2008.-№6.-Б.6.

 

Сейдахмет, А.

Ғасыр ақыны [Мәтін] / А. Сейдахмет

// Қазақстан мұғалімі.-2008.-№3-4.-Б.8.

 

Тәшенов, Т.

Қазақтың қоңыр дауысы қайда?! [Мәтін]

/ Т.Тәшенов // Айқын.-2008.-№42.-Б.28.

Шатырбаева, С.

XXI- ғасырдың құрдасы [Мәтін] / С.Шатыр-

баева // Ұстаз нұры.-2008.-№3.-Б.2.

 

«Бір өлеңі бір елдің мұрасындай...» [Мәтін]

// Жұрағат.-2009.-№2.-Б.14-15.

 

Қауғабай, О.

Мұқағалидың Мәскеумен қоштасуы [Мәтін]

/ О. Қауғабай // Ақиқат.-2009.-№8.-Б.68-74.

 

Нәріков, А.

Біз көрген Мұқағали [Мәтін] / А.Нәріков

// Алтын Орда.-2009.-№19.-Б.21-23.

 

Әкімханов, М.

Жадымнан өшпес жақсы аға [Мәтін]

/ М. Әкімханов // Мұқағали.-2010.-№12.-Б.46.

 

Әлиханұлы, Ж.

«Райымбек, Райымбек» [Мәтін] / Ж. Әлихан-

ұлы // Жас Алаш.-2010.-16 желтоқсан.-Б.5.

М. Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы туралы.

 

Жарық дүнием сен ғана... [Мәтін] // Оңтүстік Қазақстан.-2010.-№17-18.-Б.10.

 

Күмісбаев, Ө.

Мәскеуге сыймаған Мұқағали [Мәтін] / Ө.Кү-

місбаев // Айғақ.-2010.-№35.-Б.12.

 

Мақұл, А.

Туған жер деп жыр төккен [Мәтін] / А.Мақұл

// Мұқағали.-2010.-№12.-Б.40.

 

Мекебаев, Ш.

Ақын жыры адамға күш береді [Мәтін]

/ Ш. Мекебаев // Мұқағали.-2010.-№12.-Б.37.

 

Нұрбақытұлы, Ө.

Мұқағали атама арнау [Мәтін] : өлең

/ Ө. Нұрбақытұлы // Мұқағали.-2010.-№12.-Б.31.

 

Поэзиямен егіз ақын [Мәтін] // Түркістан.-

2011.-№1.-Б.3.