Қызмет көрсету бөлімі мен тифлология бөлемі

Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі - Абжаппарова Лаззат Акылбайовна

Тифлология бөлімінің бөлім меңгерушісі - Бакиев Ербек Мейрамбаевич

Қызмет көрсету бөлімі мен Тифлология бөлемі – көз мүгедектеріне барлық қажетті ақпараттарды жеткізе отырып, оқырмандармен тікелей байланысты іске асыратын арнайы кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі.

Бөлімдерде бөлімнің қызметі мен міндеттерін біліктілікпен іске асыратын мамандар жұмыс істейді: оқырмандар құрамын қалыптастыру, көзі көрмейтін оқырмандардың құрамын анықта және олардың қызығушылықтарын, сұраныстарын анықтау;

Әдебиеттерді таңдауда көмек көрсету, жаңа ақпараттарды әрбір оқырманға жеткізу кітапхана қоры әмбебап, білімнің барлық салаларындағы әдебиеттер бар. Пайдаланушыларға ақпараттарды жеткізу үшін түрлі тәсілдер қолданылады: сөз, музыка, есту, көру, сезіну арқылы қабылданатын көрнекі және бедерлі-графикалық құралдар.

Қызмет көрсету бөліміне тифлозал, оқу залы, абонемент және дыбысхана жатады. Оқырмандарды кітаптармен қамтамасыз етумен қатар, түрлі тақырыптар мен айдарлар бойынша көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Қазақ және орыс тілдерінде үнемі дауыстап оқу үйірмесі жұмыс істейді.

Абонемент оқырмандарға БНШ және ЖБШ кітаптарды ұсынады. Дыбысхана оқырмандарға дискілердегі және «МГФ» кассеталарындағы үндендірілген кітаптарды береді.

Бөліміндерде тоқсанына 1-2 рет «Сазды қонақжай» клубы жұмыс істейді.

«Жігер»  - «Үміт» мектеп-интернаты балалары үшін апта сайын.

«Талпыныс» - көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін  - аптасына 2 рет.

«Тағдырластар» - жастар клубы – айына 1 рет.