07072021
Іс – шаралар

Шымкент қалалық арнайы кітапханада 2021 жылдың 7 шілде күні сағат 11:00 де «Шабыты ортақ қос талант» атты жазушы Бақтыгүл Ауданова және әнші композитор Арайлым Саттаровамен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты жазушы Б.Ауданованың «Ай толғатып жатқанда», сазгер А.Саттарованың «Ән болып төгіл назды үнім» атты жаңа кітаптарының таныстырылымын жасап зағип және нашар көретін оқырмандарға шығармашыл таланттардың туындыларын дәріптеу болып табылады. Кешті Ербек Бакиев жүргізді. Алғашқы сөз кітапхана директоры Б.Нурманбетовке берілді. А.Саттарова әдемі әннен шашу шашып, Б.Ауданова өз әңгімелерінен үзік сырлар ақтарды. Шығармашыл жандарға түрлі сауалдар жолданды. Кеш қонақтарына Қазақстан авторлар қоғамының төрағасы Байғали Есеналиевтің және жазушы Фатима Жүнісованың арнайы құттықтау бейнеролигі ұсынылды. Кеш соңында оқырмандар қос талантпен естелік суретке түсті.

 
16062021
Іс – шаралар

16 маусым 2021 жылы Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында танымал жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының "Шымкент қаласының тарихы" атты кітабына тұсау кесер кездесу кеші өтті және "Шырайлы Шымкент — шынайы келбет!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 
090621
Іс – шаралар

Шымкент қалалық арнайы кітапханада айтыскер ақын, Республикалық айтыстарда өз өнерін тарту етіп, көрерменнің көңілінен шығып жүрген Маржан Есжанованың 50 жасқа толуына орай «Тәтті өлеңін тарту етер алашқа» атты ақынмен кездесу кеші болып өтті. Кеште Маржан Есжанова айтыстағы қызықты оқиғалармен бөлісіп, өнерін көпшілікке паш етті.

 
010621
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін  азаматтарға арналған арнайы кітапханасы

1 маусым- Халықаралық  балаларды қорғау күніне орай  «Бар жақсылық балаларға» атты  мерекелік іс-шара өтті.

 
250521
Іс – шаралар

Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы «Сіз мектепті сағындыңыз ба?» атты тақырыпта өтті.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 11 из 29

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic