«Ән көңілдің ажары»
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада сауықтыру айлығының кезекті сәрсенбісі 23. 10. 2019 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Ән көңілдің ажары» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Кездесу кеші «Мақтаарал» мәдениет үйі директорының орынбасары, әнші Саруарова Айгүл Бейсебайқызына арналды.

Толығырақ...
 
«Ата заңның айбары асқақтайды»
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың оқу залында 28 тамыз күні кезекті сәрсенбіде 30 тамыз- ҚР-ның Конституция күніне орай «Ата заңның айбары асқақтайды» атты іс-шарасы өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы болып табылады. Конституция елбасының басшылығымен 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық  дауыс беру арқылы қабылданды. Конституция 9 тараудан  98 баптан тұрады. Адам  мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгілейтін құжат. Тәуелсіздігіміздің тірегі, азаматтығымыздың айқын айғағы – Конституция күнімен шын жүректен құттықтап, әндер шырқалды. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...
 
Нұр- Сұлтан - арман қала
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында 6 шілде - Астана күніне арналған «Нұр- Сұлтан - арман қала» атты іс-шара өтті. Келген оқырмандарға Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор екендігі айтылды. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс – бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды.

Толығырақ...
 
«Озық ойлы, шыншыл жан»
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 19-маусым күні «Халықаралық Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің, «Саттар Ерубаев» атындағы сыйлықтың және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері ақын Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Озық ойлы, шыншыл жан» атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті. «Қанат қақты», «Бұлттсыз аспан», «Жұлдызым», «Жан гүлім», «Жан айқайы», «Жыр», «Сыр» т.б. кітаптардың авторы Х.Есенқарақызымен сыр-сұхбат, кездесу кеші жоғары деңгейде өтті. Кешті кітапхана қызметкері, ақын Ербек Бакиев жүргізді. Кеш барысында Хан апамыз кеш жүргізушісі мен оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің әсерлі, тағылымды әңгімелерімен көпшіліктің көңіліне жылулық сыйлады.

 

Толығырақ...
 
«Айлардың сұлтаны Рамазан айы»
Іс – шаралар

22.05.19 ж. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубының кезекті басқосуы қасиетті Рамазан айына арналып «Айлардың сұлтаны Рамазан айы» атты тақырыпта өтті. Аталмыш жиынға «Ислам жолы» мешітінің найбимамы Асқаров Медет, сонымен қатар Сарыағаш медресесінің студенті Оразбаев Акбар келді. Сөз алған М.Асқаров ислам құндылықтары турасында, иманның шарттары жайында, адамзатқа Алладан парыз етілген 5 парызға қатысты, оның ішінде айлардың сұлтаны құлшылық айы Рамазан айы турасында мол ақпараттар беріп, имандылықты дәріптеуде зор сүбелі ойлар айтты.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 20 из 29

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic