Ескірмеген махаббат
Іс – шаралар

12 ақпанда Шымкент қалалық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Қазақстан Республикасының халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты әнші компазитор Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтың 80 жылдығына арналған « Ескірмеген махаббат» атты ән кеші өтті. Кеште компазитордың өмір жолы мен шығармашылық белестері, атақтары жайында кеңінен таныстырылды. Кітапхана қызметкері Мадина Ермаханова және кітапхананың талантты оқырмандары Айнұр Смандайияр, Бақдәулет Құрал, Бердібек Жолдасбеков Ескендір Хасанғалиевтың әндерін нақышына келтіре әуелете шырқады. Кеште талант иесі туралы айтылған материалдар мен өнердегі әріптестерінің жылы сөздері жеткізілген түрлі бейнероликтер көрсетіліп, автордың өз дауысында орындаған әндері тыңдатылды. Аталмыш шарадан оқырмандар ерекше әсер алып ән әлеміне саяхат жасады. Кешті кітапхана қызметкерлері Ербек Бакиев пен Ольга Русинова жүргізіп өнер көрсеткен тамаша өнерпазадрға өз алғыстарын жеткізді.

Толығырақ...
 
24012020
Іс – шаралар

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту ЮНЕСКО көлемінде шешімін тапты.

Толығырақ...
 
17012020
Іс – шаралар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемле¬кеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.

Толығырақ...
 
«Шамшырағым кітапхана»
Іс – шаралар

20.11.2019ж. Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Шамшырағым кітапхана» атты жыр кітабінің тұсаукесер кеші болып өтті. Аталмыш кітап, арнайы кітапхананың 50 жылдығына арналып, зағип және көзі нашар көретін ақынжанды оқырмандардың жүрегінен туған жырлары мен кітапханаға арнаған өлеңдері еніп, «Қызмет» баспасынан жарық көрді. Кешті кітапхана басшысы Бәкір Нұрманбетов ашып жас таланттарға ақ тілегін арнап, шығармашылық шабыт тіледі.

Толығырақ...
 
«Жүректерді тербетеді ән мен жыр»
Іс – шаралар

06.11.2019ж. Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Жүректерді тербетеді ән мен жыр» атты шығармашылық кеш өтті. Кеште әсем әндер мен тәтті жырлар оқырман жүрегіне тарту етілді. Мүгедектерді сауықтыру айлығында өткен іс-шарада Халықтар достығы университетінің бір топ талантты жастары Батырбай Арайлым, Әмзе Камила, Әмзе Нурила, Ақылбекова Арайлым, Ақылбекова Нұрайлым өнер көрсетіп, көрермендерді қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, кітапхана қызметкері Ақберен Жолдасбек әке туралы ән мен өнегелі өлеңін шалқыта орындады. Шығармашылық кешке арнайы кітапхана оқырмандарымен қатар № 8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары қатысты. Кеште кітапхана оқырманы, белсенді азамат Аширов Әсет Назарұлының 63 жасқа толған туған күніне оқырмандар ақ тілек, жылы лебізін жолдады

.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Страница 19 из 29

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет

sound by Jbgmusic