Іс – шаралар
|
13- наурыз күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында Қазақ ССР-нің халық әртісі Ә. Өмірзақованың 100 жылдығына орай «Мені халыққа танытқан кино» атты іс-шара болып өтті.
Қазақ киносының өркендеуіне орасан үлес қосып, кейінгі буынға өлмес мұралар қалдыра білген дара тұлғаның 100 жылдығына арналған шарада Ә. Өмірзақованың айшықты рольдері мен жарқын бейнесі, ерекше даусы мен көрнекті көрінісі жиналған оқырманға экран арқылы екі тілде деректі фильмдер көрсетілді.
|
Іс – шаралар
|
27 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында тарихи сананы жаңғырту мақсатында шежіреші, тарихшы профессор ұлт тарихын зерттеуші биыл мерейлі 60 жасқа толып отырған Момбек Әбдәкімұлымен кездесу кеші өтті. Тарих қойнауынан талай құнды дүниелерді қопарып жарыққа шығарып «Зобалаң», «Дүрбелең», «Сүлеймен қарақшы», «Разборшиктің жан сыры», «Қараман қарақшы», «Түркістан өлкесіндегі ойран», «Күн тұтылған мезгіл», «Құбыжықпен алысқан адам» атты түрлі тарихи романдар мен детективты хикаяттар жазып, оқырманның жүрегінен мол орын алып, көңіліне тағылымды ой сала білген дара тұлғамен тілдесу екі сағатқа созылса да келген көрермен тапжылмай отырып, тыңдап, тарихтан нәр алды. |
Іс – шаралар
|
20 ақпан күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында актер, режиссер, Қазақ ССР-нің халық артисі Ш. Аймановтың 105 жылдығына орай «Таланттар мен табынушылар» атты іс-шара болып өтті.
Шарада Ш.Аймановтың айшықты рольдері мен жарқын бейнесі, ерекше даусы мен көрнекті көрінісі жиналған оқырманға экран арқылы екі тілде деректі фильмдер көрсетілді. Бүгінде Шәкен Айманов атында қазақ киностудиясы жұмыс жасап киномотография саласы дамып келеді. Әлем таныған Аймановтың айқын да асқаралы туындылары талай жүректерден орын алып бүгінге дейін өз көрермендерін жоғалтқан емес.
|
Іс – шаралар
|
2019 жылдың 9 қаңтарда Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында өнер қайраткері Ә. Қастеевтің 115 жылдығына орай «Ұлы суретші дарыны» атты іс-шара өтті. Суретшінің алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке» еңбектерінен бастап «Түрксиб», «Колхоз тойы» туындыларын оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Іс-шараға «Ұлы суретші дарыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрме сөрелеріне ЖБШ, БНШ, «сөйлейтін» кітаптар қойылды. Оқырмандар кітап көрмесімен танысып, суретке түсті
. |
Іс – шаралар
|
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 22 қараша күні сағат 11-00-де Астана қаласының «Қазақ Соқырлар қоғамының» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбаев Алмат Сабитжанұлы қонақта болып кітапхана оқырмандарымен танысып бірқатар сұрақтарына жауап берді. Зағип жандардың мұң-мұқтаждарымен танысып, олардың ұсыныстарын жоғары билік дәрежесінде қарастырамыз деді. Қазақ Соқырлар қоғамдық бірлестіктеріне бөлініп жатқан көптеген құрал жабдықтарды іс жүзінде көріп, оларда жұмыс жасап жатқан зағип жандардың жұмыстарына іске сәт тіледі.
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Келесі > Соңы >>
|
Страница 24 из 32 |