26.01.2023
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы зағип оқырмандарға қазақ тілінде режиссер Қуаныш Бейсековтың «Отыздан асып барамын» атты фильмі көрсетіліп, тифлокомментирование жасалды. Тифлокомментирование – бұл зағип жандарға түсініксіз заттарды, кеңістікті немесе адамдардың іс-әрекеттерін сипаттап, түсіндіруді айтамыз. 90-шы жылдары алған Тәуелсіздігіміздің қал-жағдайын бір ғана фильмнен көрініс табады. Бауырмалдық пен қарым-қатынас және Отан алдындағы әрбір азамат пен азаматшаның негізгі жауапкершілігін жақсы көрсеткен. Ал енді жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз, сол жаңа Қазақстанда жақсылықтар көп болсын, шекарамыз нық, ұрпағымыз аман болсын, еліміз, жұртымыз тыныш, бақытты Ел болайық деп тілейік. Қазақстанымыз көркейе берсін.

 
Әке жолын жалғадым
Іс – шаралар

Әке жолын жалғадым

(жазушы Мұрат Әуезұлы 80 жаста)

Шымкент қалалық арнайы кітапхананың Аудио залында «Әке жолын жалғадым» атты жазушы Мұрат Әуезұлының 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби сазды кеш өтті. Кеште жазушының өмір жолындағы атқарған ерен еңбектері мен шығармашылық жұмыстары, жазған кітаптары оқырманға кеңінен таныстырылды. Айтулы кешке Түркістан қаласынан арнайы филология ғылымдарының докторы сазгер көптеген әндердің авторы соның ішінде ел арасына кеңінен таралған «Ризамын», «Неге-неге», «Жас жұбайлар», «Ауыл жатыр той жасап» атты әндердің авторы Бекжігіт Сердалиев пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері қазақ ұлт өнерін шетелде насихаттап ел мәртебесін асқақтатып жүрген ел ағасы әнші Абылайхан Оспанов қонақ болды. Кеште кітапхана директоры Б.Нұрманбетов сөз сөйлеп жазушының еңбегін айта отырып, А.Оспанов пен Б.Сердалиевке алғысын білдірді. Кеш барысында Мұрат Әуезұлымен болған кездесулер жайында сүбелі ойлар айтылды. Аблайхан Оспановтың орындауында бірнеше әндер шырқалып, көрермендердің көңілі көтерілді. Оқырмандар арасында алдыңғы буын ағалар қадірлі қонақтарға ақ тілегін арнап лебізін жеткізді. Кеш соңында кеш жүргізушісі Ербек Бакиев ағаларға алғыс айтып шапан жауып сый құрмет көрсетті. Көпшілік естелік суретке түсіп, рухани кештен зор әсер алып тарасты.

 

 
22.12.2022 тифлокоментирование
Іс – шаралар

Қарағандыдан келген жас зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың табыс тарихы туралы Фильм Шымкент қалалық арнайы кітапханасында "Тифлокомментация" жобасы аясында көрсетілді. Оқырмандарға әншінің қалай жетістікке жеткені және оның талантымен миллиондаған көрерменді қалай жеңгені туралы бейнефильм ұсынылды.

 

 
Зарета Курмангужинова
Іс – шаралар

Ашық микрофон жобасының кезекті қонағы Курмангужинова Зарета кітапхана жастарына өз өмірінен сыр ақтарып, басынан кешкен қиында қызықты сәттерінен бөлісті. Шымкент қалалық политехникалық колледжінің «ІТ» факультетінің студенттері түрлі сұрақтар қойып, оларға қызықты өз жауаптарын алып, қатты толғаныстан көз жастарына ерік беріп, түрлі әсерге бөленді. Зарета өзінің қайсарлығымен ерік-жігерінің күштілігін көпшілікке көрсете отырып, жастарға мотивациялық екпін берді.  Кеш қонағы әуелете орыс қазақ тілінде ән шырқап, зор қошеметке ие болды. Кеш жүргізушісі Г. Каттабекова кейіпкерге өз алғысын білдіріп, сый-сияпатын тапсырды. Кеш қонағына Шымкент қаласындағы «Абай» кітапханасынан арнайы келген әріптестеріміз өз ізгі тілектерін тарту етіп, кеш қызықты да тартымды өтті.

 
Арнайы кітапханаға саяхат
Іс – шаралар

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Кітапхана» апталығы болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз. «Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі. Ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө­лінуде. Дарынды балалармен жұмыс жасау – уа­қыт талабы. Дәл қазіргі уақытта білімді, алғыр балалардың көптеп шығуына кітапханалардың атқаратын рөлі зор. Модернизациядан өткен жаңа кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен №36 арнаулы лицейінің 4 сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшілерімен кітапханамызға алғаш рет келіп,  жаңартылған әдемі залдармен, бөлімдермен танысты.   Сонымен қатар кітапхана залдарындағы дыбысталған, тактильді, брайльша кітаптармен қоса түрлі кіші қалыпты мүсіндерді өз қолдарымен ұстап көріп, ерекше әсерге бөленген оқушылар қуаныштарында жасырмай, тереңірек танысып, шат шадыман көңіл-күймен тарасты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 8 из 32