Іс – шаралар
Борьба с терроризмом и экстремизмом

7 декабря 2016 года  в читальном зале  Южно-Казахстанской Областной  спецбиблиотеки  для незрячих и слабовидящих граждан в рамках акции «25 звездных дней» к 25-летию Независимости Республики Казахстан  прошло мероприятие «Діни экстремизм және терроризмге қарсы  күрес», посвященное борьбе с терроризмом  и  экстремизмом, протесту против насильственных сил и укреплению мира между всеми странами. На встречу с читателями-инвалидами  по зрению были приглашены  имам мечети « Ислам жолы» - « Путь ислама»  Ыбырайымов Ерсейіт и майор Энбекшинского районного отдела  полиции  Батырханов  Бағлан  Көпжасарұлы. В ходе мероприятия были освящены самые горячие вопросы, касающиеся мира на земле, были даны установки и рекомендации по действиям населения в случае надвигающейся опасности и получена информация по предупреждению актов терроризма. На мероприятии, кроме читателей, также  присутствовали  работники  спецбибиотеки.

 
Курсы повышения квалификации «Білгеніңді шыңдай түс».

26 сентября в ЮКО спецбиблиотеке для незрячих и слабовидящих граждан для библиотекарей филиалов прошли  курсы повышения квалификации  «Білгеніңді шыңдай түс».

На мероприятии было продемонстрировано оборудование для облуживания маломобильных читателей – тифлокомплексы: брайлевский дисплей, читающий сканер, стационарная лупа для увеличения текста, компьютеры со специальной программой и брайлевским принтером.

При показе фильма библиотекари филиалов были теоретически и практически ознакомлены с  термином  «тифлокомментарий».

 
«Білгеніңді шыңдай түс»

Қыркүйек айының 26-і күні  ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада аудандық кітапханашыларға  «Білгеніңді шыңдай түс» атты кезекті кәсіби деңгейді көтеру сабағы өткізілді.

Сабақта қамтылған мәселелер: кішімобилді оқырмандарға қызмет көрсету мүмкіндіктерінің демонстрациясы – тифлокешендер: брайль дисплейі, кітап оқу сканері, мәтінді ұлғайтатын стационарлы лупа, брайль принтері бар әрі арнайы бағдарламамен қамтылған компьютерлер. Есту, сөйлеу қабілеті кем-бағал зағиптар үшін – сөйлеу дағдыларына ықпал ететін кішігірім аудиокласс. Көру қабілетінен айырылғандардың аудиокітаптарды тыңдауына арналған осы замандық МР 3 – плейерлерін тифломагнитофонмен ауыстыру сияқты т.б.

«Тифлотүсіндірме» («тифлокомментарий»)  терминіне тоқталып, тәжірибе түрінде көрсету.

 

 

 
«Тәуелсіздік – жанарымның жарығы»

21 сәуір, сағ. 11.00 Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Тәуелсіздік – жанарымның жарығы» атты мерекелік кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі, дарынды өнерпаз зағип жандардың ҚР Тәуелсіздігін жырлауы, олардың жетістіктерімен  тереңірек таныстыру, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Тақырыпқа сай жазық баспалы, бедерлі-нүктелі және «сөйлейтін» кітаптар және кіші қалыпты мүсіндер қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқандар: шақырылған қонақтар, зағип және әлсіз көретін оқырмандар, «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары және кітапхана қызметкерлері.

Іс-шараға қатысушылар, саны: 71 оқырман

 
Встреча с французким писателем Баширом Керруми

27.04.2016 года  Южно-Казахстанскую библиотеку для незрячих и слабовидящих граждан посетил известный писатель и общественный деятель Башир Керруми (Париж, Франция). Доктор Башир Керруми прибыл по приглашению «Beeline Казахстан» для общения с читателями специальной библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан в рамках республиканского социального благотворительного проекта «Безграничные возможности». К встрече доктора Б.Керруми спецбиблиотека выпустила его труды: аудио-версию его бестселлера «Красная пелена» и брайлевское пособие «Эффективное управление потенциалом работников с ограниченными способностями к труду».

 

 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!»

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы облыстық зағиптар кітапханасында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» тақырыбында

«Онлайн ғаламтор»  арқылы телекөпір өтті. Мақсаты: ұмыт қалған ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау болды. Оңтүстік «Енші беру ата-ананың міндеті» тақырыбын ашқан болса, Орал қаласындағы облыстық зағиптар кітапханасы «Көрісу» дәстүрін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шығып, Оңтүстіктің «Ынтымақ» этноорталығының  әжелер тобы «ауылдың алты ауызы» әндерімен қорытындылады. Іс-шараға қатысқандар: Орал, Шымкент қаласының облыстық арнайы кітапхана ұжымы және оқырмандар болды.

 
«Қош келдің Наурыз» (22-наурыз мейрамы)

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 18 наурыз, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білу.


Көрнекілігі: «Наурыз мейрамы» туралы нақыл, қанатты сөздер,  суреттер көрмесі, кіші қалыпты мүсіндер, ұлттық нақыштағы қол өнерлері.

 

Әз Наурыз қыстан қысылып шығып күн мен түннің теңескен және барлық Шығыс халқы көптен күтетін ұлы мейрам. Сондықтан да біз іс-жоспарымыздың бір күнін осы мерекеге арнауды жөн көрдік. Көбінесе біздің оқырмандарымыз аға-буынды немесе үйінде жұмыссыз отырған зағип жандар. Сондықтан да олар кітапхананың жұмыс күні басталысымен-ақ оқырмандар ағылып келе бастады. Тифлозал көңілді гүбір-гүбірге толып, бірін-бірі сағынысып қалған зағиптар бір-бірімен арқа-жарқа амандасып сөйлесіп жатты. Біз өз жұмысымызда әрқашан жас мамандарды тартып отырамыз. Сондай болашақ маманның бірі М. Әуезов атындағы университеттің түлегі Ябаева Жанарға осы іс-шараны жүргізу тізгінін бердік. Өзінің тартымды қоңыр даусымен Жанар зал аудиториясын бірденнен өзіне тартып алды. Мерекелік сәлемдесуден соң Наурыздың шығу тарихы осы кездегі әзірленетін тағамдарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін айтып өтті. Сахна төріне өзінің ақ батасымен Қыдыр ата шығып жиналған жамағатқа тілегімен аталық өсиетін айтып кетті. Сонан-соң ортаға арнайы кітапхана директоры Б.Нұрманбетов шығып жұртшылыққа ұжымның және әкімшіліктің атынан ақ тілектерін білдірді. Біз оқырманға тосынсый ретінде «Сүйінші» продюссерлік орталығының ұжымын шақырған болатынбыз. Сондықтан жүргізуші одан әрі қарай микрофонды сол орталықтың директоры Сапарбаев Ермахан Тілеулесұлына ұсынды. Өз сөзінде қонақ ұжымдарымен таныстырып, жиналған апалар мен аталарды және қызғалдақтай қыздарды көктем мерекесімен құттықтады. Сахнаға шығып, осы ұжымның әртістері Гүлшат Ахметова және Нүргүл Мырзахметовалар баян мен домбыраны үндестіріп «Тобылғы сай», «Ай, қаракөз», «Көзіңнің мөлдірін-ай» секілді қазақтың халық әндерін әуелетті. Өз кезегінде Ермахан залды әдемі әзіл-әжуа әңгімелерімен езу тартқызып, қазақтың ақиық ақыны                      М. Мақатаевтың «Бақыт деген немене» сияқты өлеңдерін оқып, наурыз кешін керемет туындылармен көмкеріп отырды. Қамкөңіл жандардың арасында кейбіреу көздеріне жас алып жатса, ал кейбіреуі «Жарайсың, жарайсың» деген сөздермен шапалақтарын ұрып отырды. Мереке дәстүрлі Наурыз көжесімен дәм татумен жалғасып, оқырмандарға шағын дастархан жайылды. Дастархан үстінде «Сүйінші» продюссерлік орталығының дайындап әкелген шағын сыйлықтары тарқатылып, осы ұжымға арнап қарияларымыз ризалығын білдіріп жатты. Қаламызда айта кететін жай І-топтағы көз мүгедегі кәсіпкер Сыздықов Жұманәлі бауырымыз әр мереке сайын бізге қолдау көрсетіп отырады. Бұл жолы да Жұмекең құр қол келмепті. Тағдырластарына жайылған дастарханға тәтті тағамдарымен сусындарын қойып, ақ жаулықты аналары мен ағаларына шын жүректен шыққан ақ тілегін білдіріп жатты. Кеш соңында ҚСҚ құрметті мүшесі сексенді алқымдаған Сопбеков Оңалбек ақсақал келген қонақтармен оқырмандарға ақ батасын беріп, «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын» деген тілектерімен барлығы қол жайысып аумин деп жатты. Кеш тартымды, көңілді болып өтті. Іс-шараға «Көктем нұры жүректерді жылытсын» атты көрме ұйымдастырылды.

 
«Салт-дәстүр – асыл қазына» («Әжелер» тобы)

Өткізілген орны: Оқу зал

Өткізілген уақыты: 16 наурыз, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Биылғы  22 - Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, жастарымызға үлгі өнеге ретінде ашылған, «Ынтымақ» этнос аралық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінен «Әжелер» тобын,   облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасына шақыруды жөн көрдік. Мерекелік іс-шара басында кітапхана басшылығы Нурманбетов Бәкір Әбдіұлы оқырмандарды  жыл басы Наурыз мейрамымен құттықтап қарияларымызға жақсы тілектерін жаудырды.Қазақ соқырлар қоғамының басшысы Алтынбеков Нұрғали  да өз кезегінде оқырмандарға жүрегінен шыққан ыстық лебіздерін білдірді. Осыдан 20 жыл бұрын Халықтар Ассамблеясы құрылғанда ашылған «Әжелер» тобының көркемдік жетекшісі Шарапат әжеміз өздерін таныстырып, Т.Молдағалиев ағамыздың әйелдерге арналған жыр шумақтарын тарту етті. Әжелер тобында  ұлы композитор Шәмші ағамыздың кенже қарындасы Райхан апайымыз да бар екен. Әжелеріміз Қазақтың халық әндерінен шырқап оқырмандарымызды бір марқайтып тастады. Неше түрлі ұмыт қалған әндерімізді есітіп  оқырман қауым да бірге шырқап кетті. Ал қазақтың салтымен ауылдың алты ауызын әжелеріміз шырқағанда,кітапханамыздағы ең жасы үлкен оқырманымыз Тауасаров Күмісбек атамыз  ауылдың алты ауызын шырқай жөнелгенде тыңдарман қауым қуанып бірден қоштай жөнелді.. Ал  Созақ ауданының соқырлар қоғамының төрағасы Аққұлиев Төлеген Мәуленқұлұлы әнді тоқтатпастан  кездесуді  одан әрі қызықтырып, қазақ және орыс тіліндегі әндерді шырқай  жөнелді. Керемет дауысы бар оқырман әжеміз Тәуекелова Анаш апайдың дауысына тәнті болған «Әжелер » тобы  апайымызды ортаға алып шығып бірге ән шырқады. Осындай керемет көріністер  «Әу демейтін қазақ жоқ » деген сөзді   тағы да бір растап өтті.

Оқырмандарға арнайы дайындалған Қазақтың дәстүрлі наурыз  көжесі мен бауырсақтарынан барлық қонақтар және тыңдарман қауым  дәм ауыз тиді.

 
«Ел дамуының еңселі бағыты» (ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай)

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 9 наурыз, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Биыл  Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толатындығын, еліміздің қысқа мерзім ішінде әлемдік қоғамдастықта өзіне лайықты орынды иеленгенін атап өту. Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы әңгіме қозғау және халықтардың мәдениеті, тілі және тарихы туралы айтып түсіндіру.

Облыстық арнайы көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында аптаның әр сәрсенбі күндері тәрбиелік мәні бар түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осындай іс-шараның бірі биылғы жылғы аталып өтілетін Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, өткен тарихымыз бен еліміздің саяси ахуалы жөнінде  оқырмандарымызға толық ақпарат беру мақсатында «Ел дамуының еңселі бағыты» атты саясаттанушы зиялылармен кездесу кеші болып өтті.

Кездесуге қаламыздағы Мардан Сапарбаев атындағы институтының лекторы, саясаттанушы, тарихшы Бейсекова Райхан Түзелбайқызы мен  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдіқайымов Ержан Фархатұлы қатысты. Олар Қазақ елінің неше жыл кеңес дәуірінің құрсауында болғанын, түрлі қиын кезеңдерден өтіп, өз алдымызға егемендік алып, Тәуелсіз Республика болып шығуымыздың түрлі бастауларынан бастап, қазіргі кезеңге дейін кең түрде жан-жақты баяндап берді. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтті.

Елімізде алдағы уақытта өткелі жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы айтылды. Елбасының еліміздің дамуына байланысты халыққа жолдаған әр жылдағы жолдауларына тоқталып, оларды  киелі 7 деген санымен байланыстырып, әр жолдаудың 7 бөлімнен тұратындығын айтып өтті. Өзіміздің төл теңгеміздің пайда болуы жөнінде айтылды. Кеңес Одағында ұмыт қалған қазақтың жаңа жылы Ұлыстың ұлы күні 22 - наурыз қайта жаңғырып, атап өтілетін болды. Биыл елімізде алғаш аталып өтілген 1- наурыз Алғыс айту күні де тыс қалмады. Кешегі өткен 8-наурыз Халықаралық әйелдер, аналар мейрамымен барлық аналарымызды құттықтап өтті. Мәңгілік махаббатты шексіз ұрпаққа аманат етіп қалдырған Қозы Көрпеш Баян сұлу күні де жастарға үндеу болып атап өтіліп жатыр.  Оқырмандар өздерінің көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарын қойып оларға толық, маңызды жауап алды. Алдағы келе жатқан 20-наурыздағы сайлауға байланысты сұрақтар да өз орнын тауып жатты. Зиялылардың әңгімесінен оқырмандар, әсіресе зағип жандар үлкен әсермен, шабытпен тарқасты.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 Келесі > Соңы >>

Страница 16 из 18

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

Открытый бюджет